ISBN 978-601-333-209-3 (каз)
ISBN 978-5-4468-0528-0
(рус)
© Козлова С.А., Куликова Т.А., 2013
© Козлова С. А., Куликова Т.А., 2015,
өзгерістермен
© «Академия» білім баспа орталығы, 2013
© Ресімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2013
З-15
3
Құрметті оқырман!
Оқу құралы «Мектепке дейін білім беру» мамандығы
бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі болып табылып,
«Мектепке дейін білім берудің теориялық негіздері» атты жалпы
кәсіби пәнді оқыту барысында пайдаланылады (ОП.05).
Жаңа ұрпақтағы оқу-әдістемелік компоненттер жалпыға білім
беретін және жалпы кәсіби пәндер мен кәсіптік модульдерді
оқуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дәстүрлі және
инновациялық оқу материалдарын қамтиды.
Әрбір комплект жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді игеру
үшін қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу және бақылау
құралдарын жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып,
қамтиды.
Оқу басылымдары электрондық білім беру ресурстарымен
толықтырылып отырады. Электрондық ресурстар интерактивті
жаттығулары мен тренажерлеры бар теориялық және
практикалық модульдерді, мультимедиялық объектілерді,
қосымша
материалдар
мен
Интернеттегі
ресурстарға
сілтемелерді қамтиды. Оған терминологиялық сөздік пен
электрондық журнал енгізілген, онда оқу үдерісінің негізгі
параметрлері жазылады: жұмыс уақыты, электрондық және
практикалық
тапсырмалардың
орындалу
нәтижелері.
Электрондық ресурстар оқу үдерісіне жеңіл салынып, түрлі оқу
бағдарламаларына бейімделе алады.
4
Студенттерге жолдау!
Қымбатты достар, болашақ әріптестер! Сіз педагогикалық
мамандықты таңдадыңыз және өз өмірлеріңізді өскелең ұрпақты
тәрбиелеп,
оқытуға
шешім
қабылдадыңыз.
Сіздің
тәрбиеленушілеріңіз біздің қоғамның ең кішкентай мүшелері –
жас және мектепке дейінгі шақтағы балалар болып табылады.
Тәрбиелеу – өте жауапты іс. Бұл, әсіресе, балаларды туған
күнінен бастап, мектепке барғанға дейінгі мерзімде тәрбиелеу
туралы сөз еткенде, екі есе жауапты болып келеді. Сөзімен не
толғантатыны,
қызықтыратыны,
қамқорлық
ететіні,
көңілдентетінін әрдайым түсіндіре алмайтын кішкентай баланы
түсіну үшін, өте көп білу, шеберлік жасау, түсіну, жүрегімен
ұғыну қажет. Сіз үйреніп жатқан мектепке дейінгі педагогика
кішкентай баланы тәрбиелеуде көмегін тигізеді.
Қазіргі педагогика – ауқымды білімге ие ғылым. Олардың ең
қысқа кестемен баяндалуының өзі де колледж студентіне
арналған кітап шеңберіне енгізілуі мүмкін емес. Мұндай міндет
авторлар алдына қойылған да емес.
Біз:
■
осы тамаша ғылымға тартуға;
■
сіздердің алдыларыңызға мектепке дейінгі мекеменің
заманауи педагогін кәсіби даярлау жүйесіндегі оның ерекше
рөлін ашуға;
■
сіздерді педагогикалық білім жүйесіне ендіріп, білім беру
үдерісін құрудағы олардың қолданбалы маңызын көрсетуге;
■
педагогикалық
үдерістердің
теориялық
ұғымдарына
қызығушылық тудыруға;
■
сіздердің
кәсіби қалыптасуларыңызға әсер етуге
тырыстық.
Кез келген ғылыми білім, соның қатарында педагогикалық
та, өзіне белсенді қарым-қатынасты талап етеді. Авторлар
атаулы құралмен мұқият жұмыс жасау осы ғылымның
категорияларын, ұғымдарын, заңдылықтарын түсіндіруге
көмектеседі деп үміттенеді.
5
Қазіргі кәсіптік білім берудің негізі болып өздік жұмыс
табылады. Біздің кітапта көптеген ұсыныстарды таба аласыз.
Сіз балалармен практикалық жұмыс жасауға дайындалып
жатсыз, сондықтан оқу құралында ұсынылған барлық
тапсырмаларды орындау мақсатқа сай. Осы тапсырмалардың
көбісі сізге көмек береді: сіз өз педагогикалық жұмысыңыз бен
жеке басыңыздағы қасиеттерді талдауға үйренесіз, олардан
көптеген жағдайда кәсіби қызметтің нәтижелілігі байланысты
болады.
Сізге әдебиетті де оқуға тура келеді. Кітаптың соңында оның
тізімі беріледі. Аталымдар санының көптігінен қорықпаңыз. Өз
ісінің шебері болғысы келетін адам кәсіби әдебиетті оқудың
еліктіргіш үдерісін сүйе білуі қажет.
Оқу материалын ұғынуға терминдердің сөздігі де көмек
береді. Олар біртіндеп сіздің кәсіби лексикаңызға ене бастайды.
Қосымшада сонымен қатар, маңызды құжат берілген, оны
білмейінше, курсты оқуды да, практикалық қызметті бастауды
да мүмкін емес. Бұл бүкіл әлемде балаға деген, жалпы алғанда,
балалық шаққа деген ізгілік қарым-қатынастың негізі ретінде
қабылданған «Бала құқықтары туралы Конвенция».
Оқу материалының орналасуы жөнінде бірер сөз. Құралдың
құрылымына назар аударыңыз. Ол жеті бөлімнен тұрады, оның
әрқайсысы тарауға бөлінеді (олардың барлығы 29). Кітап
«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінен басталады. Бұл
бөлім тәрбиеге деген жалпы педагогикалық амалдар туралы
түсінік
береді,
білім
беру
жүйесімен
таныстырып,
педагогикалық ғылым, оның қазіргі салаларының әлеміне
ендіреді. Оқулықтың бірінші тарауы – «Педагог: мамандық және
тұлға». Сіздер, әрине, мектепке дейінгі педагогика курсын
оқуды осы тақырыптан неге бастайтынымызды түсінесіздер. Ол
алдағы қызметтің болашағын ашады, студентке өзіне ішкі
жағынан қарауға, таңдаған мамандығына «көнуге», таңдаған
мамандығында табысты қамтамасыз ететін қасиеттер мен
ерекшеліктерді өз-өзіне тәрбиелеу жолдарын анықтауға
мүмкіндік береді.
Осы кітап жас ерекшелігі педагогикасына арналғандықтан,
бірінші бөлімде «ғылыми портреттер», ерте және мектепке
дейінгі жастағы балалардың мінездемелері беріледі. Келесі
6
тараулар мен бөлімдерде осы мінездемелер тереңдетіліп
нақтыланады.
Алайда сіз психология, анатомия мен физиологияны,
жекелеген әдістемелерді оқу барысында игерген бала туралы
білімге сүйенбесеңіз, олар толыққанды болмайды.
Оқулықтың екінші бөлімі – «Балаларды тәрбиелеу мазмұны
мен әдістемесі». Одан сіз тәрбиеге деген жалпы педагогикалық
амалдар мен осы үдерістің мектепке дейінгі балалық шақтың
әртүрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктер туралы біле аласыз.
Өз білімдеріңізді мынадай басқа да пәндерді оқу барысында
толықтыра аласыз: «Ерте және мектепке дейінгі жастағы
балалардың дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік
негіздері», «Балаларға тіл дамыту теориясы мен әдістемесі»,
«Мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынас жасауын
ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері»,
«Математикалық даму теориясы мен әдістемесі», «Музыкалық
білім теориясы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі жастағы
балалардың еңбек жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен
әдістемесі», «Мектепке дейінгі жастағы балалар әрекетінің
өнімді түрлерін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік
негіздері» және т.б.
Оқулықтың «Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды
оқыту» атты үшінші бөлімінде мектепке дейінгі мекемеде оқу
үдерісін құру, оны ұйымдастырудың заманауи түрлері туралы,
педагогикалық тұрғыда мақсатқа сай әдістері мен оны жүзеге
асыру құралдары туралы айтылады. Қосымша практикалық-
бағытталған білімді сіз «Әр түрлі жастағы топтарда оқуды
ұйымдастырудың теориялық негіздері» атты пәнді өту
барысында меңгере аласыз.
Төртінші бөлім баланың алуан түрлі іс-әрекетінің баланың
дамуында атқаратын рөліне арналған. Сіз баланың ең алғашқы
әрекеті қандай болғанын және ол баланың әлеуметтенуінде
қандай мәнге ие екендігі туралы, мектепке дейінгі жастағы
баланың пәндік және еңбек қызметіндегі, оқу әрекетінің енді
қалыптасып келе жатқан алғышарттарындағы даму қалай болып
жатқандығын біле аласыз. Неге қызмет түрлері баланың өміріне
міндетті түрде осы ретпен «енетінін» және ересек адамдар
олардың дамуына қалай ықпал ете алатынын біле аласыз. Іс-
әрекеттің рөлі туралы терең білімді игеруге бала психологиясы
курсын оқу көмектеседі.
7
Бесінші бөлім – «Ойын барысында тәрбиелеу». Бұл
тақырыпқа көшкенде, сізде баланың дамуында ойын рөлінің
ерекше екендігі туралы түсінік қалыптасады. Осы бөлімнің
тарауларындағы оқу материалы ойынның педагогикалық
теориясының негіздерін меңгеруге, ойынның әр түрінің сипатын
ұғынуға, олардың педагогикалық үдерістегі орнын түсінуге
көмектеседі. Осы білім негізінде сізде бала ойындарын
ұйымдастыру, өзініңіздің мұнда қатысу шамаңызды анықтау,
сіздің тәрбиеленушілеріңіздің жеке дамуын қамтамасыз ету
іскерлігі қалыптасуы тиіс.
«Балабақша, отбасы, мектеп» атты алтыншы бөлімде
барлығына ортақ мақсат – жан-жақты дамыған тұлғаны
тәрбиелеуге жетудегі мектепке дейінгі мекеме, отбасы және
мектеп арасындағы өзара байланыс ашылады. Тәрбиелеу
жүйесінің
осы
буындарының
әрқайсысы
тұлғаның
қалыптасуының күрделі үдерісінде ерекше орынға ие. Әр
буынның ерекшелігін түсіну де, өзара байланысты орнатудағы
өзі рөліңіз де өте маңызды.
«Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үдеріс» атты
жетінші бөлім мектепке дейінгі мекемеде білім беру үрдісін
тепе-тең ұйымдастыру мәселесін шешуге көмектеседі.
Ойшыл педагогке жоспарсыз алдына қойған міндеттерді
шешу қиын. Ақылмен жоспарлау кедергі жасамайды, керісінше,
шығармашылыққа, педагогикалық ізденіске көмектеседі. Осы
білімдерді тереңдетуге «Мектепке дейінгі жастағы балалар
тәрбиешісінің әдістемелік жұмысының теориялық және
қолданбалы аспектілері» атты модульді оқу көмектеседі.
Сонымен, сіздердің алдарыңызда оқу құралының алғашқы
беттері ашылды. Егер сіз кітаптың соңғы бетін ашып:
«Педагогика деген қандай қызықты ғылым, әлі де мен қаншама
нәрсені білмеймін! Бірақ мен өз білімімді толықтыруға
талпынамын, себебі мен кішкентай балалардың жақсы
тәрбиешісі болғым келеді!» деп айтсаңыз, онда сіз өз
мақсатыңызға жеттіңіз деп санаймыз.
Сіздерге нағыз педагог болып қалыптасуға көмектесетін
мектепке дейінгі педагогиканы және басқа да оқу пәндерін
игеруде сәттілік тілейміз!
Авторлар оқу құралын жетілдіруге қатысты өз ұсыныстары
мен тілектерін білдіруші барша адамдарға ризашылығын
білдіреді.
|