Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары Негізгі ережелер



жүктеу 79,36 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі79,36 Kb.
#13747

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы 
№ 229 бұйрығына     
4-қосымша        
Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары
1. Негізгі ережелер
      1. Осы Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленеді және Пана үйінің қызметін (бұдан әрі – Пана үйі) реттейді.
      2. Пана үйі - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету және бұдан әрі өмірге баулу тәсілімен әлеуметтік көмек беру үшін құрылған білім беру мекемесі.
      3. Пана үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді.
      4. Пана үйі нақты міндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимі ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға қарай мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылуы мүмкін.
      5. Пана үйі:
      1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
      2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
      3) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
      6) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
      7) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.
      6. Пана үйі өз жарғысын Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», Қазақстан Республикасы заңдарының, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499, «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені коспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 919 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және осы қағиданың негізінде әзірлейді.
2. Тәрбиелеуді ұйымдастыру
      7. Тәрбиенушілердің тұруын және тәрбиелеуді ұйымдастыру олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады.
      8. Күн тәртібі тәрбиенушілердің Пана үйінде тәулік бойы болуын ескере отырып құрылады.
      9. Пана үйінде тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгі мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатымен жүргiзіледi.
      10. Балалар үйінде тәрбиеленушілердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн.
      11. Пана үйінің тәрбиеленушілері музыка, көркемсурет, спорттық және өзге де мектептердің, әртүрлі үйірмелер мен секцияларға, байқауларға, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрмелерге және өзге де іс-шараларға оқушылармен бірге қатыса алады.
      12. Пана үйінің мектеп жасындағы тәрбиеленушілері тиісті елді мекендегі жалпы білім беретін мектепте білім алады.
      13. Пана үйінде әртүрлі жастағы, бір жастағы (3 жастан бастап одан жоғары - 15 адамға дейін) топтар құрылады.
      14. Пана үйіне күнтізбелік жыл бойы 3 жастан 18 жасқа дейінгі аралықтағы балалар қабылданады.
      15. Пана үйіне орналастыру үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органның (бұдан әрі – орган) жолдамасы, оған қосымша тастанды бала немесе оны тастап кеткендігі туралы құқық қорғау органдары қызметкерлері жасаған актіні, баланы алып қою туралы актісін, ата-аналарының жоқтығын дәлелдейтін басқа да бар құжаттар тіркеледі.
      16. Түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері, сондай-ақ жекелеген айрықша жағдайларда кәмелетке толмаған жасөспірімдер қалалық, аудандық ішкі істер органдары басшыларының өкімімен пана үйіне орналастырылуы мүмкін.
      17. Балаларды Пана үйіне қабылдау кезінде тіркеу, алғашқы медициналық тексеру жүргізіледі және кәмелетке толмағанға жеке іс ашылады.
      18. Балалардың Пана үйінде болу мерзімі алты айдан аспайды.
      Пана үйіне жолданған әрбір балаға, оның тұрғылықты мекен жайында орналасқан мектептің әлеуметтік педагогы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қажетті құжаттар пакетін болған жағдайда ұсынады:
      1) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
      2) денсаулығы мен егулер туралы медициналық құжаттар;
      3) білімі туралы құжаттар (егер бала мектеп жасында болса);
      4) баланың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі;
      5) балаға оқу орнынан берілген мінездеме;
      6) баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттар (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар).
      19. Пана үйінің әкімшілігі баланы одан әрі өмірлік орналастыру үшін бала мәртебесін растайтын толық құжаттар пакетін жинақтау жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.
      20. Кәмелетке толмаған жасөсіпірім Пана үйіне қабылданғаннан кейін оны тәрбиеленушілер қатарына енгізу туралы бұйрық шығарылады.
      21. Пана үйіне мынадай кәмелетке толмағандар қабылданбайды:
      1) алкогольдік ішімдік ішкен, нашақорлық немесе токсикологиялық масаң күйдегі;
      2) психикалық ауру белгілері бар;
      3) қылмыс жасаған немесе құқық бұзғандар.
      22. Пана үйінен басқа білім мекемесіне ауыстыру жергілікті әкімшілік қаулысымен және білім басқармасының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілердін жеке құжаттары тәрбиеленуші тұратын және білім алатын ұйымның өкіліне беріледі.
      23. Тәрбиеленушіні қандай да бір отбасына қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа, патронаттық тәрбиелеуге немесе асырап алуға беру қамқоршылық немесе қорғаншылық тағайындалғаны туралы жергілікті әкімшілік қаулысымен, патронаттық тәрбиеге беру туралы келісім шарт, асырап алу туралы соттың шешімі, сонымен қатар баланы беру туралы органның хаты негізінде жүзеге асырылады.
      24. Себептері көрсетілген тәрбиеленушінің шығарылғаны туралы журналда тиісті жазба жазылады.
      25. Ата-аналары ата-аналық құқықтарын қалпына келтірілген жағдайда тәрбиеленушілердің туған отбасына оралуы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының  Кодексінің негізінде, сот шешімі, ата-анасының өтініші және олар балаларын тәрбиелеуге мүмкіндігін барын растайтын құжаттары мен органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
      26. Пана үйінде қызметкерлерге психологиялық сүйемелдеуді, кеңес беруді және профилактикалық жұмысты педагог-психолог жүргізеді.
      27. Педагог-психолог:
      1) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалдық әсерленушілік жағдайындағы тәрбиешілерге, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек пен қолдауды жүзеге асырады;
      2) тәрбиеленушілердің бейәлеуметтік әрекеттерін ескертеді және оларды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;
      3) тәрбиешілермен, олардың ата-аналарымен және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін таңдайды.
      28. Тәрбиеленушілердің жеке психологиялық медициналық педагогикалық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделеуді, уақытында әлеуметтік көмек көрсетуді әлеуметтік педагогтар жүзеге асырады.
      29. Әлеуметтік педагог:
      1) мүдделі ведомствоалармен байланысты жүзеге асырады, тәрбиеленушілер мен бітірушілердің құқықтарын сақтау және заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуі мәселелері бойынша балалар үйінің әкімшілігіне, тәрбиешілерге көмек көрсетеді;
      2) тәрбиеленушілердің картотекасын, дерекқорын құрады;
      3) кәсіби бағдар беру жұмысын және тәрбиеленушілердің еңбекпен қамтылуын іске асырады;
      4) әлеуметтік және мектептік бейәлеуметтенуін түзейді;
      5) психологпен бірге өмiрде қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жүргізеді, консультация, сауалнама және рейдтік іс-шараларды іске асырады;
      6) тәрбиеленушіге тиісті жәрдемақылардың уақтылы рәсімделуі; тәрбиеленушілердің тұрғын үйінің сақталуы, тұрғын үй алуға кезекке қою бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      7) тәрбиеленушінің жеке іс-құжатын қалыптастыру бойынша жұмысты іске асырады.
      30. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді штаттық медициналық персонал қамтамасыз етеді.
      31. Медициналық қызметкерлер:
      1) тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын, физикалық және психикалық дамуын бақылауды;
      2) жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексерулерді, профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, олардың тиімділігін бағалауды;
      3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын медициналық бақылауды;
      4) тағам сапасына бақылауды жүзеге асыру, тәрбиеленушілердің оқу және оқудан тыс іс-әрекетінде тиімді тәртіпті сақтауды, еңбекке баулу процесінде санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз етуді;
      5) денсаулық жағдайларын ескере отырып, тәрбиеленушілерге кәсіби ұсыныстар беруді;
      6) тәрбиеленушілермен гигиеналық тәрбие бойынша жұмыс, санитарлық-ағартушылық білімді насихаттауды қамтамасыз етеді.
      32. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде білім беру ұйымының әкімшілігі оны күтіп-бағу, тәрбиелеу, жалпы орта білім алу жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған не олар өз құқықтарын теріс пайдаланған жағдайда, баланың өз бетінше құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға, ал он төрт жасқа толғаннан кейін сотқа өтініш жасауға құқығы бар.
      33. Пана үйін басқаруды білім беру ұйымдарының құрылтайшысы тағайындайтын директор жүзеге асырады.
      34. Пана үйінің директоры:
      1) балалар үйі қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      2) өзге де ұйымдармен қарым-қатынас кезінде пана үйі ретінде танылады;
      3) балалар үйінің жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.
      4) балалар үйін басқару құрылымын және штаттық кестені, лауазымдық міндеттерді үлестіріп, бекітеді.
      35. Пана үйін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      36. Пана үйіне қосымша қаражаттың түсуі нормативтерді және Пана үйінің құрылтайшысының есебінен қаржыландырудың абсолюттік өлшемін төмендетуге алып келмейді.
      37. Пана үйі іс-жүргізуді жүргізеді және бағыныстылығына қарай білім органдарына есептілікте болады.
жүктеу 79,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау