Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет35/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124

ЗНАК ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТОЙ ПРОДУКЦИИ - зарегистрированный знак, который подтверждает соответствие маркированной продукции стандартам экологически чистой продукции (ст. 1 ЭК РК от 9января 2007 года № 212)

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ БЕЛГІСІ - таңбаланған өнімнің экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ЗНАЧИТЕЛЬНОЕ УЧАСТИЕ В КАПИТАЛЕ - владение прямо или косвенно, самостоятельно или совместно с одним или несколькими лицами двадцатью и более процентами голосующих акций (долей участия в уставном капитале) либо наличие возможности голосовать двадцатью и более процентами акций (ст. 2 ЗРК «О банках и банковской деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)

КАПИТАЛҒА ҚОМАҚТЫ ҚАТЫСУ - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы («ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚРЗ 2-бап)

ЗНАЧИТЕЛЬНОЕ УЧАСТИЕ В КАПИТАЛЕ - владение прямо или косвенно, самостоятельно или совместно с одним или несколькими лицами двадцатью и более процентами голосующих акций (долей участия в уставном капитале) либо наличие возможности голосовать двадцатью и более процентами акций (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

КАПИТАЛҒА ҚОМАҚТЫ ҚАТЫСУ - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

ЗНАЧИТЕЛЬНОЕ УЧАСТИЕ В КАПИТАЛЕ - владение прямо или косвенно, самостоятельно или совместно с одним или несколькими лицами двадцатью и более процентами голосующих акций (долей участия в уставном капитале) либо наличие возможности голосовать двадцатью и более процентами акций (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)

КАПИТАЛҒА ҚОМАҚТЫ ҚАТЫСУ - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 ҚРЗ 3-бап)

ЗОНА ЗАПОВЕДНОГО РЕЖИМА - зона ядра, предназначенная для долгосрочного сохранения генетических ресурсов, биологического разнообразия, экологических систем и ландшафтов, имеющая достаточные размеры для достижения таких целей (ст. 50 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

ҚОРЫҚ РЕЖИМІ АЙМАҒЫ - генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзім сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті көлемі бар ұйытқы аймақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 50-бап)

ЗОНА ПРОВЕДЕНИЯ АНТИТЕРРОРИСТИЧЕСКОЙ ОПЕРАЦИИ - отдельные участки местности или акватории, воздушное пространство, транспортное средство, здание, строение, сооружение, помещение и прилегающие к ним территории, в пределах которых проводится указанная операция (ст. 1 ЗРК «О борьбе с терроризмом» от 13 июля 1999 года № 416-І)

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ АЙМАҒЫ - аталған операция жүргізілетін шектегі жекелеген жер учаскелері немесе су айдындары, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ («Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І ҚРЗ 1-бап)

ЗОНА РЕКРЕАЦИИ НА ВОДНОМ ОБЪЕКТЕ - водный
объект или его участок с прилегающим к нему берегом, используемый для массового отдыха, туризма и спорта (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)

СУ ОБЪЕКТІСІНДЕГІ РЕКРЕАЦИЯ АЙМАҒЫ - жаппай демалыс, туризм және спорт үшін пайдаланылатын су объектісі немесе оның іргелес жағалауы бар учаскесі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су Кодексі 1-бап)

ЗОНА САНИТАРНОЙ ОХРАНЫ - специально выделенная территория вокруг источника водоснабжения и водопроводных сооружении, на которой должен соблюдаться установленный режим с целью охраны источника водоснабжения (открытого и подземного) водопроводных сооружений и окружающих их территории от загрязнения для предупреждения ухудшения качества воды (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)

САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатымен белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)

ЗОНА ПОВЫШЕННОГО РАДИАЦИОННОГО РИСКА - часть территории, подвергшейся радиационному загрязнению, с дозой воздействия на население от 7 до 35 бэр за весь период испытаний. К этой зоне относятся населенные пункты Чубартауского, Новошульбинского, Бородулихинского, Чарского, Жарминского, Аягузского районов, города Семипалатинск и Курчатов Семипалатинской области, Егиндыбулакский район Карагандинской области, Майский район Павлодарской области, Таврический, Глубоковский, Шемонаихинский, Уланский районы, города Усть-Каменогорск и Лениногорск Восточно-Казахстанской области (ст. 7 ЗРК «О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне» от 18 декабря 1992 года № 1787)

ЖОҒАРЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ АЙМАҚ - аумақтың бүкіл сынақ кезеңінде халыққа 7-ден 35 бірге дейін әсер ететін мөлшері бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлігі. Бұл аймаққа Семей облысының Шұбартау, Новошульба, Бородулиха, Шар, Жарма, Аягөз аудандарының елді мекендері, Семей және Курчатов қалалары, Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданы, Павлодар облысының Май ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Таврия, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандары, Өскемен және Лениногорск қалалары жатады («Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 ҚРЗ 7-бап)

ЗОНА ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ - определенная территория, на которой возникла чрезвычайная ситуация. По масштабу распространения и объему причиненного ущерба чрезвычайные ситуации природного и техногенного характера подразделяются на объектовые, местные, региональные и глобальные (ст. 1 ЗРК «О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера»» от 5 июля 1996 года № 19-І)

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫ - төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаhандық болып бөлінеді («Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-І ҚРЗ 1-бап)

ЗОНИРОВАНИЕ ТЕРРИТОРИЙ - при градостроительном планировании деление территорий на функциональные зоны с установлением видов градостроительного использования отдельных зон и возможных ограничений по их использованию (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

АУМАҚТАРДЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ - қала құрылысын жоспарлау кезінде аумақтарды жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлері мен оларды пайдалану жөніндегі мүмкін болатын шектеулерді белгілей отырып жұмыс істелетін аймақтарға бөлу («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ЗОНЫ (РАЙОНЫ) ПОВЫШЕННОЙ СЕЙСМИЧЕСКОЙ ОПАСНОСТИ - районы с возможным (ожидаемым) сейсмическим воздействием интенсивностью семь и более баллов (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ АЙМАҚТАР (АУДАНДАР) - сейсмикалық әсерінің жиілігі 7 және одан да көп балл болуы мүмкін (күтілетін) аудандар («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ЗООЛОГИЧЕСКАЯ КОЛЛЕКЦИЯ - собрание чучел, яиц, препаратов и частей объектов животного мира, объектов животного мира, в том числе диких животных зоопарков, зоосадов, цирков, зоологических питомников, аквариумов, океанариумов, представляющее научную, культурно-просветительскую, учебно-воспитательную и эстетическую ценность (ст. 1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

ЗООЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕКЦИЯ - жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жабайы жануарлар зоопарктерінің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдардың, океанариумдардың жинағы («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау