Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-О-5 |
83282
|
112430
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, 070000, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32-ші үй, байланыс телефоны: 8 /7232/ 22 - 62 - 31, факс 75-15-33, g.abilmazhinova@mzsr.gov.kz, «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.
1. Медициналық - әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және бақылау бөлімінің бас мамандарына, С-О-5 санаты (3 бірлік) / жұмыс орны: Өскемен қаласы/.
Функционалдық міндеттері: медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларына шағымданушы тұлғаларды қайта куәландыру, еңбекке жарамсыздық деңгейін, мүгедектік топты тағайындау себептерін және құжаттарды даярлаудың, сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық –әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі).
2. №1, 2, 3, 5, 9, 11 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерінің бас мамандарына, С-О-5 санаты (8 бірлік) /жұмыс орны: Өскемен қаласы ( 6 бірлік), Семей қаласы (2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 13 маусымға дейін/.
Функционалдық міндеттері: мүгедектік тобын, кәсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куәландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізу, мүгедектерді сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық –әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі).
3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты /негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне - 2018 жылғы 11 шілдеге дейін, жұмыс орны: Өскемен қаласы/.
Функционалдық міндеттері: департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарды, соттарда департамент атынан өкілеттік ету және тиісті хат алмасуға, департамент атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, департамент құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын ҚР заңнамасына сәйкес сақтау, басшылықпен жүктелген басқа да міндеттерді атқару.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылым және технология (автоматтандыру және басқару, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, металлургия), ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия, аграрлық техника және технология).
4. №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты /негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне - 2018 жылғы 27 шілдеге дейін, жұмыс орны: Өскемен қаласы/.
Функционалдық міндеттері: зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыру, әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша зейнетақы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жасау, сот мәжілістеріне қатысу, зейнетақымен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау, зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды бақылауды жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, зейнетақы заңнамасының қолданылуы бойынша насихаттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу семинарлар өткізу, белгіленген нысандар бойынша есептер жасау, басшылықпен жүктелген басқа да міндеттерді атқару.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылым және технология (автоматтандыру және басқару, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, металлургия) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |