Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет20/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   124

ЖОБАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАСЫ - жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-смета құжаттамасын) кешенді бағалаудың міндетті нысаны, ол функцияларын қайталауға жол бермейтін бірыңғай мемлекеттік жүйе болып табылады. Жобалардың мемлекеттік сараптамасын ҚР Үкіметі қандай да бір өзге қызметті жүзеге асыру құқығынсыз уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асырады («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННАЯ ЭМИССИОННАЯ ЦЕННАЯ БУМАГА - эмиссионная ценная бумага, удостоверяющая права ее держателя в отношениях займа, в которых заемщиком выступает Правительство РК или Национальный Банк РК (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

МЕМЛЕКЕТТІК ЭМИССИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ - қарыз алушы ҚР Үкіметі немесе ҚР Ұлттық Банкі болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ ГЕОЛОГИЧЕСКОЕ ИЗУЧЕНИЕ НЕДР - работы (операции), связанные с мониторингом состояния недр, изучением геологического строения участков, атакже отдельных частей и всей территории РК в целом, определением их перспектив на наличие полезных ископаемых путем проведения поисковых и поиcково-оценочных работ, созданием государственных геологических карт, составляющих информационную основу недропользования (cт. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ЖЕР ҚОЙНАУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ - жер қойнауы жай-күйінің мониторингін, жер қойнауы учаскелерінің, сондай-ақ ҚР жекелеген бөліктерінің және тұтастай бүкіл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар) («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ОБРАЗОВАНИЯ - организация, создаваемая Правительством или Национальным Банком РК, либо местным исполнительным органом в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ КӘСІПОРНЫ - ҚР заңдарына сәйкес ҚР Үкіметі немесе Ұлттық Банкіне жергілікті атқарушы орган құратын ұйым («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ - деятельность уполномоченного органа по разработке, утверждению и введению в действие норм и правил по ядерной и радиационной безопасности, лицензированию видов деятельности, связанной с использованием атомной энергии, осуществлению надзора (ст. 1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-І)

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ - ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нормалар мен ережелерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерін лицензиялау, қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметі («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ В ОБЛАСТИ РЕКЛАМЫ - устанавливаемый в соответствии с нормативными правовыми актами РК контроль производства, распространения и размещения рекламы. Государственное регулирование в области рекламы осуществляется соответствующими уполномоченными органами в пределах их компетенции, установленной законодательством РК (ст. 17 ЗРК «О рекламе» от 19 декабря 2003 года № 508)

ЖАРНАМА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ - ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленетін жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсініледі. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді тиісті уәкілетті органдар ҚР заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады («Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы ҚРЗ № 508 17-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ СПЕЦИАЛЬНОЕ ПОСОБИЕ - денежная выплата лицам, имевшим по состоянию на 1 января 1998 года установленный Законом РК «О государственном специальном пособии лицам, работавшим на подземных и открытых горных работах, на работах с особо вредными и особо тяжелыми условиями труда» стаж работы на подземных и открытых горных работах, на работах с особо вредными и особо тяжелыми условиями труда (ст. 1 ЗРК «О государственном специальном пособии лицам, работавшим на подземных и открытых горных работах, на работах с особо вредными и особо тяжелыми условиями труда» от 13 июля 1999 года № 414-І)

МЕМЛЕКЕТТІК АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫ - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» ҚР Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем («Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 414-І ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ - учреждение, создаваемое государством в соответствии с Конституцией и законами РК или нормативными правовыми актами Президента РК, Правительства РК и акиматов областей (городов республиканского значения, столицы), района (города областного значения) и содержащееся только за счет государственного бюджета или бюджета (сметы расходов) Национального Банка РК, если дополнительные источники финансирования не установлены законодательными актами (ст. 105 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ - ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджеттің немесе ҚР Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) есебінен ғана ұсталатын мекеме (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 105-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ - учреждение, создаваемое государством в соответствии с Конституцией и законами РК или нормативными правовыми актами Президента РК, Правительства РК и акиматов областей (городов республиканского значения, столицы), района (города областного значения) и содержащееся только за счет государственного бюджета, если иное не установлено законодательными актами (ст. 9 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ - ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ҚР Президентінің, ҚР Yкіметінің, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II ҚРЗ 9-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ ЛЕСНОГО ХОЗЯЙСТВА - учреждение, созданное в порядке, установленном законодательством РК, для осуществления мероприятий по охране и защите государственного лесного фонда, воспроизводству лесов и лесоразведению, регулированию лесопользования (cn.4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ - мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған мекеме (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ - учреждение образования, создаваемое в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ - ҚР заңдарына сәйкес құрылатын білім беру мекемесі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗАКУПКИ - приобретение государственными органами, государственными учреждениями, а также государственными предприятиями, юридическими лицами, пятьдесят и более процентов акций (долей) или контрольный пакет акций которых принадлежат государству, и аффилированными с ними юридическими лицами товаров, работ и услуг за счет имеющихся в их распоряжении денег, за исключением случаев, предусмотренных статьей 27-1 Закона РК «О государственных закупках» (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың өз билігіндегі ақшаның есебінен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗЕМЛЕПОЛЬЗОВАТЕЛИ - государствшные республиканские и коммунальные юридические лица (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)

МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР - мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ЗНАКИ ПОЧТОВОЙ ОПЛАТЫ - почтовые марки, блоки, маркированные конверты, почтовые карточки, оттиски франкировальных машин и иные знаки, вводимые в обращение уполномоченным органом, которые подтверждают оплату услуг оператора почты (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ТӨЛЕМІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ - айналымға уәкілетті орган енгізетін, почта операторының қызмет көрсетуіне ақы төленгенін растайтын почта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, почта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедері және өзге де белгілер («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ИНТЕРЕСЫ - интересы общества в целом в обеспечении условий устойчивого развития регионов, городов, поселков, аулов (сел) и других поселений, функционирования систем жизнеобеспечения, транспорта и инженерных коммуникаций, связи и энергетики, охраны окружающей среды, сохранения объектов историко-культурного наследия (ст. 3 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕЛЕР - тұтастай алғанда, аймақтарды, қалаларды, кенттерді, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, көлік және инженерлік коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс істеуін, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделер («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 3-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ КОМИССИИ - государственная комиссия по сортоиспытанию сельскохозяйственных культур и Государственная комиссия по испытанию и опробации пород уполномоченного органа в области развития агропромышленного коплекса (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422)

МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯЛАР - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ауыл-шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ МИНИМАЛЬНЫЕ СОЦИАЛЬНЫЕ СТАНДАРТЫ - основные показатели обеспечения качества жизни детей, включающие в себя установленный государством минимальный объем социальных услуг, норм и нормативов (cт.1 ЗРК «О правах ребенка в РК» от 8 августа 2002 года № 345)

МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢ ТӨМЕНГІ ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТТАР - мемлекет белгілеген әлеуметтік қызмет көрсетулерді, нормалар мен нормативтерді қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер («ҚР баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ НАТУРНЫЕ ГРАНТЫ - имущество, являющееся собственностью РК, передаваемое во временное безвозмездное пользование либо предоставляемое на праве временного безвозмездного землепользования юридическому лицу РК для реализации инвестиционного проекта с последующей безвозмездной передачей в собственность либо в землепользование (cт. 1 3PK «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

МЕМЛЕКЕТТІК ЗАТТАЙ ГРАНТТАР - ҚР меншігі болып табылатын, ҚР заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін уақытша өтеусіз пайдалануға беріле отырып не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз берілетін мүлік («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ НАТУРНЫЕ ГРАНТЫ - земельные участки, предоставляемые направе временного безвозмездного землепользования юридическому лицу РК для реализации инвестиционного проекта с последующей безвозмездной передачей в собственность или в землепользование в порядке, установленном Земельным кодексом и законодательством РК об инвестициях (ст. 12 3К РК 20 июня 2003 года № 442)

МЕМЛЕКЕТТІК ЗАТТАЙ ГРАНТТАР - ҚР заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін Жер кодексте және ҚР инвестициялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріле отырып, кейіннен меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз берілетін жер учаскелері (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ОРГАНЫ - государственные учреждения, уполномоченные Конституцией, законами, иными нормативными правовыми актами на осуществление от имени государства функций по: изданию актов, определяющих общеобязательные правила поведения; управлению и регулированию социально значимых общественных отношений; контролю за соблюдением уста-новленных государством общеобязательных правил поведения (ст. 1 ЗРК «Об административных процедурах» от 17 ноября 2000 года № 107-II)

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР - мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер арқылы: жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін белгілейтін актілер шығару; әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру; мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің сақталуына бақылау жасау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекемелер ұғынылады («Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ОРГАНЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СИСТЕМЫ ЭКСПОРТНОГО КОНТРОЛЯ - центральные исполнительные органы РК, осуществляющие контроль за экспортом, реэкспортом, импортом, реимпортом и транзитом вооружений и военной техники, ядерных и специальных неядерных материалов, товаров и технологии двойного применения (назначения), отдельных видов сырья, материалов, оборудования, технической, научно-технической информации, работ и услуг, подпадающих под действие экспортного контроля (ст. 1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ - экспорттық бақылауға жататын қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдардың, екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялардың, жекелеген шикізат түрлерінің, материалдардың, жабдықтардың, техникалық, ғылыми-техникалық ақпараттың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын және транзитін бақылауды жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органдары («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ПОСОБИЯС ЕМЬЯМ, ИМЕЮЩИМ ДЕТЕЙ - денежные выплаты в виде: единовременного государственного пособия, назначаемого и выплачиваемого в связи с рождением ребенка, ежемесячного государственного пособия, назначаемого и выплачиваемого по уходу за ребенком до достижения им возраста одного года, ежемесячного государственного пособия, назначаемого и выплачиваемого на детей до восемнадцати лет (ст. 1 ЗРК «О государственных пособиях семьям, имеющим детей» от 28 июня 2005 года № 63)

БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР - бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы түріндегі ақшалай төлемдер («Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ПРАЗДНИКИ - праздники, посвященные событиям, имеющим общественно-политическое значение, а также традиционно отмечаемые гражданами РК. Празднование государственных праздников может сопровождаться проведением официальных мероприятий (ст. 1 ЗРК «О праздниках в РК» от 13 декабря 2001 года № 267)

МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕР - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ ҚР азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін («ҚР мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ПРЕДПРИЯТИЯ - предприятия: основанные на праве хозяйственного ведения; основанные на праве оперативного управления (казенное предприятие) (cт.1 3PK «О государственном предприятии» от 19 июня 1995 года № 2335)

МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР - шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады («Мемлекеттік кәсіпорын туралы (1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ РЕАЛИЗАЦИОННЫЕ РЕСУРСЫ ЗЕРНА - запас зерна, созданный и предназначенный для регулирования внутреннего рынка, обеспечения экспортных поставок зерна, реализации на внутреннем рынке, оказания гуманитарной помощи и освежения государственного резерва продовольственного зерна, государственных ресурсов семян и государственных ресурсов фуражного зерна (cт. 11 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫЛАТЫН АСТЫҚ РЕСУРСТАРЫ - ішкі рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, ішкі рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұқым ресурстарын және мемлекеттік жемдік астық ресурстарын жаңарту үшін құрылған және соған арналған астық запасы («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтар № 143-II ҚРЗ 11-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ РЕСУРСЫ ЗЕРНА - государственные запасы зерна, созданные в целях обеспечения продовольственной безопасности и исполнения государственных обязательств, а также для защиты и регулирования рынка зерна (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)

МЕМЛЕКЕТТІК АСТЫҚ РЕСУРСТАРЫ - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшін жасалған мемлекеттік астық запастары («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ РЕСУРСЫ СЕМЯН - государственные запасы семян, созданные и предназначенные для оказания помощи сельскохозяйственным товаропроизводителям в случаях чрезвычайных ситуаций, устойчивого обеспечения потребностей РК в семенном материале, проведения сортообновления, сортосмены, обеспечения выполнения межгосударственных соглашений (ст. 11 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰҚЫМ РЕСУРСТАРЫ - төтенше жағдайлар болғанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көмек көрсету, ҚР тұқым материалына деген қажеттерін тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргізу, мемлекетаралық келісімдерді орындауды қамтамасыз ету үшін құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым запасы («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтар № 143-II ҚРЗ 11-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СЕКРЕТЫ - защищаемые государством сведения, составляющие государственную и служебную тайны, распространение которых ограничивается государством с целью осуществления эффективной военной, экономической, научно-технической, внешнеэкономической, внешнеполитической, разведывательной, контрразведывательной, оперативно-розыскной и иной деятельности, не вступающей в противоречие с общепринятыми нормами международного права (ст. 1 ЗРК «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯЛАР - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, мемлекет қорғайтын мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-І ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СИМВОЛЫ РК - государственными символами РК являются: Государственный флаг РК; Государственный герб РК; Государственный гимн РК (ст. 1 КЗ РК «О государственных символах РК» от 4 июня 2007 года № 258)

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНДАРЫ - ҚР мемлекеттік нышандары: ҚР Мемлекеттік туы; ҚР Мемлекеттік елтаңбасы; ҚР Мемлекеттік гимні болып табылады («ҚР мемлекеттік нышандары туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СТАНДАРТЫ СОЦИАЛЬНОГО ОБСЛУЖИВАНИЯ - правила, устанавливающие объем социальных услуг и порядок их предоставления инвалидам и детям-инвалидам, а также престарелым в медико-социальных учреждениях, отделениях социальной помощи на дому и в территориальных центрах социального обслуживания (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАРЫ - мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай-ақ қарттарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшелерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚР3 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау