Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет41/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124

 

КАБЕЛЬНАЯ КАНАЛИЗАЦИЯ - совокупность подзем-ных трубопроводов и колодцев, предназначенных для прокладки, монтажа и технического обслуживания кабелей связи (cт. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

КӘБІЛДІК КӘРІЗ - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жер асты құбырлары мен құқықтардың жиынтығы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

КАБОТАЖ - перевозка и буксировка в сообщении между морскими портами РК, а также из порта (пункта) погрузки до порта (пункта) разгрузки, находящихся в юрисдикции РК (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

КАБОТАЖ - ҚР теңіз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ ҚР заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзу («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 ҚРЗ 1-бап)

КАДРЫ ВНУТРЕННИХ ВОЙСК - кадры внутренних войск состоят из военнослужащих, служащих и рабочих. Военнослужащие, проходящие воинскую службу во внутренних войсках, имеют воинские звания, знаки отличия и установленную для них форму одежды. На них распространяется действие нормативных актов, регламентирующих условия прохождения службы в Вооруженных Силах РК, и требования общевоинских уставов с учетом изъятий и дополнения, предусмотренных Законом «О внутренних войсках Министерства внутренних дел РК» (ст. 16 ЗРК «О внутренних войсках Министерства внутренних дел РК» от 23 июня 1992 года № 1407)

IШКІ ӘСКЕРЛЕРДІҢ КАДРЛАРЫ - ішкі әскерлердің кадрлары әскери қызметшілерден, қызметшілерден және жұмысшылардан тұрады. Ішкі әскерлерде әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілердің әскери атақтары, айырым белгісі және олар үшін белгіленген киім үлгісі болады, оларға ҚР Қарулы Күштерінде қызмет атқарудың жағдайын регламенттейтін нормативтік актілер және осы заңда көзделген жалпы әскери жарғылардың алынып тасталғандары мен толықтырулары ескерілген талаптары қолданылады («ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы № 1407 ҚРЗ 16-бап)

КАДАСТРОВАЯ (ОЦЕНОЧНАЯ) СТОИМОСТЬ - расчетная стоимость земельного участка, применяемая при продаже государством земельного участка или права аренды на него, определяемая на основе базовых ставок платы за земельные участки, периодически уточняемых согласно данным государственной статистики об общем уровне инфляции и поправочным коэффициентам к ним (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)

КАДАСТРЛЫҚ (БАҒАЛАУ) ҚҰНЫ - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)

КАДАСТРОВЫЙ НОМЕР - индивидуальный, не повторяющийся на территории РК код земельного участка, который присваивается в соответствии с процедурой, установленной законодательством, и сохраняется, пока земельный участок существует как единое целое (ст. 1 УП РК и.с.з. «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25 декабря 1995 года № 2727)

КАДАСТРЛЫҚ НӨМІР - заңдарда белгіленген рәсімге сәйкес берілетін және жер учаскесі бөлінбейтін біртұтас ретінде болғанға дейін сақталатын ҚР аумағындағы жеке, қайталанбайтын жер учаскесінің коды («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 ҚР з.к.б. ПЖ 1-бап)

КАЗАХСТАНСКАЯ ДЕПОЗИТАРНАЯ РАСПИСКА - производная эмиссионная ценная бумага, подтверждающая право собственности на определенное количество эмиссионных ценных бумаг эмитента нерезидента РК, выпущенных в соответствии с законодательством другого государства (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕПОЗИТАРИЙЛІК ҚОЛХАТ - ҚР резиденті емес эмитенттің басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

КАЗАХСТАНСКИЙ ТОВАР - товар, полностью произведенный в РК, переработанный в РК в соответствии с критериями достаточной переработки, выпущенный для свободного обращения на территории РК, обращенный в собственность государства в соответствии с Таможенным кодексом (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАР - толығымен ҚР өндірілген, жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес ҚР қайта өңделген, ҚР аумағында еркін айналыс үшін шығарылған, Кеден кодексіне сәйкес мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 7-бап)

КАЗАХСТАНСКОЕ ЛИЦО - гражданин РК, лицо без гражданства, имеющее постоянное место жительства в РК, индивидуальный предприниматель, зарегистрированный в РК в соответствии с законодательством РК, атакже юридическое лицо, созданное в соответствии с законодательством РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰЛҒА - ҚР азаматы, ҚР тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, ҚР заңдарына сәйкес ҚР тіркелген жеке кәсіпкер, сондай-ақ ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 7-бап)

КАЗАХСТАНСКОЕ СОДЕРЖАНИЕ - процентное содержание ежегодных объемов: задействованных при исполнении контракта казахстанских кадров с разбивкой по категориям персонала с указанием отдельного процентного содержания по каждой категории в соотношении с иностранным персоналом, количество которого должно снижаться по годам по мере реализации обязательных программ обучения и повышения квалификации казахстанских кадров (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАЗМҰН - жыл сайынғы: қазақстандық кадрларды міндетті оқыту бағдарламаларын және олардың біліктілігін арттыруды іске асыру шаралары бойынша жыл сайын саны азаюға тиіс шетелдік қызметкерге шаққандағы арақатынасында әрбір санат бойынша жеке проценттік мазмұнын көрсете отырып, қызметкер санаты бойынша бөліп, келісім-шартты орындаған жағдайда жұмысқа тартылған қазақстандық кадрлардың («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

КАЗАХСТАНСКИЙ ПРОИЗВОДИТЕЛЬ - физические и юридические лица РК, производящие товары, выполняющие работы и оказывающие услуги казахстанского происхождения (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ - Қазақстанда шығатын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін ҚР жеке және заңды тұлғалары («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

КАЗАХСТАНСКОЕ ПРОИСХОЖДЕНИЕ (ТОВАРЫ, РАБОТЫ, УСЛУГИ КАЗАХСТАНСКОГО ПРОИСХОЖДЕНИЯ) - непосредственное производство (выполнение) на территории РК товаров, работ и услуг физическими и (или) юридическими лицами РК (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ (ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒАРЫЛАТЫН ТАУАРЛАР, ЖҰМЫСТАР, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР) - ҚР жеке және (немесе) заңды тұлғаларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ҚР аумағында тікелей өндіруі (орындауы) («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ - предприятие, обладающее государственным имуществом на праве оперативного управления (ст. 104 ГК РК от 27 декабря 1994 года)

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын (1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР АК 104-бап)

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ - предприятие, обладающее государственным имуществом на праве оперативного управления (ст. 31 ЗРК «О государственном предприятии» от 19 июня 1995 года № 2335)

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын («Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 ҚРЗ 31-бап)

КАЗИНО - игорное заведение, в котором для организации и проведения азартных игр используются игровые столы (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

КАЗИНО - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

КАЛИБРОВКА СРЕДСТВА ИЗМЕРЕНИЙ - совокупность операций, устанавливающих соотношение между значением величины, полученным с помощью данного средства измерений, и соответствующим значением величины, определенным с помощью эталона, в целях определения действительных значений метрологических характеристик средства измерений и (или) пригодности к применению средства измерений, не подлежащего государственному метрологическому надзору (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года№ 53)

ӨЛШЕМ ҚҰРАЛЫН КАЛИБРЛЕУ - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусым № 53-II ҚРЗ 1-бап)

КАМЕРАЛЬНЫЙ КОНТРОЛЬ - контроль, осуществляемый непосредственно налоговым органом на основе изучения и анализа представленной налогоплательщиком налоговой отчетности и других документов (ст. 542 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ - салық төлеушілер берген салық есептілігін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы жүзеге асыратын бақылау (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 542-бап)

КАНАЛЫ, ПРИРАВНЕННЫЕ К РЕКАМ - искусственные сооружения, предназначенные для переброски воды из одного бассейна в другой, а также из одной речной системы в другую (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)

ӨЗЕНДЕРГЕ ТЕҢЕСТІРІЛГЕН КАНАЛДАР - суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)

КАНАЛЫ СПЕЦИАЛЬНОЙИ ФЕЛЬДЪЕГЕРСКОЙ СВЯЗИ - совокупность почтовых сетей, подразделений специальной и фельдъегерсқой связи, используемых для пересылки специальных отправлений в сопровождении фельдъегерей (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

АРНАУЛЫ ЖӘНЕ ФЕЛЬДЪЕГЕРЛІК БАЙЛАНЫС АРНАЛАРЫ - арнаулы жөнелтілімдерді фельдъегерлердің алып жүруімен жөнелтуге пайдаланылатын почта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

КАНДИДАТ НАУК - ученая степень, присуждаемая диссертационным советом на основании публичной защиты диссертации соискателем, имеющим квалификацию специалиста с высшим специальным образованием или академическую степень магистра, и утверждаемая государственным органом аттестации РК. Ученая степень кандидата наук присуждается за решение задач, имеющих существенное значение для соответствующей отрасли науки, обеспечивающих решение важных приклад-ных задач науки (ст. 1 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)

ҒЫЛЫМ КАНДИДАТЫ - жоғары арнаулы білімді маман біліктілігіне немесе магистр академиялық дәрежесіне ие ізденушінің көпшілік алдында қорғаған диссертациясы негізінде диссертациялық кеңес беретін және ҚР мемлекеттік аттестаттау органы бекітетін ғылыми дәреже. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі тиісті ғылым саласы үшін елеулі мәні бар, ғылымның маңызды қолданбалы міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін міндеттерді шешкені үшін беріледі («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225-II ҚРЗ 1-бап)

КАНДИДАТ В ПРИСЯЖНЫЕ ЗАСЕДАТЕЛИ - гражданин РК, включенный в списки кандидатов в присяжные заседатели для последующего участия в процедуре отбора присяжных заседателей в соответствии с Уголовно-процессуальным кодексом РК (ст. 1 ЗРК «О присяжных заседателях» от 16 января 2006 года № 121)

АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТ - ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес кейіннен алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізілген ҚР азаматы («Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 ҚРЗ 1-бап)

КАНЦЕЛЯРИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА РЕСПУБЛИКИ - информационно-аналитическое и организационно-правовое обеспечение деятельности Премьер-Министра и Правительства Республики осуществляется канцелярией Премьер-министра Республики (ст. 25 КЗ РК «О Правительстве РК» от 18 декабря 1995 года № 2688)

РЕСПУБЛИКА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢСЕСІ - Республика Премьер-Министрі мен Yкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етуді Республика Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады («ҚР Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 ҚР КЗ 25-бап)

КАПТАЖНОЕ СООРУЖЕНИЕ - инженерно-техническое сооружение, обеспечивающее на естественном выходе подземных вод вскрытие и вывод их на поверхность земли с целью использования (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)

ШЕГЕНДЕУ ҚҰРЫЛЫСЫ - табиғи шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)

КАРАНТИН - правовой режим, предусматривающий систему ветеринарных и административно-хозяйственных мероприятий, направленных на ограничение или прекращение хозяйственных связей и приостановку перемещений подконтрольных государственному ветеринарному надзору грузов между эпизоотическим очагом, неблагополучным пунктом и территорией ветеринарно-санитарного благополучия с целью ликвидации эпизоотического очага и недопущения распространения заболевания (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

КАРАНТИН - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)

КАРАНТИН РАСГЕНИЙ (ФИТОСАНИТАРНАЯ ОХРАНА) - правовой режим, предусматривающий систему государственных мероприятий, направленных на защиту растительных ресурсов Республики и продукции растительного происхождения от завоза и вторжения из других государств, а также из карантинной зоны Республики карантинных объектов, а в случае их распространения на локализацию и ликвидацию очагов их распространения (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344-І)

ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ (ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ) - Республиканың өсімдік ресурстары мен өсімдік текті өнімін карантинді объектілердің басқа мемлекеттерден, сондай-ақ Республиканың карантинді аймағынан әкелінуінен және енуінен қорғауға, ал олар таралған жағдайда - олардың таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І ҚРЗ 1-бап)

КАРАНТИННАЯ ЗОНА - территория, объявленная в установленном порядке под карантином, в связи с выявлением карантинного объекта (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІ АЙМАҚ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызған деп жарияланған аумақ («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І ҚРЗ 1-бап)

КАРАНТИННАЯ МЕРА - процедура, направленная на предотвращение проникновения или распространения карантинных объектов на территории Республики (cт.1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІК ШАРА - Республика аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І ҚРЗ 1-бап)

КАРАНТИННЫЙ ОБЪЕКТ - согласно утвержденному Перечню карантинных видов, вредитель, возбудитель болезни растений или сорняк, который может причинить значительный вред растениям и растительной продукции, отсутствующий или ограниченно распространенный на территории республики (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІ ОБЪЕКТ - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес зиянкес, өсімдіктердің ауруын қоздырғыш немесе өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, республика аумағында жоқ немесе шектеулі таралған арамшөп («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І ҚРЗ 1-бап)

КАРАНТИННЫЙ СЕРТИФИКАТ - документ, удостоверяющий карантинное состояние подкарантинной продукции, предназначенной для внутригосударственных перевозок (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІК СЕРТИФИКАТ - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпан № 344-І ҚРЗ 1-бап)

КАРТ-СЧЕТ - банковский счет, открываемый банком клиенту на основании договора карт-счета для выполнения операций, связанных с: обеспечением наличия денег клиента; принятием (зачислением) денег в пользу клиента; осуществлением клиентом платежей в пользу третьих лиц с использованием платежной карточки в порядке, предусмотренном договором карт-счета; исполнением распоряжения третьих лиц об изъятии денег клиента по основаниям, предусмотренным законодательными актами РК и (или) договором карт-счета; осуществлением приема от клиента наличных денег в порядке, установленном законодательством РК и (или) договором карт-счета; выдачей клиенту наличных денег с использованием платежной карточки; выплатой вознаграждения в размере и порядке, определяемых договором карт-счета; осуществлением иного банковского обслуживания клиента, предусмотренного законодательством РК и (или) договором карт-счета (ст. 6 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)

КАРТ-ШОТ - карт-шот шарты негізінде: клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге; клиенттің пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге); клиенттің карт-шот шартын-да көзделген тәртіппен төлем карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыруына; ҚР заң актілерінде және (немесе) карт-шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындауға; ҚР заңдарында және (немесе) карт-шот шартында белгіленген тәртіппен клиенттен қолма-қол ақша қабыл-дауды жүзеге асыруға; төлем карточкасын пайдалана отырып клиентке қолма-қол ақша беруге; карт-шот шартында айқындалған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге; клиентке ҚР заңдарында және (немесе) карт-шоттың шартында көзделген өзге де банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операцияларды орындау үшін банктің клиентке ашатын шоты («Ақша төлемімен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚРЗ 6-бап)

КАРТОГРАФИЧЕСКАЯ ПРОДУКЦИЯ - полученные в результате картографичесқой деятельности уменьшенные, измеримые и обобщенные изображения на бумажных и магнитных носителях поверхности Земли и небесных тел, построенные по определенным математическим законам и в принятой системе условных знаков (ст. 1 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)

КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӨНІМ - картографиялық қызмет нәтижесінде Жер бетінің және аспан денелерінің белгілі бір математикалық заңдар бойынша және шартты белгілердің қабылданған жүйесінде құрылып, кішірейтілген, өлшенетін және жинақталған, қағазға және магниттік жеткізушіге түсіріп алынған бейнелері («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 1-бап)

КАРТОГРАФИЯ - область отношений, возникающих в процессе научной, техничесқой и производственной деятельности по изучению, созданию и использованию картографических произведений (ст. 1 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)

КАРТОГРАФИЯ - картографиялық туындыларды зерделеу, жасау және пайдалану жөніндегі ғылыми, техникалық және өндірістік қызмет процесінде туындайтын қатынастар саласы («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 1-бап)

КАРТОГРАФО-ГЕОДЕЗИЧЕСКИЙ ФОНД - совокупность материалов и данных, созданных в результате геодезичесқой и картографичесқой деятельности, имеющих общегосударственное, межотраслевое значение и подлежащих длительному хранению в целях их дальнейшего использования (ст. 1 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)

КАРТОГРАФИЯЛЫҚ-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ҚОР - геодезиялық және картографиялық қызмет нәтижесінде жасалған, жалпы мемлекеттік, салааралық маңызы бар және одан әрі пайдалану мақсатында ұзақ сақталуға тиіс материалдар мен деректер жиынтығы («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілде № 332-ІІ ҚРЗ 1-бап)

КАРЦЕР - одиночная камера, предназначенная для содержания лица, совершившего злостное нарушение установленного порядка содержания под стражей (ст. 2 ЗРК «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» от 30 марта 1999 года № 353-І)

КАРЦЕР - күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін қасақана бұзған адамды ұстауға арналған бір адамдық камера («Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібімен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І ҚРЗ 2-бап)

КАССА КАЗИНО ИЛИ ЗАЛА ИГРОВЫХ АВТОМАТОВ - место в игорном заведении, специально оборудованное организатором игорного заведения, где производятся услуги по размену (обмену) наличных денег на легитимационные знаки и легитимационных знаков на наличные деньги (cт. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

КАЗИНОНЫҢ НЕМЕСЕ ОЙЫН АВТОМАТТАРЫ ЗАЛЫНЫҢ КАССАСЫ - ойын мекемесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, қолма-қол ақшаны заңдастырылған белгілерге және заңдастырылған белгілерді қолма-қол ақшаға ұсату (айырбастау) бойынша қызметтер көрсететін ойын мекемесіндегі орын («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау