ВАГОН - несамоходное прицепное транспортное средство, предназначенное для перевозки по железнодорожным путям (ст.1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
|
ВАГОН - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздігінен жүрмейтін тіркемелі көлік құралы («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)
|
ВАКАНСИЯ - свободное рабочее место (должность) у работодателя (ст.1 ЗРК «О занятости населения» от 23 января 2001 года № 149)
|
БОС ОРЫН - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет) («Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 ҚРЗ 1-бап)
|
ВАЛЮТА - денежные единицы, принятые государствами как законное платежное средство, или официальные стандарты стоимости в наличной и безналичной формах, в виде банкнот, казначейских билетов и монет, в том числе из драгоценных металлов (включая изъятые или изымаемые из обращения, но подлежащие обмену на находящиеся в обращении денежные знаки), атакже средства на счетах, в том числе в международных денежных или расчетных единицах (ст.1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)
|
ВАЛЮТА - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)
|
ВАЛЮТА ВЕКСЕЛЯ - денежная единица, в которой выражена сумма векселя (п.п.н.з ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)
|
ВЕКСЕЛЬ ВАЛЮТАСЫ - вексельдің сомасы көрсетілген ақша бірлігі («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-1 ҚРЗ о.з.щ.у.)
|
ВАЛЮТНЫЕ ОПЕРАЦИИ - операции, связанные с переходом права собственности и иных прав на валютные ценности, а также использование валютных ценностей в качестве средства платежа; ввоз, пересылка и перевод в РК, а также вывоз, пересылка и перевод из РК валютных ценностей, национальной валюты, ценных бумаг и платежных документов, номинал которых выражен в национальной валюте, не имеющих номинала ценных бумаг, выпущенных резидентами (ст.1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)
|
ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР - валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды ҚР әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ ҚР әкету, жіберу және аудару («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)
|
ВАЛЮТНЫЕ ЦЕННОСТИ - иностранная валюта; ценные бумаги и платежные документы, номинал которых выражен в иностранной валюте; не имеющие номинала ценные бумаги, выпущенные нерезидентами; аффинированное золото в слитках; национальная валюта, ценные бумаги и платежные документы, номинал которых выражен в национальной валюте, в случае совершения с ними операций между резидентами и нерезидентами, а также между нерезидентами; не имеющие номинала ценные бумаги, выпущенные резидентами, в случае совершения с ними операций между резидентами и нерезидентами, атакже между нерезидентами (ст.1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)
|
ВАЛЮТАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - шетел валютасы; номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары; резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар; тазартылған құйма алтын; резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары; резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)
|
ВАЛЮТНЫЙ ДОГОВОР - соглашение, учредительные документы, включая изменения и дополнения к ним, а также иные документы, на основании и (или) во исполнение которых осуществляются валютные операции (ст.1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)
|
ВАЛЮТАЛЫҚ ШАРТ - өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келісім, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)
|
ВАНДАЛИЗМ - осквернение зданий или иных сооружений надписями или рисунками, или иными действиями, оскорбляющими общественную нравственность, а равно умышленная порча имущества на транспорте или в иных общественных местах (ст. 258 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
ТАҒЫЛЫҚ - үйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 КР ҚК 258-бап)
|
ВАХТОВЫЙ МЕТОД - особая форма осуществления трудового процесса вне места постоянного проживания работников, когда не может быть обеспечено ежедневное их возвращение к постоянному месту жительства (ст. 210 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)
|
ВАХТАЛЫҚ ӘДІС - қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек Кодексі 210-бап)
|
ВВОЗ И ВЫВОЗ НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ - перемещение наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров из одного государства в другое государство (cТ.1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫ ӘКЕЛУ МЕН ӘКЕТУ - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізілуі («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕБ-САЙТ - совокупность данных и программно-технических средств, объединенных под одним доменным именем в информационно-телекоммуникационной сети и имеющих общую навигацию (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
ВЕБ-САЙТ - ақпараттық-телекоммуникациялық желіде бір домендік атаумен біріктірілген және ортақ навигациясы бар деректер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕБ-ПОРТАЛ «ЭЛЕКТРОННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА» - информационная система, предоставляющая единую точку доступа ко всем электронным услугам и электронным информационным ресурсам «электронного правительства» (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ВЕБ-ПОРТАЛЫ - «электрондық үкіметтің» барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕДОМСТВЕННОЕ ОХРАННОЕ ПОДРАЗДЕЛЕНИЕ - специальная ведомственная служба охраны государственных органов, входящая в состав (структуру) этих государственных органов, не являющаяся юридическим лицом и предназначенная для охраны их материальных и денежных ценностей, а также для выполнения иных задач, определяемых законодательством РК (ст.13 ЗРК «Об охранной деятельности» от 19 октября 2000 года № 85)
|
ВЕДОМСТВОЛЫҚ КҮЗЕТ БӨЛІМШЕСІ - мемлекеттік органдардың құрамына (құрылымына) кіретін, заңды тұлға емес және олардың материалдық және ақшалай құндылықтарын күзетуге, сондай-ақ ҚР заңдарында белгіленетін өзге де міндеттерді орындауға арналған мемлекеттік органдардың арнаулы ведомстволық күзет қызметі («Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы № 85 ҚРЗ 13-бап)
|
ВЕДОМСТВЕННЫЕ КАРТОГРАФО-ГЕОДЕЗИЧЕСКИЕ ФОНДЫ - совокупность геодезических, топографических, картографических, гидрографических, гравиметрических и аэрокосмосъемочных материалов и данных, имеющих специальное и (или) отраслевое значение, и находятся в ведении соответствующих центральных исполнительных органов (ст.12 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)
|
ВЕДОМСТВОЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ҚОРЛАР - геодезиялық қорлар арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, гравиметриялық және аэроғарыштық түсірілімдік материалдармен деректердің жиынтығы болып табылады және тиісті орталық атқарушы органдардың қарамағында болады («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 12-бап)
|
ВЕДОМСТВЕННЫЕ СТАТИСТИЧЕСКИЕ НАБЛЮДЕНИЯ - наблюдения, проводимые государственными органами РК (ст.2 ЗРК «О государственной статистике» от 7 мая 1997 года № 98)
|
ВЕДОМСТВОЛЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАР - ҚР мемлекеттік органдары жүргізетін байқаулар («Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98 ҚРЗ 2-бап)
|
ВЕДОМСТВЕННЫЙ АРХИВ - учреждение или структурное подразделение государственного юридического лица, осуществляющее собирание, временное хранение и использование документов Национального архивного фонда, а также документов, не вошедших в его состав (ст.1 ЗРК «О национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326)
|
ВЕДОМСТВОЛЫҚ МҰРАҒАТ - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаның мекемесі немесе құрылымдық бөлімшесі («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕДОМСТВЕННЫЙ УЧЕТ - сбор, регистрация, систематизация, классификация и хранение сведений о лицах, предметах и событиях, не связанных с оперативными и специальными учетами, для обеспечения внутриведомственной деятельности государственного органа (ст.1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510)
|
ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттік органның ішкі ведомстволық қызметін қамтамасыз ету үшін тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәліметтер жинау, тіркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕКСЕЛЕДАТЕЛЬ - юридическое или физическое лицо, выдавшее вексель (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)
|
ВЕКСЕЛЬ БЕРУШІ - вексель берген заңды немесе жеке тұлға ( «ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)
|
ВЕКСЕЛЕДЕРЖАТЕЛЬ - владелец векселя, имеющий право на получение указанной в нем суммы денег (п.п.н.з. ЗРК «0 вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997года № 97)
|
ВЕКСЕЛЬ ҰСТАУШЫ - вексельде көрсетілген ақша сомасын алуға құқығы бар вексель иесі («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)
|
ВЕКСЕЛЬ - платежный документ строго установленной формы, содержащий одностороннее безусловное денежное обязательство (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)
|
ВЕКСЕЛЬ - біржақты сөзсіз ақшалай міндеттемені білдіретін қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)
|
ВЕКСЕЛЬНАЯ БУМАГА - разновидность гербовой бумаги, обладающая определенной степенью защиты и предназначенная для составления на ней векселя (п.п.н.з. ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)
|
ВЕКСЕЛЬ ҚАҒАЗЫ - белгілі бір қорғалу дәрежесі бар және оған вексель жасауға арналған елтаңбалы қағаздың бір түрі («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)
|
ВЕКСЕЛЬНОЕ ОБРАЩЕНИЕ - включает в себя выпуск на территории РК простых и переводных коммерческих векселей, передачу права требования по векселям, в том числе выпущенным за пределами РК, исполнение обязательств по таким векселям и операции, связанные с ними, их учет учетными конторами и переучет Национальным Банком РК (ст.78 ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97-І)
|
ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ - ҚР аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерін шығаруды, вексельдер, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын беруді, осындай вексельдер жөніндегі міндеттемелер мен оларға байланысты операцияларды орындауды, оларды есеп кеңселерінің есепке алуын және ҚР Ұлттық Банкінің қайта есепке алуын қамтиды («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97-1 ҚРЗ 78-бап)
|
ВЕРХОВНЫЙ СУД РК - высший судебный орган по гражданским, уголовным и иным делам, подсудным судам общей юрисдикции, осуществляет в предусмотренных законом процессуальных формах надзор за их деятельностью и дает разъяснения по вопросам судебной практики (ст. 81 Конституция РК от 30 августа 1995 года)
|
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ - азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы 81-бап)
|
ВЕТВЕВЛАДЕЛЕЦ - лицо, владеющее железнодорожным подъездным путем на праве собственности или иных законных основаниях (ст.1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
|
ТАРМАҚ ИЕЛЕНУШІ - меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде темір жолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРИЯ (ОБЛАСТЬ ВЕТЕРИНАРИИ) - область специальных научных знаний и практической деятельности, направленная на изучение болезней и пищевых отравлений (поражений) животных, их профилактику, диагностику, лечение и ликвидацию, обеспечение соответствия объектов государственного ветеринарного надзора требованиям законодательства PК в области ветеринарии, а также защиту населения от болезней, общих для животных и человека (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯ (ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің ҚР ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРНО-САНИТАРНАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ - состояние объектов государственного ветеринарного надзора, не представляющее опасности для здоровья животных и человека при обычных (установленных) условиях их использования (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланылатын дағдылы (белгіленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРНО-САНИТАРНАЯ ЭКСПЕРТИЗА - проверка соответствия животных, продуктов и сырья животного происхождения ветеринарным нормативам комплексом органолептических, биохимических, микробиологических, паразитологических, токсикологических и радиологических исследований в порядке, установленном уполномоченным государственным органом в области ветеринарии (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМА - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеруі («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРНЫЕ ДОКУМЕНТЫ - ветеринарно-санитарное заключение, ветеринарное свидетельство, ветеринарный сертификат, ветеринарная справка, выдаваемые ветеринарными инспекторами на объекты государственного ветеринарного надзора в порядке, установленном уполномоченным государственным органом в области ветеринарии (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ - комплекс противоэпизоотических, ветеринарно-санитарных процедур, направленных на предотвращение возникновения, распространения или ликвидацию болезней животных, включая их профилактику, лечение или диагностику; обезвреживание (обеззараживание), изъятие и уничтожение животных, зараженных особо опасными болезнями, представляющими опасность для здоровья животных и человека; повышение продуктивности животных; обеспечение безопасности продуктов и сырья животного происхождения, включая процедуры идентификации, в целях защиты здоровья животных и человека от заразных болезней, в том числе общих для животных и человека (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРНЫЕ НОРМАТИВЫ (ВЕТЕРИНАРНЫЕ, ВЕТЕРИНАРНО-САНИТАРНЫЕ ИЛИ ЗООГИГИЕНИЧЕСКИЕ НОРМЫ) - допустимое количественное или качественное значение показателей, характеризующих ветеринарный или ветеринарно-санитарный фактор с точки зрения его безопасности для здоровья животных и человека, окружающей среды (ст.29 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года №339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ НОРМАТИВТЕР (ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ЗООГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАЛАР) - ветеринариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәні («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 29-бап
|
ВЕТЕРИНАРНЫЕ (ВЕТЕРИНАРНО-САНИТАРНЫЕ) ПРАВИЛА - нормативный правовой акт, определяющий порядок проведения ветеринарных мероприятий на основе ветеринарных нормативов, утверждаемый уполномоченным государственным органом в области ветеринарии, являющийся обязательным для исполнения физическими и юридическими лицами, осуществляющими деятельность в области ветеринарии (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ (ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ) ЕРЕЖЕЛЕР - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орын-дау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРНЫЕ ПРЕПАРАТЫ - вещества животного, растительного или синтетического происхождения, предназначенные для профилактики, диагностики, лечения болезней животных, повышения их продуктивности, дезинфекции, дезинсекции и дератизации, а также вещества, используемые в качестве средств парфюмерии или косметики для животных (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатын немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ВЕТЕРИНАРНЫЙ ПАСПОРТ - документ, установленной уполномоченным государственным органом в области ветеринарии формы, в котором указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного, сроки и характер проведенных ветеринарных обработок в целях профилактики, лечения и диагностики болезней животных (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)
|
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАСПОРТ - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|