441
Ойыншық түрлері
Ойыншықтар ойынның көп пайдаланылатын түріне қарай
бөлінеді. Бұл бөлініс шартты: әр ойыншық көп қызмет атқарады
және оны әр түрлі ойындарда қоллануға болады. Мысалы, пүліш
қонжық – сюжеттік-рөлдік ойында ол сүйікті ұл бала, ал
театрландырылғанда ол аю Настасья Петровнаға айналып кетеді.
Сюжеттік ойыншықтардың тағы бір атауы бар – образдық
ойыншықтар.Соңғы
атауында
заттардың
прототиптері
(образдары)
ретіндегі мәні ашылып, сол арқылы баланы
тартады. Бұл адамдар мен жануарларды бейнелейтін
қуыршақтар мен кішкентай фигуралар; көлік құралдары
(автокөліктер, пойыздар, ұшақтар, арбалар),
ыдыс-аяқ, жиһаз
және т.б. Осы түрдегі ойыншықтар көптеген жағдайда ойын
сюжетін ашады (осыдан сюжеттік атауы), олардың негізгі
мазмұны осында. Олар шығармашылықты ашады, баланың
дүниетанымын,
оның
әлеуметтік
тәжірибесін
анықтап,
кеңейтеді.
Сюжеттік ойыншықтар арасында ерекше орынға қуыршақ ие.
Ол – сәбидің әртүрлі уайымдауларының көзі.
Қыз баланың
осындай уайымдарының кең диапазонын П.И.Чайковский
«Қуыршақтың ауруы», «Қуыршақты жерлеу», «Жаңа қуыршақ»
(«Балалар альбомы») атты музыкалық пьесаларында көрсетті.
Балалар қуыршақты жандандырады, өз қуаныштары мен
қайғыларын салыстырып көреді, оған қамқорлық етеді.
Қуыршақтар әр түрлі жастағы, түрлі жынысты, кейде әр түрлі
мамандығы бар жәнеұлтқа қатысына қарай да адамдарды
бейнелейді. Бала, әсіресе сәбилерді
бейнелейтін қуыршақтарды
жақсы көреді. Кейінгі онжылдықтарда ересектер өмірінің
«құпиясына» енгізетін қуыршақтар пайда болды (көптеген
вариациядағы Барби қуыршағы және Вероника қуыршағы –
оның ресейлік аналогы). Қуыршақтармен ойнауға арналған
ассортимент те кеңеюде: қуыршақ үйлері, жағдай жасау заттары
және т.б. тағы да пайда болды.
Ойын барысында балалар жануарларды бейнелейтін
ойыншықтарды жиі пайдаланады,
бірақ қуыршақпен әрекет
етуге ұқсас іс-қимылдарды орындайды: торай мектепке «бара
жатыр», көжекті қуыршақ кереуетіне ұйықтауға жатқызады
442
және т.б. Әдетте осындай «адам» рөлдерінде белгілі бір жеке
ерекшеліктерге бөленген, қызықты, жеңіл әзілмен орындалған
ойыншықтар жұмсалады:
сымбатты қара көзді тиін, жүндес
марғау, арам тентек маймыл.
Достарыңызбен бөлісу: