С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет212/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Нақты қатынастар
тұлғалық бола тұра, ойын барысында 
ғана емес, сонымен қатар, балабақшадағы баланың барлық өмірі 
барысында қалыптасады. Біреуге таңдау сүйіспеншілігін білдіре 
отырып, сәби онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді; 
әңгімелеседі, ойнайды. Құрдасына деген ұнату, қызығушылық 
күшіне байланысты сәби ойыншығын беруге, өзіне өте 
тартымды емес рөлді алуға қабілетті болады, яғни серіктесімен 
араласу үшін өз қызығушылықтарын құрбан етеді. Ойынға 
қарым-қатынасы даму деңгейі төмен балалар алынбайды 
(нәресте ойынның өз сюжетінде тұрып алады, серіктестерімен 
ұрысады, ойыннан аяқталмас бұрын шығып кетеді). Сөйтіп, 
балаларда шынайы қатынастар негізінде «қоғамдастық» қасиеті 
қалыптасады (немесе қалыптаспайды)(А. П. Усова): ойнап 
жатқан балалар тобына ену қабілеті, онда белгілі тәртіппен 
әрекет ету, серіктестермен байланыс орнату, қоғамдық пікірге 
бағыну. Басқаша айтқанда, «қоғамдастық» қасиеті балаға басқа 
балалармен өзара табысты әрекет етуге мүмкіндік береді. 
Қолайлы жағдайларда балалар қоғамдық тәртіп дағдыларын 
игереді. А. П.Усова ойын арысында құрдастарымен өзара 
қарым-қатынас ортану шеберлігі – қоғамдық тәртіптің бірінші 
мектебі деп әділ атап өтті. Өзара қарым-қатынас жасау негізінде 
қоғамдық сезіну, дағдылар қалыптасады; бірлесіп және мақсатқа 
сай әрекет ету іскерлігі дамиды; мүдделерінің ортақтығы түсінігі 
келеді; өзін-өзі бағалау және өзара бағалау негіздері 
қалыптасады. Ойын әрекетінің жоғары мәні оның балалар 
қоғамының қалыптасуы үшін біршама жоғары мүмкіндіктерді 
меңгеруден тұрады. 
Алайда ересектің көмегінсіз қоғамдық мінез-құлықтың 
қалыптасуы, әсіресе дамуында қиыншылықтары бар балалар 
үшін ұзақ және ауыр болуы мүмкін (ұялшақ, агрессияшыл, 
белсенділігі аз, сөйлеуінде ауытқулар бар және т.б.). балалардың 


341 
мінез-құлығына, олардың бірін-бірімен қарым-қатынасына әсер 
ете отырып, педагог олардың жеке ерекшеліктерін, даму 
тенденцияларын ескеру керек. Бірақ мектеп жасына дейінгі 
балалардың барлығын өзіндігін қамтамасыз ететін тәуелсіз 
болуға, іскерліктерін қалыптастыруға ынталарын әрдайым 
мадақтап отыру керек. 
Балалардың өмірі мен қызметін ұйымдастыратын форма 
ретінде ойынның күн тәртібінде және, жалпы алғанда
пелагогикалық үдерісте өз орны боуы тиіс. Қазіргі таңда 
көптеген мектепке дейініг мекемелерде ойынға, белгілі бір 
сабаққа, дайындықтарға бөлінген уақытты пайдалану үрдісі 
қалыптасып келеді, оның болуы мүмкін емес. Күн тәртібінде 
міндетті түрде бір уақыт болуы керек (таңғы жаттығуға дейін, 
ауа жұту уақытында, түскі ұйқыдан кейін), мұнда балалар 
оларды мазалап, асықтырмайтынын біліп, жайбарақат ойынға 
енуі мүмкін. 
Педагог ойынның түріне балалардың қызығушылығын 
тудырып, белсенділігін көтеру үшін, қандай тәртіп үрдістерін 
енгізуді ойластыруы керек. Мысалы, балаларды «Жаңадан 
келгенді үйретіп көрейік» ойын жағдаятын енгізуге болады, 
мұнда жаңадан келгеннің рөлін қонжық немесе қуыршақ атқара 
алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету, өсімдікке қарау барысында 
балалар оған нені және қалай жасау керектігін көрсетіп
түсіндіреді. Ойын түрінде көптеген сабақтар жүргізіледі (қолдан 
сомдау сабағы «Құмыра шеберханасы» ойыны түрінде 
өткізіледі, дала жануарлары туралы білімін қорытындылау үшін 
– «Хауанатханаға экскурсия» ойын-сабағы), бұл болса, олардың 
тиімділігін көтереді.
Егер ойын рекет етудің белгілі бір түрімен органикалық 
байланыстырылса, оның тәрбиелік-білімділік мүмкіндіктері 
өседі. Ойынды ебекпен, бейнелеу және конструктивтік 
қызметпен байланыстырса, мақсатқа сай болады. Ойын 
барысында жаңа ойыншықты жасау (бинокль, таразы, 
діптерлер), қолда бар атрибуттарды басқаша безендіру 


342 
қажеттілігі туындайды. Тәрбиешінің көмегімен балалар 
ойыншықты жөндей алады (автокөліктің дөңгелегін орнына 
келтіру, қонжықтың алақанын орнына жапсыру).
2-3 жастың өзінде балаларға «ойын шаруашылығында» 
тәртіпті қолдау, «Ойнадың ба – ойыншықтарды орнына 
орналастыр» ережесін сақтауды дағдысын қалыптастырады, 
қуыршақ бұрышында тазалық жүргізу еңбегіне, ойыншықтарды 
жууға тартады. Ересектеу балаларға ойыншықтарға, ойын 
материалдарына жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарау 
дағдысын қалыптастырады. Олар өз бетімен немесе педагогтің 
жанама ұсынысы бойынша үстел ойынына арналған қораптарды 
жөндейді, қуыршақтың киімін жуады, жұмсақ ойыншықтарды 
тазартады. 
Сөйтіп, 
педагог, 
балалардың 
өмірі 
мен 
қызметін 
ұйымдастыра отыра, ойында өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын 
қалыптастырады. 

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау