ЗАКРЫТЫЙ КЛЮЧ ЭЛЕКТРОННОЙ ЦИФРОВОЙ ПОДПИСИ - последовательность электронных цифровых символов, известная владельцу регистрационного свидетельства и предназначенная для подтверждения подлинности электронной цифровой подписи с использованием средств электронной цифровой подписи (ст. 1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года № 370)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫҢ ЖАБЫҚ КІЛТІ - тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАКУПОЧНЫЕ ОПЕРАЦИИ - мероприятия по закупке государством сельскохозяйственной продукции на внутреннем рынке по фиксированным ценам для его стабилизации и обеспечения экспортных поставок, проводимые по решению Правительства РК (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
САТЫП АЛУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ - мемлекеттің ішкі нарықты тұрақтандыру және экспорттық өнім беруді қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімін ішкі нарықта тіркелген баға бойынша сатып алуы жөнінде ҚР Yкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАЛ ИГРОВЫХ АВТОМАТОВ - игорное заведение, в котором для организации и проведения азартных игр используются только игровые автоматы (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)
|
ОЙЫН АВТОМАТТАРЫ ЗАЛЫ - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАЛОГ - залог состоит в деньгах, вносимых самим подозреваемым, обвиняемым либо другим физическим или юридическим лицом в депозит суда в обеспечение выполнения подозреваемым, обвиняемым обязанностей по явке в органы дознания, следствия или в суд по их вызову. В качестве залога могут быть приняты с разрешения прокурора или суда другие ценности и недвижимое имущество. Доказывание ценности залога возлагается на залогодателя. Сумма залога определяется лицом, избирающим эту меру пресечения, с учетом тяжести обвинения, личности подозреваемого, обвиняемого, имущественного положения залогодателя. Залог не применяется в отношении лиц, обвиняемых в совершении особо тяжких преступлений (ст. 148 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
КЕПІЛ - кепіл сезіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне сезікті, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады. Кепіл ретінде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін. Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын айыптаудың ауырлығын, сезіктінің, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл қабылданбайды (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 148-бап)
|
ЗАЛОГ - способ обеспечения исполнения обязательства, в силу которого кредитор (залогодержатель) имеет право, в случае неисполнения должником обеспеченного залогом обязательства, получить удовлетворение из стоимости заложенного имущества преимущественно перед другими кредиторами лица, которому принадлежит это имущество (залогодатель), за изъятиями, установленными Гражданским кодексом (ст. 299 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
КЕПІЛ - міндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан осы Кодексте белгіленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл деп танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 299-бап)
|
ЗАЛОГ ЗЕМЕЛЬНОГО УЧАСТКА ИЛИ ПРАВА ЗЕМЛЕПОЛЬЗОВАНИЯ - основанный на договоре залога либо на основании законодательных актов РК способ обеспечения исполнения обязательств, в силу которого кредитор (залогодержатель) имеет право в случае неисполнения должником обеспеченного залогом обязательства получить удовлетворение из стоимости заложенного земельного участка или права землепользования преимущественно перед другими кредиторами лица, которому принадлежит этот земельный участок или право землепользования (залогодатель), за изъятиями, установленными Гражданским кодексом РК (ст.12 ЗКРК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН КЕПІЛГЕ САЛУ - міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің кепіл шартына негізделген не ҚР заң актілерінің негізіндегі әдісі, осыған орай кредитордың (кепіл ұстаушының) борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда кепілге салынған жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының құнынан осы жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы тиесілі тұлғаның (кепіл берушінің) басқа кредиторлары алдында қайтарым алуға басым құқығы болады, бұған ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген алып қою жағдайлары қосылмайды (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)
|
ЗАЛОГОВЫЙ КРЕДИТОР - кредитор по обязательствам, требования которого обеспечены залогом имущества должника (ст. 1З РК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67-І)
|
КЕПІЛДІ КРЕДИТОР - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАЛОГОДАТЕЛЬ - лицо, чье недвижимое имущество или доля в нем являются предметом ипотеки (ст. 1 ЗРК «Об ипотеке недвижимого имущества» от 23 декабря 1995 года № 2723)
|
КЕПІЛ БЕРУШІ жылжымайтын мүлкі немесе ондағы үлесі ипотеканың мәні болып табылатын тұлға («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАЛОГОДЕРЖАТЕЛЬ - лицо, чьи интересы по основному обязательству обеспечены ипотекой (ст. 1 ЗРК «Об ипотеке недвижимого имущества» от 23 декабря 1995 года № 2723)
|
КЕПІЛ ҰСТАУШЫ - негізгі міндеттеме бойынша мүдделері ипотекамен қамтамасыз етілген тұлға («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАНЯТОСТЬ - деятельность граждан, связанная с удовлетворением личных потребностей, не противоречащих Конституции, законам и иным нормативным правовым актам РК, и приносящая им заработок или доход (ст. 1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)
|
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ - азаматтардың ҚР Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАПАС ВОЕННООБЯЗАННЫХ (ЗАПАС)- всеннообязанные, состоящие на воинском учете в местных органах военного управления районов (городов областного значения), используемые в целях доукомплектования, развертывания и восполнения потерь Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований (ст. 1 ЗРК «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)
|
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРІНІҢ ЗАПАСЫ (ЗАПАС) - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толықтыра жасақтау, өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын әскери міндеттілер («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАПАСНОЙ СПИСОК КАНДИДАТОВ В ПРИСЯЖНЫЕ ЗАСЕДАТЕЛИ - список кандидатов в присяжные заседатели от числа граждан, постоянно проживающих в областном центре (городе республиканского значения, столице), предназначенный для привлечения кандидатов в присяжные заседатели к процедуре отбора присяжных заседателей после использования ресурсов единого списка кандидатов в присяжные заседатели (ст. 1 ЗРК «О присяжных заседателях» oт 16 января 2006 года № 121)
|
АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ҚОСАЛҚЫ ТІЗІМІ - алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімінің ресурстарын пайдаланғаннан кейін алқабилерді іріктеу рәсіміне алқабиге кандидаттарды тартуға арналған, облыс орталығында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) тұрақты тұратын азаматтар қатарынан алқабиге кандидаттардың тізімі («Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАПАТЕНТОВАННЫЕ ОБЪЕКТЫ ПРОМЫШЛЕННОЙ СОБСТВЕННОСТИ - объекты промышленной собственности, на которые выданы охранные документы (ст. 1 ЗРК «Патентный закон РК» от 16 июля 1999 года № 427-І)
|
ПАТЕНТТЕЛГЕН ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІ - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері («ҚР патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-І ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАПИСЬ - фиксация звуков и (или) изображений с помощью технических средств любыми средствами и в любой форме, позволяющей их неоднократное восприятие, воспроизведение или сообщение (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6-І)
|
ЖАЗУ - дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техникалық құралдардың көмегімен оларды бірнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін кез келген құралмен және кез келген нысанда жазып алу («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)
|
ЗАПРОС - просьба лица о предоставлении информации по интересующим вопросам личного или общественного характера (ст. 1 ЗРК «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» от 12 января 2007 года № 221)
|
САУАЛ - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАРАБОТНАЯ ПЛАТА - вознаграждение за труд в зависимости от квалификации работника, сложности, количества, качества и условий выполняемой работы, а также выплаты компенсационного и стимулирующего характера (ст. 1 Трудового кодеска от 15 мая 2007 года № 251)
|
ЖАЛАҚЫ - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
ЗАРАЗНАЯ ФОРМА ТУБЕРКУЛЕЗА - заболевание представляющее опасность для окружающих в связи с выделением больным во внешнюю среду бактерий туберкулеза (ст. 1 ЗРК «О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза» от 10 декабря 1999 года № 496-І)
|
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЖҰҚПАЛЫ ТҮРІ- ауру адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру («Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 496-І ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАРЕГИСТРИРОВАННОЕ ЛИЦО - лицо, имеющее лицевой счет в системе реестров держателей ценных бумаг или системе учета номинального держания (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ТІРКЕЛГЕН ТҰЛҒА - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстау есебі жүйесінде жеке шоты бар тұлға («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАРЕГИСТРИРОВАННЫЙ ЗАЛОГ - залог движимого имущества, зарегистрированный в порядке, установленном Законом РК «О регистрации залога движимого имущества» (ст. 1 ЗРК «О регистрации залога движимого имущества» от 30 июня 1998 года № 254)
|
ТІРКЕЛГЕН КЕПІЛ - «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» ҚР Заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жылжымалы мүлік кепілі («Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАСЕКРЕЧИВАНИЕ СВЕДЕНИЙ И ИХ НОСИТЕЛЕЙ - совокупность мероприятий по ограничению в интересах обеспечения национальной безопасности государства распространения сведений, составляющих государственные секреты, и доступа к их носителям (ст. 1 ЗРК «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349-І)
|
МӘЛІМЕТТЕРМЕН ОЛАРДЫҢ КӨЗДЕРІН ҚҰПИЯЛАНДЫРУ - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер таратуды және олардың көздеріне рұқсат етуді шектеу жөніндегі шаралардың жиынтығы («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-І ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАСТРАХОВАННЫЙ - лицо, в отношении которого осуществляется страхование (ст. 815 ГК РК от 1 июля 1999 года № 409)
|
САҚТАНДЫРЫЛҒАН АДАМ - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға (1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 ҚР АК 815-бап)
|
ЗАСТРАХОВАННЫЙ - лицо, в отношении которого осуществляется страхование (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами» от 1 июля 2003 года № 444)
|
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға («Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444-І ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАСТРАХОВАННЫЙ - лицо, в отношении которого осуществляется страхование (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев объектов, деятельность которых связана с опасностью причинения вреда третьим лицам» от 7 июля 2004 года № 580)
|
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға («Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАСТРАХОВАННЫЙ - лицо, в отношении которого осуществляется страхование (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» от 1 июля 2003 года № 446)
|
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға («Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАСТРАХОВАННЫЙ - лицо, в отношении которого осуществляется обязательное экологическое страхование (ст. 1 ЗРК «Об обязательном экологическом страховании» от 13 декабря 2005 года № 93)
|
САҚТАНДЫРЫЛУШЫ - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға («Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 93 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАСТРОЙЩИК - юридическое лицо, осуществляющее лицензируемую деятельность по привлечению денег дольщиков для организации строительства жилых зданий на земельных участках, принадлежащих ему на праве собственности или на праве землепользования, предоставленном местным исполнительным органом (ст. 1 «О долевом участии в жилищном строительстве» от 7 июля 2006 года № 180)
|
ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫ - өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлар салуды ұйымдастыру үшін үлескерлердің ақшаларын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАТРАТЫ БЮДЖЕТОВ - бюджетные средства, выделяемые на невозвратной основе (ст. 16 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
БЮДЖЕТТЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 16-бап)
|
ЗАХОРОНЕНИЕ - размещение радиоактивных отходов без намерения их изъятия при условиях, обеспечивающих ядерную и радиационную безопасность (cт. 1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-І)
|
КӨМУ - ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайда радиоактивті қалдықтардың оларды қайта алу ниетінсіз орналастырылуы («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1 бап)
|
ЗАХОРОНЕНИЕ ОТХОДОВ - складирование отходов в местах, специально установленных для их безопасного хранения в течение неограниченного срока (ст.1 ЭКРК от 9 января 2007 года № 212)
|
ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ - қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
ЗАЩИТА - процессуальная деятельность, осуществляемая стороной защиты в целях обеспечения прав и интересов лиц, которые подозреваются в совершении преступления, опровержения или смягчения обвинения, а также реабилитации лиц, неправомерно подвергшихся уголовному преследованию (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ҚОРҒАУ - қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
ЗАЩИТА ЛЕСА - совокупность мероприятий по защите леса от вредителей, болезней и воздействия неблагоприятных факторов антропогенного и природного характера, осуществляемых наземными и авиационными методами (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)
|
ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендік және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерінен қорғау жөніндегі, жер үстінде және авиациялық әдістермен жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығы (2003 жылғы 8 шілде № 477 ҚР ОК 4-бап)
|
ЗАЩИТА ОСОБО ОХРАНЯЕМЫХ ПРИРОДНЫХ ТЕРРИТОРИЙ - комплекс мероприятий, которые могут проводиться на особо охраняемой природной территории для устранения неблагоприятного воздействия вод, защиты растений от вредителей и болезней, регулирования численности животных (cт. 1 3PK «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)
|
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҚОРҒАУ - судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі мүмкін іс-шаралар кешені («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚР3 1-бап)
|
ЗАЩИТА ПРАВ ПАЦИЕНТОВ - комплекс организационных и практических мероприятий, направленных на обеспечение своевременного, качественного и доступного получения пациентами услуг медицинского характера (ст. 1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)
|
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ - пациеттердің медициналық сипатта көрсетілетін қызметтерді уақтылы, сапалы әрі қолжетімді түрде алуын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешені («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 1-бап)
|
ЗАЩИТА РАСТЕНИЙ - сфера деятельности, направленная на разработку и практическое применение методов фитосанитарного мониторинга, фитосанитарных мероприятий с целью предотвращения потерь растениеводческой продукции от вредных и особо опасных вредных организмов (ст. 1 ЗРК «О защите растений» от 3 июля 2002 года № 331)
|
ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер-ден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы («Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАЩИТА ЭЛЕКТРОННЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ РЕСУРСОВ, ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ - комплекс правовых, организационных и технических мероприятий, направленных наих сохранение, предотвращение неправомерного доступа к электронным информационным ресурсам, информационным системам, включая незаконные действия по получению, копированию, распространению, искажению, уничтожению или блокированию информации (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ, АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оны құрсаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ЗАЩИТНИК - лицо, осуществляющее в установленном законом порядке защиту прав и интересов подозреваемых и обвиняемых и оказывающее им юридическую помощь (ст. 70 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ҚОРҒАУШЫ - заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 70-бап)
|
ЗАЩИТНИК - лицо, осуществляющее в установленном законом порядке защиту прав и интересов лица, привлекаемого к административной ответственности, и оказывающее ему юридическую помощь. В качестве защитников допускаются адвокаты, супруг (супруга), близкие родственники или законные представители лица, привлекаемого к административной ответственности, представители профсоюзов и других общественных объединений по делам членов этих объединений. Иностранные адвокаты допускаются к участию в деле в качестве защитников, если это предусмотрено международным договором РК с соответствующим государством на взаимной основе, в порядке, определяемом законодательством (ст. 588 КОАП РК от 30 января 2001 года № 155)
|
ҚОРҒАУШЫ - әкімшілік жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерін заңда белгіленген тәртіппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегін көрсететін адам. Қорғаушы ретінде адвокаттар, әкімшілік жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және қоғамдық бірлестік мүшелерінің істері бойынша осы бірлестіктердің өкілдері жіберіледі. Егер заңда белгіленген тәртіппен өзара қатынас негізінде ҚР тиісті мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдік адвокаттар іске қорғаушы ретінде қатысуға жіберіледі (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБТК 588-бап)
|