МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНЫЙ ЗАКАЗНИК - особо охраняемая природная территория с заказным режимом или регулируемым режимом хозяйственной деятельности, предназначенная для сохранения и воспроизводства одного или нескольких объектов государственного природно-заповедного фонда (ст. 67 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛ - мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 67-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНЫЙ ЗАПОВЕДНИК - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранного и научного учреждения, целью деятельности которого являются сохранение и изучение на его территории естественного хода природных процессов и явлений, объектов растительного и животного мира, отдельных видов и сообществ растений и животных, типичных и уникальных экологических систем и их восстановление (ст. 39 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚ - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 39-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНЫЙ РЕЗЕРВАТ - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранного и научного учреждения, включающая наземные и водные экологические системы, предназначенная для охраны, защиты, восстановления и поддержания биологического разнообразия природных комплексов и связанных с ними природных и историко-культурных объектов (ст. 50 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТ - табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 50-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕГИСТР ПЛЕМЕННЫХ ЖИВОТНЫХ - свод данных о количественном и породном составе племенных животных и стад (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)
|
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛІМІ - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕГИСТР ЭЛЕКТРОННЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ РЕСУРСОВ И ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ - систематизированный перечень, включающий свод описаний электронных информационных ресурсов и информационных систем (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛІМІ - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ВЕТЕРИНАРНЫХ ПРЕПАРАТОВ - перечень, издаваемый уполномоченным государственным органом в области ветеринарии, содержащий сведения о ветеринарных препаратах, прошедших государственную регистрацию и разрешенных к производству, импорту и применению в РК (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және ҚР өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ГРАЖДАНСКИХ ВОЗДУШНЫХ СУДОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - документ, в котором производится государственная регистрация гражданских воздушных судов РК прав на них и сделок с ними (cт.1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ҚР азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүргізілетін құжат («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - документ учета зарегистрированных и разрешенных к медицинскому применению в РК лекарственных средств (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ҚР тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды есепке алу құжаты («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - система государственной базы данных учета налогоплательщиков, которую ведет уполномоченный государственный орган с целью осуществления контроля над правильностью исчисления и своевременностью уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет (ст. 520 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілерді есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 520-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР НОРМАТИВНЫХ ПРАВОВЫХ АКТОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - единая система государственного учета нормативных правовых актов РК, содержащая реквизиты нормативных правовых актов и другие сведения информационно-справочного характера об этих актах (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын ҚР нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ОБЪЕКТОВ НАЦИОНАЛЬНОГО КУЛЬТУРНОГО ДОСТОЯНИЯ - перечень национального культурного достояния, имеющий особое значение для истории и культуры страны (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)
|
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық мәдени игіліктің тізбесі («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР СЕЛЕКЦИОННЫХ ДОСТИЖЕНИЙ - Государственный реестр РК охраняемых сортов растений и Государственный реестр РК охраняемых пород животных, которые включают сорта, породы, на которые выданы патенты (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422)
|
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ҚР қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен ҚР патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР СЕЛЕКЦИОННЫХ ДОСТИЖЕНИЙ, ДОПУЩЕННЫХ К ИСПОЛЬЗОВАНИЮ - Государственный реестр РК селекционных достижений, допущенных к использованию, который включает сорта, породы, допущенные для хозяйственного использования в производстве (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422)
|
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - пайдалануға рұқсат етілген, өндірісте шаруашылыққа пайдалану үшін рұқсат етілген сортты, тұқымды қамтитын, ҚР селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімі («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР СУБЪЕКТОВ РЫНКА, ЗАНИМАЮЩИХ ДОМИНИРУЮЩЕЕ (МОНОПОЛЬНОЕ) ПОЛОЖЕНИЕ НА СООТВЕТСТВУЮЩЕМ ТОВАРНОМ РЫНКЕ - поименный перечень субъектов рынка, осуществляющих предпринимательскую деятельность и занимающих доминирующее (монопольное) положение на соответствующем товарном рынке (ст. 1 ЗРК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности» от 7 июля 2006 года № 173)
|
ТИІСТІ ТАУАР НАРЫҒЫНДА ҮСТЕМ (МОНОПОЛИЯЛЫҚ) ЖАҒДАЙҒА ИЕ НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің атаулы тізбесі («Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 173 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ЭМИССИОННЫХ ЦЕННЫХ БУМАГ - совокупность сведений о выпускахэмиссионных ценных бумаг и их эмитентах, формируемых уполномоченным органом (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ЭМИССИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - уәкілетті орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИЙ НАДЗОР - деятельность органов санитарно-эпидемиологической службы по предупреждению, выявлению, пресечению нарушений законодательства РК в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения в целях охраны здоровья и среды обитания населения (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения» от 4 декабря 2002 года № 361-II)
|
МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ - халықтың денсаулығын сақтау мен тіршілік ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ҚР заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі қызметі («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СЛУЖАЩИЙ - гражданин РК, занимающий в установленном законодательством порядке оплачиваемую из республиканского или местных бюджетов, либо из средств Национального банка РК должность в государственном органе и осуществляющий должностные полномочия в целях реализации задач и функций государства (ст. 1 ЗРК «О государственной службе» от 23 июля 1999 года № 453)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы («Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СОЦИАЛЬНЫЙ ЗАКАЗ - форма реализации социальных программ, проектов, а также отдельных мероприятий, направленных на решение социальных задач республиканского, отраслевого и регионального уровней, обеспеченных за счет бюджетных средств, посредством заключения договора на осуществление государственного социального заказа (ст. 1 ЗРК «О государственном социальном заказе» от 12 апреля 2005 года № 36)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілген республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды іске асырудың нысаны («Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ - стандарт, утвержденный уполномоченным органом и доступный широкому кругу потребителей (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТРАХОВОЙ ФОНД КОПИЙ ДОКУМЕНТОВ - совокупность страховых копий документов Национального архивного фонда, имеющих для государства непреходящее значение и незаменимых при их утрате (ст. 1 ЗРК «О национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326-І)
|
ҚҰЖАТТАР КӨШІРМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ - Ұлттық мұрағат қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СУДОВОЙ РЕЕСТР - документ, в котором регистрируются суда и права на них, соответствующие требованиям, установленных пунктом 5 статьи 26 Закона РК «О внутреннем водном транспорте» (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6июля 2004 года № 574)
|
МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІ - «Ішкі су көлігі туралы» ҚР Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ТРАНСПОРТНЫЙ КОНТРОЛЬ - совокупность мероприятий, проводимых уполномоченным государственным органом и иными государственными органами в целях проверки соблюдения физическими и юридическими лицами законодательства РК, регламентирующего функционирование рынка транспортных услуг, их качество, обеспечение безопасности жизни и здоровья физических лиц, транспортных процессов (ст. 1 ЗРК «О транспорте в РК» от 21 сентября 1994 года № 156)
|
МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ - жеке және заңды тұлғалардың көлік қызметтері нарығының жұмыс істеуін, олардың сапасын, жеке адамдардың өмірі мен денсаулығының, көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттейтін ҚР көлік заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мемлекеттік органдар жүргізетін іс-шаралар жиынтығы («ҚР көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ТРАНСПОРТНЫЙ КОНТРОЛЬ - совокупность мероприятий, проводимых уполномоченным органом в целях проверки соблюдения физическими и юридическими лицами требований законодательства РКвобласти автомобильного транспорта (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)
|
МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ - жеке және заңды тұлғалардың ҚР автомобиль көлігі саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ТРАНСПОРТНЫЙ КОНТРОЛЬ - совокупность мероприятий, проводимых уполномоченным органом в целях проверки соблюдения физическими и юридическими лицами требований законодательства РК в области железнодорожного транспорта (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
|
МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ - жеке және заңды тұлғалардың ҚР темір жол көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар жиынтығы («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ТРАНСПОРТНЫЙ КОНТРОЛЬ - совокупность мероприятий, проводимых уполномоченным органом в целях проверки соблюдения физическими и юридическими лицами требований законодательства РК о внутреннем водном транспорте (ст.1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)
|
МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралардың жиынтығы («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФИНАНСОВЫЙ КОНТРОЛЬ (ВНЕШНИЙ И ВНУТРЕННИЙ) - проверка соответствия законодательству РК деятельности объектов государственного финансового контроля в части исполнения, ведения учета и отчетности по исполнению республиканского и местных бюджетов, оценки их исполнения, использования грантов, активов государства, гарантированных государством займов, денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении (ст. 131 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ (СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептілік жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің байланысты гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің ҚР заңдарына сәйкестігін тексеру (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 131-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФИТОСАНИТАРНЫЙ КОНТРОЛЬ - деятельность уполномоченного органа и его территориальных подразделений, направленная на соблюдение физическими и юридическими лицами законодательства РК о защите растений (ст. 1 ЗРК «О защите растений» от 3 июля 2002 года № 331)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ - уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың ҚР өсімдіктерді қорғау туралы заңдарын сақтауына бағытталған қызметі («Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФОНД - фонд, созданный решением государственных органов, которым в установленном порядке передано право владения, пользования, распоряжения государственной собственностью, осуществляющих цели и задачи фонда за счет средств государственного бюджета (ст. 13 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142-II)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОР - мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған, белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген; қордың мақсаттары мен міндеттерін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын қор («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II ҚРЗ 13-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФОНД ТЕХНИЧЕСКИХ РЕГЛАМЕНТОВ И СТАНДАРТОВ - совокупность специализированных фондов технических регламентов, стандартов и иных документов государственных органов, формируемых в пределах их компетенции (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР МЕН СТАНДАРТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫ - мемлекеттік органдардың техникалық регламенттерінің, стандарттарының және өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФОНД СОЦИАЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ - юридическое лицо, производящее сбор социальных отчислений и выплаты участникам системы обязательного социального страхования, в отношении которых наступил случай социального риска, включая членов семьи-иждивенцев в случае потери кормильца участника системы обязательного социального страхования (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ - әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ КОНТРОЛЬ - деятельность уполномоченного органа в области охраны окружающей среды по контролю за соблюдением экологического законодательства РК нормативов качества окружающей среды и экологических требований (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ҚР экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі қызметі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЭТАЛОН ЕДИНИЦЫ ВЕЛИЧИНЫ - эталон единицы величины, признанный решением уполномоченного органа по техническому регулированию и метрологии в качестве исходного на территории РК (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II)
|
ШАМА БІРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЭТАЛОНЫ - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның шешімімен ҚР аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап)
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЯЗЫК - язык государственного управления, законодательства, судопроизводства и делопроизводства, действующий во всех сферах общественных отношений на всей территории государства (ст. 4 ЗРК «О языках в РК» от 11 июля 1997 года № 151)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі («ҚР тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 ҚР3 4-бап)
|