Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет21/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ФУНКЦИИ - предметы ведения, отнесенные Конституцией и законами РК к полномочиям государства, его органов и лиц, занимающих государственные должности (ст. 2 ЗРК «О борьбе с коррупцией РК» от 2 июля 1998 года № 267)

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТЕР - ҚР Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс жүргізу мәндері («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 ҚРЗ 2-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ - государственное учреждение, наделенное правом собирания (приобретения), постоянного хранения и организации использования документов Национального архивного фонда (ст. 1 ЗРК «О национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326-І)

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТ - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берілген мемлекеттік мекеме («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ БОТАНИЧЕСКИЙ САД - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранной и научной организации, предназначенная для проведения исследований и научных разработок по охране, защите, воспроизводству и использованию растительного мира, в том числе редких и находящихся под угрозой исчезновения видов растений (ст. 58 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

МЕМЛЕКЕТТІК БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ - өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 58-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ БЮДЖЕТ - сводный бюджет, объединяющий республиканский и местные бюджеты без учета взаимопогашаемых операций между ними, используемый в качестве аналитической информации и не подлежащий утверждению (ст. 4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ВЕТЕРИНАРНЫЙ НАДЗОР - деятельность уполномоченного государственного органа в области ветеринарии, направленная на предупреждение, выявление, пресечение и устранение нарушений законодательства РК в области ветеринарии (ст. 14 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БАҚЫЛАЙТЫН ЖҮКТЕР - жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ГРАДОСТРОИТЕЛЬНЫЙ КАДАСТР - государственная система количественных и качественных показателей, включающих градостроительные регламенты, картографическую, статистическую и текстовую информацию, характеризующую территорию градостроительной, архитектурной и строительной деятельности по признакам социально-правового режима ее использования, уровню инженерно-технической обеспеченности, по параметрам и состоянию объектов, расположенных на ней, а также природно-климатическим условиям и экологическому состоянию (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ - қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі аумағын оның пайдаланылу режимінің әлеуметтік-құқықтық белгілері, инженерлік-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, онда орналасқан объектілердің параметрлері мен жай-күйі, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйі бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік жүйесі («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ДЕНДРОЛОГИЧЕСКИЙ ПАРК - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранной и научной организации с установленными по зонам видами режима охраны, предназначенная для охраны, защиты, воспроизводстваи использования древесных и кустарниковых пород (ст. 62 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ ПАРК - ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аймақтар бойынша белгіленген күзет режимдері бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 62-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЗАЕМ - отношения займа, в которых заемщиком выступает Правительство РК, Национальный Банк РК или местные исполнительные органы (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ - қарыз алушы ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЗАКАЗЧИК ОБОРОННОГО ЗАКАЗА - государственный орган РК, осуществляющий заказы на разработку, исследование, производство, поставку продукции (работ, услуг) для нужд обороны и безопасности РК (ст.1 ЗРК «О государственном оборонном заказе» от 19 января 2001 года № 146)

ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫСТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БЕРУШСІ - ҚР қорғанысы мне қауіпсіздігінің қажеттері үшін өнім (жұмыс, қызметтер) жасауға, зерттеуге, өндіруге, беруге тапсырыстарды жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы («Мемлекеттік қорғаныстың тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЗООЛОГИЧЕСКИЙ ПАРК - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранной и научной организации, предназначенная для культурно-просветительной, научной, учебной и природоохранной деятельности, сохранения генофонда и разведения в условиях искусственной среды типичных, редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных (ст. 54 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

МЕМЛЕКЕТТІК ЗООЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТЕР - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметіне, тектік қорды сақтауға және әдеттегі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін жасанды орта жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 54-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ИНСПЕКТОР ПО СЕМЕНОВОДСТВУ - должностное лицо уполномоченного государственного органа в области семеноводства, осуществляющее государственный контроль в области семеноводства (ст.1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР - тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КАДАСТР ГРАЖДАНСКОГО И СЛУЖЕБНОГО ОРУЖИЯ И ПАТРОНОВ К НЕМУ - официальным сборником, содержащим систематизированные сведения о гражданском и служебном оружии и патронах к нему, разрешенных к обороту на территории РК (ст. 8 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339)

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ МЕН ПАТРОНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ - ҚР аумағында айналымға рұқсат етілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсірілген мәліметтер бар ресми жинақ болып табылады («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 ҚРЗ 8-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КЛАССИФИКАТОР ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ИНФОРМАЦИИ - документ, который представляет собой систематизированные своды кодов и наименований классификационных групп объектов технико-экономической информации (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ - система мер, принимаемых уполномоченными государственными органами при проведении проверок соблюдения законности, выявления и устранения причин и условий нарушений законодательства, восстановления нарушенных прав физических и юридических лиц, точного и единообразного применения нормативных правовых актов и выполнения обязательных требований нормативных актов в соответствии с законами РК (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңнаманы бұзушылықтың себептері мен жағдайларын анықтау және жою, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілерді дәл және біркелкі қолдану және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің міндетті талаптарын орындау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар жүйесі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ - деятельность государственных органов в пределах их компетенции по контролю за соблюдением субъектами частного предпринимательства законодательства РК (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР заңнамасын сақтауын мемлекеттік органдардың өздерінің құзыреті шегінде бақылауы жөніндегі қызметі («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОБРАЩЕНИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - комплекс действий, направленных на выявление и пресечение нарушений нормативных правовых актов, регламентирующих фармацевтическую деятельность, и приведение фармацевтической деятельности в соответствие с требованиями законодательства РК о лекарственных средствах (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын анықтауға әрі жолын кесуге және фармацевтикалық қызметті ҚР дәрілік заттар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдар кешені («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ ПРИ ПРИМЕНЕНИИ ТРАНСФЕРТНЫХ ЦЕН В МЕЖДУНАРОДНЫХ ДЕЛОВЫХ ОПЕРАЦИЯХ - осуществляется с целью установления факта отклонения применяемых цен от рыночных по сделкам, указанным в пункте 2 статьи 3 Законом РК «О государственном контроле при применении трансфертных цен», и корректировки объектов налогообложения (ст. 3 ЗРК «О государственном контроле при применении трансфертных цен» от 5 января 2001 года № 136-II)

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСКЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДА ТРАНСФЕРТТІК БАҒАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағында аталған мәмілелер бойынша қолданылатын бағалардың нарықтық бағалардан ауытқу фактісін анықтау және салық салу объектілеріне түзету енгізу мақсатымен жүзеге асырылады («Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 136-II ҚРЗ 3-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОКАЗАНИЯ МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ - проверка, проводимая государственным органом по контролю в сфере оказания медицинских услуг, субъектов здравоохранения независимо от ведомственной принадлежности по исполнению ими нормативных правовых и правовых актов в области здравоохранения (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - медициналық қызметтер көрсету саласындағы, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді орындау бойынша бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүргізетін тексеру («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МАТЕРИАЛЬНЫЙ РЕЗЕРВ - запас материальных ценностей, предназначенный для мобилизационных нужд, принятия первоочередных мер по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, оказания гуманитарной помощи и регулирующего воздействия на рынок (ст. 1 ЗРК «О государственном материальном резерве» от 27 ноября 2000 года № 106-II)

МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҢ РЕЗЕРВ - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы («Мемлекеттік материалдың резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 106-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МЕТРОЛОГИЧЕСКИЙ НАДЗОР - деятельность уполномоченного органа по техническому регулированию и метрологии и его территориальных подразделений по надзору за выпуском, состоянием и применением средств измерений, применением методик выполнения измерений, соблюдением метрологических правил и норм, за количеством товаров при продаже, а также за количеством фасованных товаров в упаковках любого вида при их расфасовке, продаже и импорте (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)

МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызметі («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МОНИТОРИНГ СОБСТВЕННОСТИ - наблюдение, сбор информации, анализ, оценка и прогноз состояния структуры собственности и эффективности управления объектов собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение (ст. 1 ЗРК «О государственном мониторинге собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение» от 4 ноября 2003 года № 490)

МЕНШІКТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІ - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік объектілерінің меншік құрылымы мен басқару тиімділігінің жай-күйін бақылау, ақпарат жинау, талдау, бағалау және болжау («Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы № 490 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИРОДНЫЙ ПАРК - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранного и научного учреждения, предназначенная для сохранения биологического и ландшафтного разнообразия, использования в природоохранных, эколого-просветительных, научных, туристских и рекреационных целях уникальных природных комплексов и объектов государственного природно-заповедного фонда, имеющих особую экологическую, научную, историко-культурную и рекреационную ценность (ст. 44 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРК - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚР3 44-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОБОРОННЫЙ ЗАКАЗ - заказ, утвержденный Правительством РК, предусматривающий обеспечение государственных нужд обороны и безопасности РК, размещение заказа на производство, поставку, приобретение вооружений, военной техники, товаров и технологий двойного применения (назначения) в соответствии с международными договорами, ратифицированными РК (ст. 1 ЗРК «О государственном оборонном заказе» от 19 января 2001 года № 146)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС - ҚР қорғанысы мен қауіпсіздігінің мемлекеттік қажеттерін қамтамасыз етуді, ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ, әскери техника, екі ұдай мақсатта қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар өндіру, беру, сатып алу жөніндегі тапсырысты орналастыруды көздейтін ҚР Үкіметі бекіткен тапсырыс («Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ЗАКАЗ - устанавливаемый соответствующими государственными органами план подготовки квалифицированных рабочих и специалистов, реализуемый путем финансирования за счет государственного бюджета; покупки образовательных услуг организаций начального профессионального, среднего профессионального, высшего профессионального и послевузовского профессионального образования; предоставления на конкурсной основе государственных образовательных грантов и кредитов (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ - мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру; кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сатып алу; конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы іске асырылатын, тиісті мемлекеттік органдар белгілейтін білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОРГАН В ОБЛАСТИ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОГО БЛАГОПОЛУЧИЯ НАСЕЛЕНИЯ - определяемый Правительством РК государственный орган с его территориальными подразделениями, осуществляющий в пределах компетенции уполномоченного органа в области здравоохранения исполнительные, контрольные и надзорные функции, а также руководство в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения» от 4 декабря 2002 года № 361)

ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушылық бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар, ҚР Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсан № 361-II ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОРГАН В СФЕРЕ ОБРАЩЕНИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - определяемый Правительством РК государственный орган, осуществляющий в пределах компетенции уполномоченного органа в области здравоохранения исполнительные, контрольные и надзорные функции, атакжеруководство всфере обращения лекарственных средств (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқару, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ дәрілік заттар айналымы саласында басшылықты жүзеге асыратын ҚР Yкіметі айқындайтын мемлекеттік орган («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОРГАН ПО КОНТРОЛЮ В СФЕРЕ ОКАЗАНИЯ МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ - определяемый Правительством РК государственный орган с его территориальными подразделениями, осуществляющий в пределах компетенции уполномоченного органа в области здравоохранения исполнительные, контрольные и надзорные функции, а также руководство по качеству медицинских услуг (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН - аумақтық бөлімшелері бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсетудің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын, ҚР Yкіметі айқындайтын мемлекеттік орган («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПАМЯТНИК ПРИРОДЫ - особо охраняемая природная территория, включающая отдельные уникальные, невосполнимые, ценные в экологическом, научном, культурном и эстетическом отношении природные комплексы, а также объекты естественного и искусственного происхождения, отнесенные к объектам государственного природно-заповедного фонда (ст. 64 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШІ - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алған-да жекелеген бірегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендерді, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатқызылған шығу тегі табиғи және жасанды объектілерді қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 64-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПОЖАРНЫЙ КОНТРОЛЬ - вид деятельности, осуществляемый должностными лицами органов противопожарной службы в целях контроля за соблюдением требований пожарной безопасности и пресечения их нарушений (cт.1 ЗРК «О пожарной безопасности» от 22 ноября 1996 года № 48)

МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ - өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрі («Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-І ҚРЗ 1-бап)

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНО-ЗАПОВЕДНЫЙ ФОНД - совокупность взятых под государственную охрану объектов окружающей среды, которые имеют особую экологическую, научную, историко-культурную и рекреационную ценность в качестве природных эталонов, уникумов и реликтов, генетического резерва, предмета научных исследований, просвещения, образования, туризма и рекреации (cт.1 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау