С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Дидактикалық ойындарға педагогикалық



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет255/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Дидактикалық ойындарға педагогикалық
жетекшілік ету 
 
Мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық үрдісінде 
дидактикалық ойын балалардың дербес қызметі ретінде орын 
алып, оған жетекшілік ету сипатын анықтайды. Әр түрлі жас 
ерекшелігі топтарында ойнап жатқан балаларға педагогикалық 
жетекшілік 
етудің 
оларды
ң психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өз өзгешелігі 
бар, бірақта тәрбиеші ескеруі қажет жалпы ережелері де бар. 
Оларды қарастырайық. 
Ойынға жағдай жасау керек: тиісті дидактикалық материал 
мен дидактикалық ойыншықтарды, ойындарды табу қажет. 
Дидактикалық материал мен ойыншықтарды балалар оларды 
еркін пайдалана алуы үшін қалай орналастыру керектігін 
ойластыру; ойынға орын қамтамасыз ету керек. Жылдың жылы 
мезгілінде далаға серуендеуге алып шығуға болатын 
ойыншықтар мен ойынды таңдап алған жөн. Балаларды 
дидактикалық ойыншықтармен, ойындармен ұқыпты жұмыс 
жасауға, әрекет айяқталғаннан кейін оларды мұқият жинауға 
үйрету қажет. Педагогтің ерекше назарын үстел үстіндегі басу 
ойындары аударады, олардан фишкалар, кубиктер, карточкалар 
мен басқа атрибуттер жеңіл дайындалады. 
Балалардың ойын тәжірибесін үнемі дамытып отыру туралы 
қамқорлық ету керек. Бұл үшін дидактикалық ойыншықтармен 


429 
ойын әрекеттерін баламен бірге орындай отырып, оған үйреткен, 
балаларды өзара үйрету жағдаяттарын ұйымдастырған мақсатқа 
сай («Витя, Алешаны үй құрастыруға үйретші!»). Топқа жаңа 
дидактикалық ойындарды ақырындап енгізген, ал оларды игеру 
шамасына қарай күрделендірілген нұсқаларын ендірген дұрыс 
(ойын міндетін өзгерту, жаңа персонаждарды, қосымша 
ережелерді, ойын әрекеттерін қосу,). 
Педагогтың назарында үнемі балаларда дербестілікті, өзін-өзі 
ұйымдастыру дағдыларын, ойынға шығармашылық қарауды 
дамыту міндеттері болуы тиіс. Сәтті, іскер ойын әрекеттерін
рөлді орындауының мәнерлілігін, өзара көмек көрсету, өзара 
жәрдемдесуді мақұлдай отырып, баланың ойынға деген 
қызығушылығын қолдау қажет. Балаларға таныс ойынды 
ұйымдастыра отырып, олардың біреуіне басқаларына ойынның 
міндетін, ережелерін еске салуды ұсынған жөн. 
Дидактикалық ойынның ойын емес, оқу әрекетіне көшу 
формасы ретіндегі өзіндігін ескере отырып, тікелей оқытудан 
қашқақтау қажет. Сонымен, жаңа ойынды түсіндіруді педагог 
ойын образын жасаудан бастайды. Мысалы, «Айболит» ойыны 
бұрын К.Чуковскийдің ертегісін, оның песонаждарын, олардық 
шытырман оқиғаларын, қылықтарын еске түсіруді ұсынады. 
Содан кейін таныс ертегіні ойнауға шақырып, барлық ойын 
бойына ескертулерден, бағалау сөздерінен, соның үстіне 
негативті сипаттағы сөздерден аулақ болып, ойын барысын 
қолдайды. Ойын аяқталғаннан кейін оларға бірге ойнаған қалай 
қызық болғанын атай отырып, жеңілгендерді жігерлендіріп, 
жеңіске жеткендерді атап өтіп, балалардың эмоционалды жай-
күйін көтеру қажет. 
Дидактикалық ойындар сабақтарда және балалардың жеке 
қызметінде пайдаланылады. Оқытудың тиімді құралы бола 
тұрып, олар - сабақтың құрамдас бөлшегі, ал ерте жастағы 
топтарда оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы болуы 
мүмкін.



жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау