«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты
Жалпы ережелер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
Осы мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен әзірленді (бұдан әрі – ККМ).
Мемлекеттік қызмет беруші болып 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша көрсететін «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады. Құжаттарды қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша қызмет атқаратын ККМ Байланыс және ақпараттандыру комитетінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қызмет берушіге жүгінген күннен бастап мемлекеттік қызмет алу мерзімі қажетті құжаттарды қызмет алушы тапсырған сәттен бастап тексеру нәтижесі оң болған жағдайда –жиырма алты жұмыс күнінен аспайды;
депозитке салу өтінімі тиісті ресімделмеген не ұсынылған құжаттар жиынтығы толық болмаған жағдайда, депозитке салу өтінімін және құжаттар жиынтығын қайтару – оларды тапсырған сәттен бастап жиырма бір жұмыс күнінен аспайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – он бес минуттан аспайды;
3) жүгінген күні қызмет алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыты – он бес минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі депозитке салу объектісінің депозитарийде тіркелгені туралы қағаз тасығышта анықтама беру (бұдан әрі – анықтама), немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) мемлекеттік қызмет аптасына бес күн (дуйсенбі – жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) қызмет берушімен көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызмет алушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салуға арналған белгіленген нысандағы өтінім;
2) ілеспе хаттан бөлек бір конвертке (пакетке) екі данада (түпнұсқасы және көшірмесі) мына жиынтықта салынған электрондық тасығыштағы (компакт-дискілердегі) материалдар:
ақпараттық жүйенің мыналарды қамтитын атқарылатын бағдарламалық кодтары:
авторлық кұқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;
қолмен және автоматты түрдегі компиляциясы үшін қажетті қызметтік файлдар;
компиляция процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасын көрсете отырып), депозитке салынатын бағдарламалық өнімді құрастыру үшін қажетті әзірлеу ортасын ретке келтіру ерекшеліктерінің сипаттамасы;
ақпараттық жүйелердің мыналарды қамтитын инсталляциялау пакеті:
депозитке салынатын бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттері;
депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей құрған, құрастырылған модульдері (құрауыштары), сондай-ақ басқа әзірлеушілердің құрастырылған модульдері (құрауыштары), депозитке салынатын бағдарламалық өнімді компиляциялау, орнату және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті ретке келтіру мен жұмыс деректері бар файлдар;
қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;
ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы;
қатты қағаздан жасалған конвертке (пакетке) салынған және алдын ала тігілген қағаз тасығышта екі данадағы (түпнұсқасы мен көшірмесі), сондай-ақ бөлек конвертке (пакетке) салынған электронды түрдегі компакт-дискіде екі данадағы (түпнұсқасы мен көшірмесі) нормативтік-техникалық құжаттама мынадай жиынтықта ұсынылады:
депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің ерекшелігі;
техникалық тапсырма (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезендерінің);
формуляр (негізгі сипаттамалары, жинақтылық және депозитке салынатын бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер);
бағдарламалық өнімнің сипаттамасы (жұмыстың және өзара әрекет схемалары мен диаграммаларымен қоса алғанда, бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер);
түсіндірме жазба (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнім алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі);
қолданылу сипаттамасы (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі кескіні туралы мәліметтер);
орнату жөніндегі басшылығы;
әкімшілік басшылығы;
пайдаланушының басшылығы;
техникалық тапсырма бойынша талап етілетін өзге де құжаттар;
3) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар.
Ілеспе хаттың көшірмесіндегі белгі және оны алу күнінің көрсетілуі қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден келесі жағдайларда бас тартылады:
1) өтінімнің тиісті ресімделмегенде;
2) қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттардың біреуін тапсырмағанда.
Шағымдану тәртібі.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы шағымды Комитет Төрағасының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 қабылдау бөлмесі телефоны, kci@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты қызмет алушы (87172) 74-06-85 телефоны арқылы Комитеттің лауазымды тұлғасынан ала алады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмеу мәселелері бойынша шағымды қызмет алушы:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (87172) 24-29-09 «сенім телефонына»;
2) www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «сенім беті» бөліміне;
3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті).
Дұрыс қызмет көрсетілмеу мәселелері бойынша жазбаша шағым ККМ кеңсесіне: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: (87172) 24-13-12 мекенжайы бойынша беріледі.
13. Жеке тұлғаның шағымында оның аты-жөні, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. Шағымда қызмет алушының қолы болуы тиіс.
14. Қабылданған шағым ККМ кеңсесінің ақпараттық есеп журналында тіркеледі. Шағымның екінші данасында шағымды/жүгінуді қабылдау күні мен уақытын, қабылдаған тұлғаның фамилиясы мен инициалдарын белгілеу және берілген шағымға жауап алу мерзімі, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерінің көрсетілуі шағымның қабылданғанын растайды.
15. Шағымды қарау нәтижесі туралы хабарлама қызмет алушыға жазбаша түрде пошта арқылы тапсырыс хатпен жеткізіледі
16. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар.
Өтінім нысандары мен оларды толтыру бойынша түсіндірмелер: www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметті көрсетуге қызмет алушы болуына болады.
Мемлекеттік қызмет
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасы мен 23-бабы;
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты
www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан;
(87172) 74-06-85 телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметті алу туралы қысқаша ақпарат мемлекеттік қызметті алу тәртібі бойынша қызмет алушының Жаднамасында көрсетілген ( 1 қосымша).
Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының іс-әрекетінің реттілігі мемлекеттік қызметті алу Сызбасында көрсетілген (2 қосымша).
______________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |