С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ойын тәрбие беру құралы ретінде



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет210/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Ойын тәрбие беру құралы ретінде
Ойынның педагогикалық теориясында ойынды тәрбие беру 
құралы ретінде қарастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Негізін 
қалаушы болып мектеп жасына дейінгі кезеңде ойын мұнда 
тұлғаның қалыптасатын, оның ішкі мазмұны байитын қызмет 
түрі болып табылады деген ереже саналады. Қиял-ойдың 
әрекетімен байланысты ойынның негізгі мәні балада қоршаған 
шындықтың түрлену қажеттілігі, жаңаны жасауға қабілеті 
дамитындығында. Ол ойын сюжетінде шын және ойдан 
шығарылған құбылыстарды біріктіреді, таныс заттарды жаңа 
құбылыстар және қызметтермен бөлентеді (кресло – ғарыштық 
ракета, пүліш пингвин – қорықпайтын сахатшы). 
Белгілі бір (дәрігердің, цирік әртісінің, жүргізушінің) рөлді 
алып, бала өзіне бөтен тұлғаның мамандығы мен ерекшеліктерін 
ғана көріп қоймайды: ол оған енеді, төселеді, жеке тұлғасын 


336 
байыта, тереңдете отырып,оның сезімі мен көңіл-күйіне кіреді.
Иемденіп алудың кез келген ойынында балаға оң мәні бар 
деп ойлауға болмайды. Қыздар жанұя ойынын ойнап жатыр деп 
елестетейік: Лиза мейірімді, қамқоршы ананы ойнайды, Настя – 
балаларға билікпен команда береді, өзінің күйеуіне айғайлап 
қояды. Егер біз «аналар» ойындарында сезілетін сезімдерді, олар 
жаттығатын қатынас құралдары мен тәсілдерін салыстыратын 
болсақ, осындай ойындар мінездің қалыптасуына, қоршаған 
өмірге қатынасына әртүрлі әсер ететіні белгілі болады. 
Н. К. Крупская қызметтің мазмұнына байланысты ойынның 
баланың дамуына полярлық әсер етуін атап өтті: ойын арқылы 
аңды тәрбиелеуге болады, сондай-ақ, қоғамға қажет тамаша 
адамды да. Көптеген психологиялық және педагогикалық 
зерттеулерде ойын ағымында баланың жан-жақты дамуы болады 
деп дәйекті дәлелденген.
Бір жағынан, ойын – баланың өзіндік әрекеті, басқа жағынан, 
ойын оған бірінші «мектебі», тәрбие беру мен оқытудың құралы 
болуы үшін ересектердің ықпал етуі қажет. Ойынды тәрбие беру 
құралы ету оның мазмұнына әсер ету, балаларды толыққанды 
қатынас жасау тәсілдеріне үйрету дегенді білдіреді.
Тәрбие берудің құралы болып дүние туралы ұғымды 
қалыптастыратын, 
талғамды, 
адамгершілік 
қасиеттерін 
дамытатын ойын да жұмсалады. 
Көптеген зерттеулер ойын тактикалық, педагогикалық 
мақсатқа 
сай 
жетекшілік 
етілген 
жағдайда 
баланың 
дүниетанымын кеңейтуге, танымның образдық формаларын 
дамытуға (образдық ойлау, қиялдау), оның мүдделерін 
нығайтуға, сөйлеуін дамытуға ықпал етеді. 
Ойынның жүріс-тұрыс нормаларын, өзара қарым-қатынас 
ережелерін игеруде маңызы зор. Алайда мұнымен баланың 
адамгершілігін дамыту үшін оның мазмұны таусылмайды. Ойын 
әрекетінің бостандығы мұнда бала, шынайы өмірден гөрі 
жиірек, өзіндік таңдауын жасауы тиіс жағдайға тап болады 
(қалай жасауға болады?). Мысалы, Егор мектеп құрылысына 


337 
арналған панельді апарудан жалығып кетті, ал краншы болу – 
басқа жағдай. Алайда краншы – Алеша, ал егер де ол, Егор, 
ойыннан шықса, ол бұзылады. Не істеуге болады? 
Осындай адамгершілік қайшылықтар ережелері бар 
ойындарда да жиі туындайды: «ұстап алушы» одан қашып бара 
жатқан сашаны түртіп үлгерді, бірақ оны ешкім байқамады. Не 
істеуге болады: жүгіруді жалғастыру керек пе әлде балаларды 
жүргізушімен «лақтырып тасталынған» басқалары да жиналған 
орындыққа отыру қажет пе? 
Ойындарда балалардың шығармашылық қабілеттері дамиды. 
Олар ойды құру, рөлді ойнау, ойынға қажет қолдан жасалған 
ойыншықтарды, костюм элементтерін жасау барысында 
көрінеді. Баланың күнделікті өмірден гөрі ойында сөзі, 
мимикасы, қозғалысы қаншалықты айқынырақ екенін байқайық!
Сөйтіп, ойындардың барлық түрлерінің тәрбие беру 
мүмкіндіктері тым қомақты. Ересектерге оларды ойынның 
өзіндік барысын бұзбай, оның «жанын» ескертумен, нұсқаумен, 
артық ақыл сөзбен, қарапайым байқамай айтылған сөзбен алмай 
жүзеге асыру маңызды.

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау