ВНЕШНИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ДОЛГ - составная часть государственного долга по внешним государственным займам и другим долговым обязательствам Правительства РК и Национального Банка РК перед заимодателями-нерезидентами РК (ст. 194 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
МЕМЛЕКЕТТІК СЫРТҚЫ БОРЫШ - ҚР Үкіметінің және ҚР Ұлттық Банкінің ҚР қарыз беруші резидент еместерінің алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 194-бап)
|
ВНЕШНИЙ ЗАЕМ - отношения займа, в которых заимодателем выступает нерезидент РК, а заемщиком - Правительство РК или резидент РК (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ - қарыз беруші ҚР резиденті емес, ал қарыз алушы ҚР Үкіметі немесе ҚР резиденті болатын қарыз қатынастары (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)
|
ВНЕШНИЙ КОНТРОЛЬ - государственный финансовый контроль, осуществляемый Счетным комитетом по контролю за исполнением Республиканского бюджета и ревизионными комиссиями маслихатов (ст.132 БКРК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
СЫРТҚЫ БАҚЫЛАУ - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 132-бап)
|
ВНЕШНЯЯ БЕЗОПАСНОСТЬ- состояние защищен-ности национальных интересов РК от угроз, исходящих со стороны иностранных государств, организаций и граждан (ст.1 ЗРК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 года № 233)
|
СЫРТҚЫ ҚАУІПСІЗДІК - ҚР ұлттық мүдделерінің шет мемлекеттер, шетелдік ұйымдар мен азаматтар тарапы-нан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі («ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНЕШНЯЯ ТОРГОВЛЯ - торговая деятельность, связанная с вывозом из РК и (или) ввозом товаров в РК (ст.1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
СЫРТҚЫ САУДА - ҚР тауарлар әкетумен және (немесе) ҚР тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметі («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННИЕ ВОДОЕМЫ - озера, искусственные во дохранилища и другие поверхностные водные объекты (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)
|
ІШКІ СУ ТОҒАНДАРЫ - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жер үсті су объектілері («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННИЕ ВОДНЫЕ ПУТИ РК - естественные или искусственно созданные пути сообщения, обозначенные навигационными знаками или иным способом и используемые в целях судоходства (ст.1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)
|
ҚР ІШКІ СУ ЖОЛДАРЫ - навигациялық белгілермен немесе өзге де тәсілдермен белгіленген және кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННИЕ ВОЙСКА МИНИСТЕРСТВА ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РК - внутренние войска Министерства внутренних дел РК являются воинским формированием, предназначенным для обеспечения безопасности личности, общества и государства, защиты прав и свобод человека и гражданина от преступных и иных противоправных посягательств. Внутренние войска МВД РК имеют флаг и символ. Соединения и воинские части внутренних войск МВД РК имеют боевые знамена установленного образца (ст.1 ЗРК «О внутренних войсках Министерства внутренних дел РК» от 23 июня 1992 года)
|
ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ІШКІ ӘСКЕРЛЕРІ - ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған әскери құрама болып табылады. ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады («ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННИЕ ДОКУМЕНТЫ - документы, которые регулируют условия и порядок деятельности субъекта рынка ценных бумаг, его органов, структурных подразделений (филиалов, представительств), работников, оказание услуг и порядок их оплаты (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
ІШКІ ҚҰЖАТТАР - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызмет жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуін және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННИЙ ВОДНЫЙ ТРАНСПОРТ РК - вид транспорта, зарегистрированный на территории РК в соответствии с законодательством РК и осуществляющий судоходство и иную, связанную с судоходством деятельность на внутренних водных путях (ст.1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)
|
ҚР ІШКІ СУ КӨЛІГІ - ҚР заңнамасына сәйкес ҚР аумағында тіркелген және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын көлік түрі («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ДОЛГ - составная часть государственного долга по внутренним государственным займам и другим долговым обязательствам Правительства РК, Национального Банка РК и местных исполнительных органов перед заимодателями резидентами РК (ст.194 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
МЕМЛЕКЕТТІК ІШКІ БОРЫШ - ҚР Yкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың ҚР қарыз беруші резиденттерінің алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 194-бап)
|
ВНУТРЕННИЙ ЗАЕМ - отношения займа, в которых заимодателем выступает резидент РҚ а заемщиком - Правительство РК или резидент РК (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
ІШКІ ҚАРЫЗ - қарыз беруші ҚР резиденті, ал қарыз алушы ҚР Үкіметі немесе ҚР резиденті болатын қарыз қатынастары (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)
|
ВНУТРЕННИЙ КОНТРОЛЬ - государственный финансовый контроль, осуществляемый центральным уполномоченным органом по внутреннему контролю и службами внутреннего контроля (ст.132 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
ІШКІ БАҚЫЛАУ - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 132-бап)
|
ВНУТРЕННИЙ ТУРИЗМ - путешествие в пределах РК граждан РК и лиц, постоянно проживающих на ее территории (ст.6 ЗРК «О туристской деятельности в РК» от 13 июня 2001 года № 211)
|
ІШКІ ТУРИЗМ - ҚР азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың ҚР шегіндегі саяхаты («ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 ҚРЗ 6-бап)
|
ВНУТРЕННЯЯ МИГРАЦИЯ - постоянное или временное, атакже сезонное перемещение физических лиц внутри РК (ст.1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204)
|
ІШКІ КӨШІ-ҚОН - жеке адамдардың ҚР ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстыруы («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННЯЯ СРЕДА - комплекс условий жизни в жилых помещениях и условий труда в рабочих (производственных) помещениях, включающий социальные, эстетические, биологические, психологические и физико-химические факторы, в том числе природную радиацию, внешний шум, биотическое окружение, загрязненность, влажность, состав и перемещение воздуха, запахи, продукты сгорания, естественное и искусственное освещение, чистоту воды и другое (ст.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
|
ІШКІ ОРТА - тұрғын үй-жайлардағы өмір сүру жағдайларының және жұмыс (өндіріс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешені, ол әлеуметтік, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның ішінде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңіректі, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иістерді, жанған өнімдерді, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРЕННЯЯ ТОРГОВЛЯ - торговая деятельность, осуществляемая на территории РК (ст.1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
ІШКІ САУДА - ҚР аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРИГОСУДАРСТВЕННЫЕ ПРОЦЕДУРЫ - ратификация Парламентом РК, утверждение или принятие Президентом РК либо Правительством РК международного договора (ст.1 ЗРК «О международных договорах РК» от 30 мая 2005 года № 54)
|
МЕМЛЕКЕТІШІЛІК РӘСІМДЕР - халықаралық шартты ҚР Парламентінің ратификациялауы, ҚР Президентінің не ҚР Үкіметінің бекітуі немесе қабылдауы («ҚР халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРИХОЗЯЙСТВЕННОЕ ОХОТОУСТРОЙСТВО - комплекс мероприятий по инвентаризации, бонитировке, изучению природных и экономических условий охотничьих угодий, учету животных, проектированию биотехнических и эксплуатационных мероприятий, на основании которых разрабатывается план ведения охотничьего хозяйства (ст.1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
ШАРУАШЫЛЫҚІШІЛІК АҢШЫЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ - аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, биотехникалық және пайдалану шараларын жобалау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы, олардың негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары әзірленеді («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРИХОЗЯЙСТВЕННОЕ РЫБОУСТРОЙСТВО - комплекс мероприятий по инвентаризации, изучению природных и экономических условий рыбохозяйственных водоемов (участков), учету рыбных ресурсов, проектированию рыбоводно-мелиоративных и эксплуатационных мероприятий, на основании которых разрабатывается план ведения рыбного хозяйства (ст.1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)
|
ШАРУАШЫЛЫҚІШІЛІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ - балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) түгендеу, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, балық ресурстарын есепке алу, балық-су-мелиоративтік және пайдалану шараларын жобалау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы, олардың негізінде балық шаруашылығын жүргізу жоспары әзірленеді («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)
|
ВНУТРИФИРМЕННАЯ СИСТЕМА ЭКСПОРТНОГО КОНТРОЛЯ - комплекс мероприятий организационного, административного, информационного и иного характера, осуществляемых участниками внеэкономической деятельности с целью соблюдения правил экспортного контроля (ст.1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)
|
ФИРМА ІШІНДЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ - экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешен («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9-І ҚРЗ 1-бап)
|
ВОДКИ И ВОДКИ ОСОБЫЕ - алкогольная продукция, полученная специальной обработкой абсорбентом водно-спиртового раствора крепостью тридцать восемь-сорок пять процентов, пятьдесят процентов и пятьдесят шесть процентов с добавлением ингредиентов или без них, с последующей фильтрацией (ст.5 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429)
|
АРАҚТАР МЕН АЙРЫҚША АРАҚТАР - арақ-спирт ерітіндісін абсорбентпен арнайы өңдеумен алынған, сосын сүзгіден өткізілген ингредиенттер қосылған немесе олар қосылмаған, күштілігі отыз сегіз - қырық бес процент, елу процент және елу алты процент алкоголь өнімі («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 5-бап)
|
ВОДНО-БОЛОТНЫЕ УГОДЬЯ, ИМЕЮЩИЕ МЕЖДУНАРОДНОЕ ЗНАЧЕНИЕ - естественные и искусственные водоемы, включая морские акватории, которые служат резерватами значительной совокупности редких, уязвимых или исчезающих видов или подвидов растений или животных, прежде всего мигрирующих водоплавающих птиц, представляющих собой международный ресурс (ст.75 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» 7 июля 2006 года № 175)
|
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР СУЛЫ-БАТПАҚТЫ АЛҚАПТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ - нәзік немесе жойылып бара жатқан түрлерінің немесе қосымша түрлерінің, ең алдымен халықаралық ресурс болып табылатын қоныс аударатын суда жүзетін құстардың едәуір дәрежеде жиынтық мөлшерінің резерваттары қызметін атқаратын теңіз су айдындарын қоса алғанда, табиғи және жасанды су бөгендері халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 75-бап)
|
ВОДНОЕ ХОЗЯЙСТВО - отрасль экономики, связанная с использованием, охраной и воспроизводством водных объектов (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - су объектілерін пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДНЫЕ ОБЪЕКТЫ - воды, сосредоточенные в рельефе поверхности суши и недрах земли, имеющие границы, объем и водный режим (ст.1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)
|
СУ ОБЪЕКТІЛЕРІ- құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
|
ВОДНЫЙ РЕЖИМ - изменение во времени уровней, расходов и объемов воды в водных объектах и почвогрунтах (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ РЕЖИМІ - су объектілерімен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДНЫЙ СЕРВИТУТ - право ограниченного пользования водным объектом (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ СЕРВИТУТЫ- су объектісін шектеулі пайдалану құқығы (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОЗАБОРНОЕ СООРУЖЕНИЕ - комплекс сооружении и устройств для забора воды из водных объектов (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ТАРТУ ҚҰРЫЛЫСЫ - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОНОСНЫЕ ЗОНЫ, ГОРИЗОНТЫ И КОМПЛЕКСЫ ГОРНЫХ ПОРОД - воды, сосредоточенные в трещинах и порах горных пород и находящиеся в гидравлической связи (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
ТАУ-КЕН ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ СУ ТҰТҚЫШ АЙМАҚТАРЫ ЖИЕКТЕРІ МЕН КЕШЕНДЕРІ - тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДООХРАННАЯ ЗОНА - территория, примыкающая к водным объектам и водохозяйственным сооружениям, на которой устанавливается специальный режим хозяйственной деятельности для предотвращения загрязнения, засорения и истощения вод (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДООХРАННАЯ ПОЛОСА - территория шириной не менее двадцати метров в пределах водоохранной зоны, прилегающая к водному объекту и водохозяйственным сооружениям, на которой устанавливается режим ограниченной хозяйственной деятельности (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ҚОРҒАУ БЕЛДЕУІ - шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне және су шаруашылығы құрылыстарына іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде жиырма метр аумақ (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОПОЛЬЗОВАНИЕ - использование водных ресурсов в порядке, установленном законодательством РК, для удовлетворшия собственных нужд и (или) коммерческих интересов физических и юридических лиц (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ПАЙДАЛАНУ - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОПОЛЬЗОВАТЕЛИ - физические и юридические лица, использующие гидротехнические сооружения, устройства и оборудование (ст.1 ЗРК «О сельском потребительском кооперативе водопользователей» от 8 апреля 2003 года № 404)
|
СУ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР - гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды пайдаланатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар («Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 404-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВОДОПОЛЬЗОВАТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, которому в порядке установленном законодательством РК, предоставлено право использования водных ресурсов для удовлетворения собственных нужд и (или) коммерческих интересов (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ПАЙДАЛАНУШЫ - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОПОТРЕБИТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, потребляющее воду из водных объектов или пользующееся услугами водохозяйственных организаций и получающее воду из систем водоснабжения (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ТҰТЫНУШЫ - су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОСБОРНАЯ ПЛОЩАДЬ - терриюрия, в пределах границ которой формируются водные ресурсы водного объекта (ст.1 Водного кодекса РК 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ЖИНАУ АЛАҢЫ - шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастырылатын аумақ (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОСБЕРЕЖЕНИЕ - система мер, обеспечивающая рациональное и эффективное использование водных ресурсов (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ҮНЕМДЕУ - су ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОТОК - водный объект, характеризующийся движением воды в направлении уклона в углублении земной поверхности (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
АҒЫН СУ - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОХОЗЯЙСТВЕННАЯ СИСТЕМА - комплекс взаимосвязанных водных объектов и гидротехнических сооружений, предназначенных для обеспечения рационального использования и охраны вод, а также для отведения сточных вод (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕСІ - суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ағынды суларды бұруға арналған өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОХОЗЯЙСТВЕННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ - юридические лица, деятельность которых связана с регулированием, доставкой, воспроизводством вод, водоподготовкой, отведением сточных вод и эксплуатацией водных объектов (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЙЫМДАРЫ - қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, молайтумен, су дайындаумен, ағынды суларды бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДОХОЗЯЙСТВЕННЫЕ СООРУЖЕНИЯ - искусственно созданные гидротехнические сооружения и устройства на водных объектах с целью регулирования использования и охраны водных ресурсов, обеспечения водой населения и отраслей экономики, отведения сточных вод и устранения вредного воздействия вод (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды бұру және судың зиянды әсерін жою мақсаты-мен су объектілерінде жасанды құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОДЫ - совокупность всех вод, сосредоточенных в водных объектах (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
СУЛАР - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ВОЕНИЗИРОВАННАЯ АВАРИЙНОӨСПАСАТЕЛЬНАЯ ЧАСТЬ - специализированная организация, предназначенная для круглосуточного обслуживания опасных производственных объектов, действующая и руководствующаяся принципами единоначалия и выполняющая аварийно-спасательные работы в условиях повышенной опасности, с допустимым риском для здоровья и жизни спасателей (cт.1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87)
|