С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет257/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

(Ушинский К . Д .
Избр. пед. соч. — М., 1954. — Т. 2. — 
С. 477). Жаңа ойыншық баланың жүрегін бірден аулап алмайды. 
Барлығы сәби оны серіктесі ретінде қосқан ойындар, өмірлік 
жағдаяттарға байланысты болады. 
Ойыншық балаға арналған кітаппен қатар – сәбидің өміріне 
енетін алғашқы өнер шығармасы. Жақсы безендірілген 
ойыншық онда эстетикалық уайымдарды оятып, көркем 
талғамын сіңіреді. 
Ойыншықтардың балалардың дамуына үлкен мәні бар екенін 
тани отырып, ересектер оларды таратады: құрады, қолдан 
жасайды, фабрикаларда жасайды, бала өміріне енгізеді. 
Ойыншықтар жалпыадамзат мәдениетінің бөлшегі болды. 
Ойыншықтың тарихы 
Адамзат қоғамында ойыншықтың пайда болуын ғалымдар 
алғашқы қауым адамының еңбек әрекетінің дамуымен 
байланыстырады. Сол ерте замандардан бері ойыншықтар еңбек 
құралдары, қару-жарақ, тұрмыстық заттар түрінде таныс бола 
бастады, олар арқылы балалар көптеген өмірлік маңызды 
әрекеттерді, іс-қимыл жасау тәсілдерін игерді. 
Археологиялық зерттеулер, әдеби көздер Ежелгі дүниенің 
ойыншықтары туралы мәліметтерді осы күнге дейін жеткізді. 
Ежелгі Египетте ойыншықтарды ағаштан, матадан жасады. Үй 
жануарларының кішкентай фигуралары, қуыршақтар, доптар 
сақталып қалды. Ежелгі шеберлер ойыншықты «тірілтуге», 
шынайы затқа тән қимылдарды жеткізуге тырысқан: аузы 
ашылып жатқан ойыншық-қолтырауын, болжап тұрған 
құрбанына тырғаны енгізіп жатқан жолбарыс және т.б. кейбір 
ойыншықтар Ежелгі Египеттің әлеуметтік құрылымы жайында 


434 
түсінік береді: құлдың денесін жазалау немесе жұмыс істеп 
жатқан құл.
Антикалық уақыттарда Грецияда, Римда ойыншықтарды 
тәрбие берудің маңызды құралы деп санады. Піл сүйегі, 
кәріптас, терракотадан жасалған көркем ойыншықтар сақталған 
(қуыршақтар, 
жануарлардың 
кішкентай 
фигуралары). 
Ойыншықтардың қолөнер өндірісі дамыды, олар әр елдерде 
сауда затына айналды. Күшті, иептілікті дамыту үшін доп, 
зырылдауық, серсолар өндірілді. Грек философы Плутархтың 
айтуынша, сол замандағы ойыншықтардың арасында бұрайтын 
мехнизмдері бар ойыншықтар болды, бұл шеберлердің жоғары 
кәсібилігін айтады. 
Шығыс Еуропа аумағында археологтармен табылған ежелгі 
заманғы ойыншықтар б.з.д. ІІ ғ. жатады. Бұл скифтік салт 
аттылар мен саздан жасалған жүк арбалар. Орта Приднепровье 
славян қалашықтарын қазу барысында б.з. ҮІ-ҮІІІ ғғ. Жататын 
сылдырмақтар, балшықтан жасалған кішкентай фигуралар 
табылды. 
Ежелгі орыс ойыншықтарының үлгілері (саздан жасалған 
ысқырықтар, кішкентай үйректер, құстар, қуыршақтар) Радонеж, 
Мәскеу, Коломна қазба жұмыстарын археологиялық зерттеу 
барысында табылды. 
Ортағасырлық ойыншықтар туралы әлемнің көптеген 
елдерінде бар мұражай коллекциялары бойынша айтуға болады. 
Ақсүйектер өкілдері мен олардың балаларына арналған 
ойыншықтар сақталды. Әскери мазмұндағы ойыншықтар көп 
(баланың бойымен бірдей ат, сауыт-сайман, дулыға, қалқан, 
семсерлер). Жағдайы бар үйдің міндетті түрдегі атртибыту 
қуыршақ болды, оған үй берекесін қорғаушысы ретінде 
сиқырлық мән берілді. Сол уақыттардан көбінесе құнды 
металлдар, тастардан әзірленген әшекейлері бар қымбат 
материалдардан дайындалған, толық жабдықталған қуыршақ 
үйлері 
сақталған. 
Қуыршақтардың 
үйлері, 
бұрамалы 
ойыншықтар сияқты, интерьерді безендіру, қонақтардың көңіл-
күйін көтеру үшін пайдаланылған. Осындай ойыншықтарды 
шебер әдетте бір данада ғана жасаған. Олардың көбісі – нағыз 
өнер туындылары. Олар ата-бабалардың құныдылықтары 
сияқты сақталып, мұра етіп қалдырылған. 
Кедейлерге де арналған ойыншықтар болған, бірақ олар 


435 
әзірленген материалы (сабан, ағаштың қабыршығы, саз) мәңгісіз 
болғандықтан, біздің күнімізге дейін жетпеген. 
Русьта 
ойыншықтар 
жоғары 
мәнге 
ие 
болды. 
Ойыншықтармен бірге мұра ретінде шеберлік тараған, олар 
өмірге дайындап, физикалық және рухани дамытқан. 
Халық ойыншықтарының мәні – баланы дамыту, алданту, 
көңілін көтеру, қуантуда. Алғашқы ойыншықтарды бесіктің 
үстіне ілген. Бұл қоңырау, даңғыры бар салпыншақтар, ала 
пұшпақтар, сылдырақтар болған. Ал сосын бала допты, 
садақтарды, зырылдауықтар, қуыршақтарды алған... 
ХІІ ғ. жататын жылнамаларда Новгородтағы ойыншық кәсібі 
туралы алғашқы естеліктер бар. Ойыншық кәсібінің өрістеуі 
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. жатады. Осы кезеңде халықтық ағаш және қыштан 
жасалған ойыншықтар дамуын тапты. Қыш ойыншықтарының 
орталықтары Гдель селосы, Дымков қала жанындағы ауылы, 
Каргополь, Тула және т.б. болды. Ағаш оюлы ойыншығының ірі 
кәсібі Богородское селосы, Троице-Сергиев монастырь 
вотчинасында болды. Ол туралы бірінші еске салулар 1663 ж. 
жатады. Балаларға ат, құс, аюлар және т.б. кішкентай 
фигураларын жасаған. Ресейдегі ойыншық патшалығының 
орталығы ретінде белгілі болған Сергиев Посадында жонғыш 
ағаш безендірілген ойыншықтар, сонымен қатар, папье-машеден 
ойыншықтар әзірледі (аттар, ашық безендірілген үйрек, 
қораздар). Осы жерден матрешка Ресей қалалары мен өлкелеріне 
өз жолын тапты. Бұл ХІХ ғ. 90-шы жылдары еді. Қашап 
жасалған ағаш ойыншықтарымен Городец селосы танымал 
болды (коньки, текелер, бұқалар). 
Ойыншықтардың өнеркәсіптік өндірісі ХІХ ғ. неміс қаласы 
Нюрнбергте басталды. Мұнда 1880 ж. ойыншықтарды жасау 
барысында штамп қоюды бастады, ол жаппай арзан өнімді 
шығаруға мүмкіндік берді. Француз қалалары Страсбург пен 
Лимож ойыншықтарды жасаудың атақты орталықтары бола 
бастады. 
Ойыншықтар адамзат қоғамында болып жатқан өзгерістерге 


436 
«сезімтал» болды. Өнеркісіптің, қозғалыс құралдарының, 
техниканың дамуымен ойыншықтардың мазмұны тұтасымен 
өзгереді, жаңа түрлері пайда болады. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы 
– 
техникалық 
ойыншықтардың 
даму 
кезеңі. 
Көлік 
құралдарының түрлі модельдері пайда болды (автокөліктер, 
пойздар жіне т.б.). осы ойыншықтардың қозғалу механизмдері 
ғылым мен техниканың дамуына байланысты өзгерістер мен 
толықтыруларға ұшырайды. Жақын арада механикалық 
құрылғылармен 
қатар, 
пневматикалық, 
магниттік, 
электрлендірілген ойыншықтар пайда бола бастайды. 
Ф.Фребель заманына бері бала ойыншықтарына арналған 
құрылыс материалдарына аса назар аудара бастады. Олар өте 
көп шығарылды – әртүрлі көлемде, конструкцияларда. 1901 ж. 
Ұлыбританияда алғашқы металл конструкторын жасады. 

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау