АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАБЫ - ҚР бар, шығу тегі, өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгілі бір тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОМИССИЯ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ РЕЖИМА ЧРЕЗВЫЧАЙНОГО ПОЛОЖЕНИЯ - специальный орган государственного управления, создаваемый указом Президента РК на период введения чрезвычайного положения (ст.1 ЗРК «О чрезвычайном положении» от 8 февраля 2003 года № 387)
|
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ - төтенше жағдай енгізу кезеңіне ҚР Президентінің Жарлығы-мен құрылатын арнаулы мемлекеттік басқару органы («Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОМИССИЯ ПО СОРТОИСПЫТАНИЮ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ КУЛЬТУР - организация, находящаяся в ведении уполномоченного органа в области развития агропромышленного комплекса, осуществляющая экспертизу сортов растений на патентоспособность и хозяйственную полезность (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422-І)
|
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТЫН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ - өсімдік сорттарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның қарауындағы ұйым («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОМИССИЯ ПО ИСПЫТАНИЮ И АПРОБАЦИИ ПОРОД - консультативно-совещательный орган уполномоченного органа в области развития агропромышленного комплекса, осуществляющий экспертизу пород животных на патентоспособность и хозяйственную полезность (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422-І)
|
ТҰҚЫМДАРДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ САПАСЫН АНЫҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ - жануарлар тұқымдарының патентке қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органы («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ЛЕСОУСТРОИТЕЛЬНАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, находящаяся в ведении уполномоченного органа в области лесного хозяйства, деятельность которой направлена на обеспечение учета лесных ресурсов, территориального устройства лесного фонда, государственного мониторинга лесов, планирования ведения лесного хозяйства и лесопользования (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ОРНАЛАСТЫРУ ҰЙЫМЫ - қызметі орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттік орман мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу ісін жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарауында болатын ұйым (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ МОЛОДЕЖНАЯ ПОЛИТИКА - система социально-экономических, политических, организационных и правовых мер, осуществляемых государством и направленных на поддержку молодежи (ст. 1 ЗРК «О государственной молодежной политике в РК» от 7 июля 2004 года № 581)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі («ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ МОНОПОЛИЯ В СФЕРЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ЗАКУПОК - сфера деятельности, хозяйствование в которой осуществляется исключительно государственными органами и (или) государственными предприятиями на основании законодательных актов РК, а также в случаях, когда введение конкуренции нецелесообразно из соображений национальной безопасности, обеспечения правопорядка, безопасности высших должностных лиц государства, интересов обороны и оборонно-промышленного комплекса. Перечень субъектов государственной монополии и сферы, в которых данные субъекты занимают монопольное положение, определяется Правительством РК (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)
|
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯ - шаруашылық жүргізуді тек қана мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындар ҚР заң актілері негізінде жүзеге асыратын, сондай-ақ бәсекелестікті енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібі, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының қауіпсіздігі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіптік кешен мүдделерін қамтамасыз ету тұрғысынан мақсатқа сай болмайтын жағдайларда жүзеге асырылатын қызмет саласы. Мемлекеттік монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тізбесін ҚР Үкіметі айқындайды («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ МОНОПОЛИЯ НА ВЫВОЗ И (ИЛИ) ВВОЗ ТОВАРОВ - нетарифная мера регулирования внешнеторговой деятельности, осуществляемая в виде предоставления права хозяйствующим субъектам, определенным в соответствии с международными договорами, ратифицированными РК, Правительством РК или на конкурсной основе на вывоз и (или) ввоз отдельных товаров (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕТУГЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӘКЕЛУГЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯ - шаруашылық жүргізуші субъектілерге жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес ҚР Үкіметі белгілеген құқық беру түрінде немесе конкурстық негізде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес шарасы («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА - составная часть социально-экономической политики, выражающая отношение государства к научной и научно-технической деятельности, определяющая основные цели, направления, принципы, формы и методы деятельности различных организаций в области науки и техники, реализации научно-технических достижений, создания новых технологий, в том числе в целях обеспечения национальной безопасности (ст. 1 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТ - әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі, ол мемлекеттің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатынасын білдіреді, әртүрлі ұйымдардың ғылым мен техника ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асыру, жаңа технологиялар жасау саласындағы, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы қызметінің негізгі мақсаттарын, бағыттарын, принциптерін, нысандары мен әдістерін белгілейді («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225-II ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРТИЗА - система оценочных действий и выводов, организуемая уполномоченным государственным органом для получения независимой аналитической оценки объекта экспертизы с целью определения уровня решений по важнейшим вопросам научно-технического прогресса (ст. 1 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМА - ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды мәселелері бойынша қабылданатын шешімдердің негізділік деңгейін айқындау мақсатымен сараптама объектісіне тәуелсіз талдамалық баға алу үшін уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастыратын бағалау жұмыстары мен қорытындылар жүйесі («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОДДЕРЖКА ЧАСТНОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА - комплекс государственных мер по стимулированию развития частного предпринимательства, созданию благоприятных правовых, экономических и социальных условий для реализации предпринимательской инициативы в РК (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)
|
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ - ҚР кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОЛИТИКА В СФЕРЕ КУЛЬТУРЫ - комплекс мер, принимаемых государственными органами, направленных на создание, возрождение, сохранение, развитие, распространение и использование культурных и духовных ценностей (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)
|
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОШЛИНА - обязательный платеж, взимаемый за совершение юридически значимых действий и (или) выдачу документов уполномоченными на то государственными или должностными лицами (ст. 493 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ - уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 493-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ (ПРАВИТЕЛЬСТВЕННАЯ, СУВЕРЕННАЯ) ГАРАНТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - обязательство Правительства РК перед заимодателем полностью или частично погасить задолженность в случае неуплаты заемщиком-резидентом РК причитающейся с него суммы в установленный срок (ст. 205 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК (ҮКІМЕТТІК, ЕГЕМЕНДІК) КЕПІЛДІГІ - ҚР қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеуге ҚР Үкіметінің қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 205-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРАВОВАЯ ИНФОРМАЦИОННАЯ СТАТИСТИЧЕСКАЯ СИСТЕМА - объедишшая статистическая информационная база данных уполномоченного органа и субъектов правовой статистики и специальных учетов (ст. 1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510 )
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІ - уәкілетті органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің біріккен статистикалық ақпараттық дерекқоры («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРАВОВАЯ СТАТИСТИКА - отрасль государственной статистики, основанная на централизованной системе ведомственного учета в уголовно-правовой, гражданско-правовой, административно-правовой сферах (ст. 1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық салалардағы ведомстволық есепке алудың орталықтандырылған жүйесіне негізделген мемлекеттік статистика саласы («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРОГРАММА - программа, разрабатываемая Правительством РК и утверждаемая Президентом РК по вопросам, имеющим межотраслевой характер, направленным на решение стратегических и наиболее важных задач социально-экономического развития и обеспечение обороноспособности, правопорядка, законности и безопасности государства (ст. 4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА - салааралық сипаты бар, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге және мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша ҚР Үкіметі әзірлейтін және ҚР Президенті бекітетін бағдарлама (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ РЕГИСТРАЦИЯ - процедура учета регистрирующим органом права собственности и других прав, а также обременении на недвижимое имущество в порядке, установленном Указом Президента РК, имеющим силу закона «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» (ст. 1 УП РК и.с.з. «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25 декабря 1995 года № 2727)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ - «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықта белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мен басқа құқықтарды, сондай-ақ ауыртпалықтарды тіркеуші органның есепке алу рәсімі («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 ҚР з.к.б. ПЖ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ РЕГИСТРАЦИЯ ВЕТЕРИНАРНЫХ ПРЕПАРАТОВ - внесение уполномоченным государственным органом в области ветеринарии в установленном законодательством порядке ветеринарных препаратов в Государственный реестр ветеринарных препаратов по результатам их экспертизы, апробации и регистрационных испытаний и выдача на них регистрационных удостоверений установленной формы (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды заңнамада белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізіліміне енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚР3 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ РЕГИСТРАЦИЯ ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - процедура определения необходимости присутствия на фармацевтическом рынке, оценки безопасности, эффективности и качества лекарственного средства и внесение лекарственного средства на определенный срок в Государственный реестр лекарственных средств РК (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ - дәрілік заттың фармацевтика нарығында болу қажеттігін, қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының бағалануын айқындау рәсімі және дәрілік затты белгілі бір мерзімге ҚР Дәрілік заттарының мемлекеттік тізіліміне енгізу («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ РЕГИСТРАЦИЯ НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКОВ - внесение сведений о налогоплательщике в Государственный реестр налогоплательщиков РК (ст. 520 ЗРК от 12 июня 2001 года № 209)
|
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ - салық төлеуші туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, ҚР Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 520-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ РЕГИСТРАЦИЯ ПЕСТИЦИДОВ (ЯДОХИМИКАТОВ) - процедура, завершающая процесс биологической, токсикологической, гигиенической и экологической оценки препаратов, по результатам которой выдается физическим и юридическим лицам регистрационное удостоверение на право их применения на территории РК в соотвеотствии с законодательством РК о защите растений (ст. 1 ЗРК «О защите растений» от 3 июля 2002 года № 331)
|
ПЕСТИЦИДТЕРДІ (УЛЫ ХИМИКАТТАРДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға ҚР аумағында оларды ҚР өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі («Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ СИСТЕМА ОБЕСПЕЧЕНИЯ ЕДИНСТВА ИЗМЕРЕНИЙ - совокупность объектов, органов государственного управления, физических и юридических лиц, осуществляющих в пределах своей компетенции работы в области обеспечения единства измерений (ст. 1 «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53)
|
ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ СИСТЕМА ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ - совокупность государственных органов, физических и юридических лиц, осуществляющих работы в области технического регулирования в пределах своей компетенции, а также нормативных правовых актов, стандартов (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ СЛУЖБА - деятельность государственных служащих в государственных органах по исполнению должностных полномочий, направленная на реализацию задач и функций государственной власти (ст. 1 ЗРК «О государственной службе» от 23 июля 1999 года № 453)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі («Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ СТАТИСТИКА - единая статистическая информационная система, формируемая органами государственной статистики (ст. 2 ЗРК «О государственной статистике» от 7 мая 1997 года № 98-І)
|
МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА - мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесі («Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98-1 ҚРЗ 2-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ СТАТИСТИЧЕСКАЯ ОТЧЕТНОСТЬ - общегосударственные и ведомственные статистические наблюдения, при которых физические лица, юридические лица и их структурные подразделения представ-ляют органам государственной статистики в порядке, установленном законодательством РК, отчеты за подписями лиц, ответственных за представление и достоверность сообщаемых сведений (ст.2 ЗРК «О государственной статистике» от 7 мая 1997 года № 98)
|
МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК - жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері хабарланатын мәліметтердің берілуі мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептерді мемлекеттік статистика органдарына ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ұсынады («Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98-1 ҚРЗ 2-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ТАЙНА - сведения военного, экономического, политического и иного характера, разглашение или утрата которых наносит или может нанести ущерб национальной безопасности РК (ст.1 ЗРК «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349-І)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯ - жарияланған немесе жоғалған жағдайда ҚР ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-1 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ТЕХНИЧЕСКАЯ ИНСПЕКЦИЯ - осуществляемые в порядке, установленном законодательством РК, государственная регистрация, государственный технический осмотр тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожностроительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости с выдачей соответствующих документов и государственных регистрационных номерных знаков, регистрация и учет лиц, пользующихся указанными транспортными средствами и прицепами, в том числе по доверенности, прием экзаменов и выдача удостоверений на право управления ими (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ - ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеуге алу, мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу аталған көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, соның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ФАРМАКОПЕЯ РК - сборник государственных стандартов и положений, нормирующих качество и безопасность лекарственных средств (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАКОПЕЯСЫ - дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін нормалайтын мемлекеттік стандарттар мен ережелер жинағы («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ФЕЛЬДЪЕГЕРСКАЯ СЛУЖБА РК - служба, осуществляющая правительственную курьерскую связь с обеспечением защиты государственных секретов (ст. 22 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ФЕЛЬДЪЕГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ - мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 22-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ЭКСПЕРТИЗА ПРОЕКТОВ - обязательная форма комплексной оценки проектов (предпроектной или проектно-сметной документации), являющаяся единой государственной системой, дублирование функций которой не допускается. Государственная экспертиза проектов осуществляется юридическим лицом, уполномоченным Правительством РК, без права осуществлять какую-либо иную деятельность (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
|