Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет36/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124

 

ИГОРНОЕ ЗАВЕДЕНИЕ - здание, помещение, сооружение, в котором проводятся на основании лицензии азартные игры и (или) пари, предусматривающие получение выигрыша (cт. 1 3PK «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

ОЙЫН МЕКЕМЕСІ - ұтыс алуды көздейтін, лицензия негізінде құмар ойындар және (немесе) бәс тігу өтетін ғимарат, үй-жай, құрылыс («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

ИГОРНОЕ ОБОРУДОВАНИЕ - устройства или приспообления, предназначенные и используемые для проведения азартных игр и (или) пари (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

ОЙЫН ЖАБДЫҒЫ - құмар ойындар және (немесе) бәс тігу өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

ИГОРНЫЙ БИЗНЕС - предпринимательская деятельность, связанная с организацией и проведением азартных игр и (или) пари (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

ОЙЫН БИЗНЕСІ - құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

ИГРОВОЙ АВТОМАТ - игорное оборудование (механическое, электрическое, электронное или иное техническое оборудование), установленное организатором игорного заведения и используемое (без участия организатора игорного заведения) для проведения азартных игр (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

ОЙЫН АВТОМАТЫ - ойын мекемесін ұйымдастырушы орнатқан және құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын (ойын мекемесін ұйымдастырушының қатысуынсыз) ойын жабдығы (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық) («Ойын бизнес туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

ИГРОВОЙ СТОЛ - игорное оборудование, предназначенное для проведения азартных игр с участием игрока (игроков) и одним представителем казино (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

ОЙЫН ҮСТЕЛІ - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

ИДЕНТИФИКАЦИОННЫЙ НОМЕР - индивидуальный идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер, выраженный в виде последовательности цифровых символов, позволяющих произвести записи о сведениях, относящихся к определенному лицу, в национальных реестрах идентификационных номеров (ст. 1 ЗРК «О национальных реестрах идентификационных номеров» от 12 января 2007 года № 223)

СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтер туралы жазбаны жүргізуге мүмкіндік беретін сандық нышандар кезектілігі түрінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі («Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 ҚРЗ 1-бап)

ИДЕНТИФИКАЦИЯ - процедура, обеспечивающая в сфере производства, обращения (оборота), использования однозначное распознание определенной продукции среди подобной по отличительным признакам (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429-І)

БІРЫҢҒАЙЛАНДЫРУ - өндіріс, айналыс (айналым), пайдалану саласында ерекшелік белгілері ұқсас белгілі бір өнімдерді дәл тануды қамтамасыз ететін рәсім («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап)

ИДЕНТИФИКАЦИЯ - процедура, обеспечивающая в сфере производства, обращения (оборота), использования однозначное распознание определенной продукции среди подобной по отличительным признакам (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота табачных изделий» от 12 июня 2003 года № 439)

БІРДЕЙЛЕНДІРУ - белгілі бір өнімді өндіру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзіне ұқсас өнімнің арасында айырым белгілері бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететін рәсім («Темекі өнімдерінің өндірілуімен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439 ҚРЗ 1-бап)

ИДЕНТИФИКАЦИЯ ПИЩЕВЫХ ПРОДУКТОВ, МАТЕРИАЛОВ И ИЗДЕЛИЙ, КОНТАКТИРУЮЩИХ С ПИЩЕВЫМИ ПРОДУКТАМИ - процедура установления соответствия определенных пищевых продуктов, материалов и изделий требованиям нормативных, технических документов (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)

ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН, ТАМАҚ ӨНІМДЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БІРДЕЙЛЕНДІРУ - белгілі бір тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілейтін рәсім («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап)

ИДЕНТИФИКАЦИЯ ПРОДУКЦИИ УСЛУГИ - процедура, обеспечивающая однозначное распознавание определенной продукции, услуги по отличительным признакам (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

ӨНІМДІ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ БІРДЕЙЛЕНДІРУ - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша бір жақты тануды қамтамасыз ететін рәсім («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

ИДЕНТИЧНЫЕ ТОВАРЫ (РАБОТЫ, УСЛУГИ) - товары (работы, услуги), имеющие одинаковые характерные для них основные признаки: физические характеристики, качество и репутацию на рынке, страну происхождения и производителя (ст. 2 ЗРК «О государственном контроле при применении трансфертных цен» от 5 января 2001 года № 136-II)

БІРДЕЙ ТАУАРЛАР (ЖҰМЫСТАР, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР) - өздеріне тән басты белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы мен рыноктағы өтімі, шығарылған елі және өндірушісі бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) («Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 136-II ҚРЗ 2-бап)

ИЗГОТОВИТЕЛЬ - предприятие, организация, учреждение или гражданин, производящие товар для реализации (ст. 23 КССР «О защите прав потребителей» от 5 июня 1991 года)

ДАЙЫНДАУШЫ - товарды өткізу үшін өндіретін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат («Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 1991 жылғы 5 маусымдағы ҚССРЗ 2-бап)

ИЗГОТОВИТЕЛЬ (ИСПОЛНИТЕЛЬ) - физические или юридические лица, производящие продукцию для последующего отчуждения или собственного потребления в производственных целях, а также выполняющие работы или оказывающие услугу по возмездному и (или) безвозмездному договору (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

ДАЙЫНДАУШЫ (ОРЫНДАУШЫ)- өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап»)

ИЗГОТОВИТЕЛЬ ОРУЖИЯ - организация, имеющая лицензию на разработку, производство, ремонт, реализацию, приобретение оружия (ст. 1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339)

ҚАРУ ЖАСАП ШЫҒАРУШЫ - қаруды әзірлеуге, өндіруге, өткізуге, жөндеуге, сатып алуға лицензиясы бар ұйым («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап)

ИЗГОТОВЛЕНИЕ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - фармацевтическая деятельность, связанная с изготовлением лекарственных форм в аптеках по рецептам врачей, а также приобретением лекарственных субстанций, хранением, контролем качества, оформлением и реализацией изготовленных лекарственных средств (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ - дәрігерлердің рецептілері бойынша дәріханаларда дәрілік түрлерді дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанциялар алумен, дайындалған дәрілік заттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ИЗГОТОВЛЕНИЕ НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ - все процессы, за исключением производства, при помощи которых могут быть получены наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры, а также превращение наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в другие наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ - өндіруді қоспағанда, жүргізілуінің көмегімен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкін барлық процестер, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

ИЗДАТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, осуществляющее материально-техническое обеспечение производства продукции средства массовой информации (ст. 9 ЗРК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года № 451-І)

БАСПАГЕР - бұқаралық ақпарат құралының өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 ҚР3 9-бап)

ИЗДЕЛИЯ МЕДИЦИНСКОГО НАЗНАЧЕНИЯ - изделия и материалы, используемые для проведения профилактических, диагностических и лечебных мероприятий: медицинский инструментарий, стоматологические, расходные, перевязочные и шовные материалы, фиксирующие повязки и приспособления, линзы контактные и для коррекции зрения, диагностические реагенты (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ БҰЙЫМДАР - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігін материалдары, бекітетін таңғыштар мен құралдар, көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзалар, диагностикалық реагенттер («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ИЗМЕРЕНИЕ - нахождение значения физической величины опытным путем с помощью специальных технических средств (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)

ӨЛШЕМ - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)

ИЗОИММУННАЯ ПЛАЗМАДАЧА - плазмадача донорами, у которых выявлены естественные специфические защитные элементы в определенной концентрации и (или) которые подвергнуты воздействию клетками крови (ст. 1 ЗРК «О донорстве крови и ее компонентов» от 28 июня 2005 года № 64)

ИЗОИММУНДЫҚ ПЛАЗМА ТАПСЫРУ - бойында белгілі бір концентрациядағы табиғи өзіндік ерекшелікті қорғаныш элементтері анықталған және (немесе) қан жасушаларының әсері болған донорлардың плазма тапсыруы («Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 64 ҚРЗ 1-бап)

ИЗОЛЯТОР ВРЕМЕННОГО СОДЕРЖАНИЯ - специальное учреждение, предназначенное для содержания под стражей задержанных по подозрению в совершении преступлений (ст. 2 ЗРК «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» от 30 марта 1999 года № 353)

УАҚЫТША ҰСТАУ ИЗОЛЯТОРЫ - қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталғандарды күзетті ұстауға арналған арнаулы мекеме («Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыз № 353-І ҚРЗ 2-бап)

ИЗЪЯТИЕ ОБЪЕКТОВ ЖИВОТНОГО МИРА - извлечение (добывание, отстрел, отлов) из среды обитания животных, обитающих в состоянии естественной свободы,
на основании разрешения на пользование животным миром, за исключением любительского (спортивного)
рыболовства в резервном фонде рыбохозяйственных водоемов (участков) до пяти килограмм на одного рыболова за выезд (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ОБЪЕКТІЛЕРІН АЛЫП ҚОЮ - біржолғы аулау кезінде бір балықшыға балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерінің) резервтік қорында бес килограмға дейін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың негізінде табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарларды мекендеу ортасынан айыру (алу, атып алу, аулау) («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

ИМЕННАЯ ВЕЩЬ - устройство для нанесения на документы и почтовые отправления оттисков с указанием наименования оператора почты, его производственного объекта, а также иной информации, определенной оператором почты (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

АТАУЛЫ ЗАТ - құжаттар мен почта жөнелтімдеріне почта операторының, оның өндірістік объектісінің атауларын, сондай-ақ почта операторы белгілеген өзге де ақпаратты көрсете отырып, бедер түсіруге арналған аспап («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ИМЕННАЯ СТИПЕНДИЯ - учреждаемая физическими или юридическими лицами стипендия для поощрения наиболее способных обучающихся, успешно осваивающих соответствующие образовательные программы, занимающихся научно-исследовательской работой,
принимающих активное участие в общественной, культурной и спортивной жизни учебного заведения (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

АТАУЛЫ СТИПЕНДИЯ - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ИММИГРАНТЫ - иностранцы или лица без гражданства, прибывшие в РК для временного или постоянного проживания (ст. 1 ЗРК «О миграции населения» от 13
декабря 1997 года № 204)

КӨШІП КЕЛУШІЛЕР - ҚР уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)

ИММИГРАЦИОННЫЙ ЗЕМЕЛЬНЫЙ ФОНД - земельные участки, зарезервированные для предоставления репатриантам (оралманам) и входящие в состав специального земельного фонда (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 481)

ИММИГРАЦИЯЛЫҚ ЖЕР ҚОРЫ - оралмандарға беру үшін резервке қалдырылған және арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскелері (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)

ИММИГРАЦИЯ - въезд иностранцев или лиц без гражданства в РК для временного или постоянного проживания (ст. 1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204-І)

КӨШІП КЕЛУ - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың ҚР уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі(«Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)

ИММУННАЯ ПЛАЗМАДАЧА - плазмадача донорами, предварительно подвергнутыми воздействию специфическими веществами в целях получения плазмы целенаправленного действия для лечения отдельных болезней или получения препаратов крови (ст. 1 ЗРК «О донорстве крови и ее компонентов» от 28 июня 2005 года № 64)`

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМА ТАПСЫРУ - жекелеген ауруларды емдеу немесе қан препараттарын алу үшін нысаналы түрде қолданылатын плазма алу мақсатында алдын ала өзіндік ерекшелікті заттардың әсері қолданылған донорлардың плазма тапсыруы («Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 64 ҚРЗ 1-бап)

ИМПЛАНТАЦИЯ ЭМБРИОНА - введение в полость матки оплодотворенной яйцеклетки (ст. 1 ЗРК «О репродуктивных правах граждан и гарантиях их осуществления» от 16 июня 2004 года № 565)

ЭМБРИОНДЫ ИМПЛАНТАЦИЯЛАУ - ұрықтанған аналық ұрық клеткасын жатыр қуысына салу («Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы № 565 ҚРЗ 1-бап)

ИМПОРТ - ввоз продукции натаможенную территорию РК с целью постоянного нахождения или потребления (ст. 1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)

ИМПОРТ - тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен ҚР кеден аумағына өнім әкелу («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9 ҚРЗ 1-бап)

ИМПОРТ ТОВАРА В ПРЕДШЕСТВУЮЩИЙ ПЕРИОД - средняя величина импорта товара за три предшествующих года, в отношении которых имеются статистические данные (ст. 1 ЗРК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» от 28 декабря 1998 года № 337-І)

ТАУАРДЫҢ ОСЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕҢДЕГІ ИМПОРТЫ - тауар импортының осының алдындағы үш жылдағы, оларға қатысты статистикалық деректер бар орташа шамасы («Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-І ҚРЗ 1-бап)

ИМПОРТНАЯ КВОТА - ограничение импорта товара на территорию РК в отношении его количества и (или) стоимости (ст. 1 ЗРК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» от 28 декабря 1998 года № 337-І)

ИМПОРТТЫҚ КВОТА - ҚР аумағына тауар импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу) («Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-І ҚРЗ 1-бап)

ИМПОРТНОЕ КАРАНТИННОЕ РАЗРЕШЕНИЕ - документ, разрешающий ввоз в Республику, а также транзит подкарантинной продукции на условиях, определяемых уполномоченным органом РК (ст. 1 ЗРК «О карантине растений от 11 февраля 1999 года № 344-І)

ИМПОРТТЫҚ КАРАНТИНДІК РҰҚСАТ - ҚР уәкілетті органы белгілейтін шарттарда карантинге жатқызылған өнімді Республикаға әкелуге, сондай-ақ оның транзитіне рұқсат беретін құжат («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-І ҚРЗ 1-бап)

ИМУЩЕСТВЕННЫЙ (ПАЕВОЙ) ВЗНОС - взнос пайщика в паевой фонд сельского потребительского кооператива (ст. 2 ЗРК «О сельской потребительской кооперации в РК» от 21 июля 1999 года № 450-І)

МҮЛІКТІК (ПАЙЛЫҚ) ЖАРНА - селолық тұтыну кооперативінің пай қорына пайшының қосатын жарнасы («ҚР селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450-І ҚРЗ 2-бап)

ИМУЩЕСТВЕННЫЙ (ПАЕВОЙ) ВЗНОС - взнос членов потребительского кооператива в имущественный (паевой) фонд потребительского кооператива деньгами, имуществом или имущественными правами, имеющими денежную оценку (ст.1 ЗРК «О потребительском кооперативе» от 8 мая 2001 года № 197)

МҮЛІКТІК (ПАЙЛЫҚ) ЖАРНА - тұтыну кооперативінің мүліктік (пайлық) қорына тұтыну кооперативі мүшелерінің ақшалай, мүлікпен немесе ақшалай бағасы бар мүлік құқығымен қосатын жарнасы («Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы № 197-II ҚРЗ 1-бап)

ИМУЩЕСТВЕННЫЙ (ПАЕВОЙ) ВЗНОС - взнос члена сельского потребительского кооператива водопользователей в паевой фонд сельского потребительского кооператива водопользователей (ст. 1 ЗРК «О сельском потребительском кооперативе водопользователей» 8 апреля 2003 года № 404)

МҮЛІКТІК (ПАЙЛЫҚ) ЖАРНА - су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі мүшесінің су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативінің пайлық қорына төлейтін жарнасы («Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 404-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ИМУЩЕСТВЕННЫЙ (ПАЕВОЙ) ФОНД - фонд, состоящий из имущественных (паевых) взносов, вносимых членами при создании потребительского кооператива или вступлении в него, и являющийся одним из источников формирования имущества потребительского кооператива (ст. 1 ЗРК «О потребительском кооперативе» от 8 мая 2001 года № 197)

МҮЛІКТІК (ПАЙЛЫҚ) ҚОР - тұтыну кооперативін құру немесе оған кіру кезінде мүшелері енгізетін мүліктік (пайлық) жарналардан тұратын және тұтыну кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздерінің бірі болып табылатын қор («Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы № 197-II ҚРЗ 1-бап)

ИНАЯ СТОИМОСТЬ - иная, кроме рыночной стоимость объекта оценки (ст. 2 ЗРК «Об оценочной деятельности в РК» от 30 ноября 2000 года № 109)

ӨЗГЕ ҚҰН - нарықтық құннан басқа, бағалау объектісінің өзге құны («ҚР бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-II ҚРЗ 2-бап)

ИНВАЗИВНЫЕ МЕТОДЫ ДИАГНОСТИКИ - методы диагностики заболеваний с помощью исследований, осуществляемых путем проникновения во внутреннюю среду организма человека (ст. 1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)

ДИАГНОСТИКАНЫҢ ИНВАЗИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын зерттеудің көмегімен ауруды диагностикалау әдістері («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 ҚРЗ 1-бап)

ИНВАЛИД - лицо, имеющее нарушение здоровья со стойким расстройством функций организма, обусловленное заболеваниями, травмами, их последствиями, дефектами, которое приводит к ограничению жизнедеятельности и необходимости его социальной защиты (cт. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)

МҮГЕДЕК - тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау