С. А. Козлова, Т. А. Куликова


  туралы айтады (А.П.Усова).  Ойын аясында қызметтің басқа түрлері (еңбек, оқу)



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет209/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

334 
туралы айтады (А.П.Усова). 
Ойын аясында қызметтің басқа түрлері (еңбек, оқу) 
туындайды және дифференцияланады (бөлінеді). Ойынның 
дамуына қарай бала 
кез келген қызметке тән компоненттерді 
меңгереді: мақсат қоюды, жоспарлауды, нәтижеге қол жеткізуге 
үйренеді. Содан кейін ол бұл дағдыларын басқа қызмет 
түрлеріне, ең алдымен е ң б е к к е қолданады. 
Өз заманында А.С. Макаренко «жақсы ойын жақсы жұмысқа 
ұқсайды» деген пікір айтқан болатын: қол жеткізген мақсат, 
ойлау, шығармашылық қуанышы, қызмет мәдениеті оларды 
жақындастырады. Сонымен бірге А.С. Макаренко сөзі бойынша, 
ойын балаларды еңбек талап ететін жүйкелік-психикалық 
шығындарға дайындайды. Демек, балалар ойында мінез-
құлықтың 
еріктігі 
қалыптасады. 
Ережелерді 
орындау 
қажеттілігіне орай балалар ұйымшыл болады, өзін және өзінің 
мүмкіндіктерін бағалауға үйренеді, ептілікке машықтанады 
және еңбек қызметінің берік дағдыларын қалыптастыруды 
жеңілдететін тағы басқа қасиеттерге ие болады.
Жетекші қызмет бола отырып, 
ойын баланың жаңадан 
қалыптасуына, оның психикалық процестеріне, 
оның ішінде 
қиялдауына
ең үлкен деңгейде әсер етеді.
Ойынның дамуын 
бала 
қ и я л ы н ы ң
ерекшелігімен 
алғаш 
байланыстырғандардың бірі болған К.Д. Ушинский еді. Ол қиял 
бейнелерінің тәрбиелік құндылығына назар аударған: бала 
оларға шын сенеді, сондықтан ойнай отырып, күшті шынайы 
сезімдерді басынан кешіреді. 
Л.С. Выготскийдің атап көрсетуінше, ойынның белгісі 
жалған немесе ойдан шығарылған жағдаяттың бар болуы болып 
табылады. 
Ойында дамитын, онсыз оқу қызметі жүзеге аспайтын 
қиялдаудың басқа маңызды қасиетін көрсеткен В.В. Давыдов 
болды.
Бұл – б і р з а т т ы ң қ ы з м е т і н б а с қ а з а т қ а
к ө ш і р у қасиеті (текше пішінді зат сабын, үтіг, нан, үстел 


335 
үстінде жүретін және гуілдейтін машинка ойыншық болады). 
Бұл қабілеттің арқасында балалар ойында орынбасар заттарды, 
символдық әрекеттерді (ойдан шығарылған шүмектен «қолды 
жуды»)қолданады. Ойында орынбасар-заттарды кең қолдану әрі 
қарай балаға алмастырудың басқа түрлерін, мысалы оқуда қажет 
болатын модельдер, схемалар, символдар және белгілерді 
қолдануына мүмкіндік береді.
Осылайша, ойында қиялдау түпкі ойды анықтауда, сюжетті 
ары қарай дамытуда, рөлдерді ойнауда, заттарды алмастыруда 
көрсетіледі. Қиялдау балаға ойынның шарттарын қабылдауға, 
жалған ситуацияда әрекет етуге көмектеседі. Алайда бала 
ойындағы қиял мен шындықтың арасындағы шекті көре 
алмайды, сондықтан «жорта», «сияқты» «шынында бұлай 
болмайды» деген сөздерге жүгінеді.

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау