ҚҰрылыс нормалары және ережелер



жүктеу 8,54 Mb.
бет22/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58

9.2.11 Дегазаторлар
9.2.11.1 Тоспа суларда емі-еркін күйінде болатын еріген ғаздарды кетіру үшін барботажды сұйықтық қабаты бар, пішіні әртүрлі саптамалары бар дегазаторлар мен шашырататын қуыс аппараттарды қолдану қажет.

9.2.11.2  Дегазаторлармен атмосфералық қысымда немесе вакуум астында жұмыс істеуге жол беріледі.Процессті интенсификациялау үшін дегазаторға ауа немесе инертті газ жіберу қажет.

9.2.11.3 Вакуум астында немесе атмосфералық қысыммен жұмыс істеген уақытта дегазацияланатын судың бір көлеміне келетін жіберілетін ауа көлемін аппараттар үшін тиісінше қабылдау қажет:

- 3 көлемнен 5 көлемге дейін саптамамен;

- 5 көлемнен 15 көлемге дейін барботажды;

- 10 көлемнен 20 көлемге дейін шашырамалы.



9.2.11.4 Саптаманың жұмыс қабатының биіктігін 2 м бастап, 3 м дейін алу қажет, барботажды қабаттың биіктігін 3 м асырмай алу қажет, шашырату аппаратында 5 м. Саптама ретінде көлемі 25 мм х 25 мм х 4 мм қышқыл өткізбейтін қыш сақиналарды немесе хордалы ағаш саптамалар қолдануға жол беріледі.

9.2.11.5 Бағаналы дегазаторлар үшін жұмыс қабаты биіктігінің аппараттың диаметріне қатынасы вакуум астында жұмыс істеген уақытта 3 аспауы және атмосфералық қысым кезінде 7 аспауы тиіс, барботажды аппараттар үшін ұзындықтың енге қатынасы 4 аспауы тиіс.

9.2.11.6 Саптамасы бар аппараттарды дегазацияланатын судағы қалқымалы заттардың мөлшері 500 мг/л аспағанда, барботажды және шашыратқышты – мөлшері көп болған уақытта қолданған жөн.

9.2.11.7 Аппаратардағы сұйықтықты үлестіру үшін шығатын жердегі саңылауы 10 мм  20 мм центрден тепкіш саптамаларды пайдалану қажет.

9.2.11.8 Шығарылатын газ көлемін Wg, м3 мына формула бойынша анықтау қажет:
(9.29)
мұнда, Ff - фазалар контактінің жалпы беті, м2;

Kx – фазалар контакті бетінің бірлігіне немесе аппараттың көлденең қимасына жатқызылған және ғылыми-зерттеу ұйымдарының деректері бойынша қабылданатын массажіберу коэффициенті.
9.3  Тоспа суларды биологиялық тазалауға арналған құрылыстар
9.3.1  Биологиялық тазалау құрылыстары
9.3.1.1 Аэробты биологиялық тазалау құрылыстарын (батырылмаған және батырылған биосүзгілер, аэротенктер, жұмысы мерзімдік реакторлар, биореакторлардың басқа типтері, биологиялық тоғандар, буландырғыш-тоғандар, буландыру алаңдары) тоспа суларды биохимиялық ыдырайтын органикалық ластанудан, азот бірігулерінен тазалау үшін қолдану қажет. Мұнымен қоса, оларды кетіру үшін фосфор қолдану ұсынылады.

9.3.1.2 Органикалық ластануы бойынша концентрациясы жоғары, сонымен қатар сульфаттар концентрациясы жоғары тоспа сулар үшін негізделген жағдайда анаэробты биологиялық тазалау құрылыстарын пайдалануға болады.

9.3.1.3 биологиялық ыдырайтын органикалық қосылыстары бар, я болмаса шаруашылық-тұрмыстық тоспа сулармен қоспасын өндірістік тоспа суларды тиімді аэробты биологиялық тазалау үшін әр 100 мг/л ОБТтол биогендік элементтердің - азот N кемінде 5,0 мг/л және фосфор Р 1,0 мг/л мөлшерін қамтамасыз ету қажет.

Биогендік элементтер бұдан кем болған жағдайда олардың тұз ерітінділері, я болмаса мөлшері көбірек басқа материалдардың (қалдықтардың) қосылуын қамтамасыз ету қажет.



9.3.1.4  Аэробты биологиялық тазалау құрылыстарындағы температура 6ºС төмен және 40ºС жоғары болмауы тиіс. Төменірек және жоғарырақ мәндер кезінде негізделетін болса, температураны өзгерту қажет (жылыту, я болмаса суыту).
9.3.2 Преаэраторлар мен биокоагуляторлар
9.3.2.1 Преаэраторлар мен биокоагуляторларды:

- бастапқыдағы тұндырғылармен асыра қамтамасыз етілетін тұндырылған тоспа сулардағы ластаушы заттардың мөлшерін азайту үшін;

- ауыр металлдар иондарын (сорбация есебінен) және биологиялық тазалау процессіне кері әсер ететін басқа да ластаушы заттарды шығару үшін қолдану қажет.

9.3.2.2 Мыналарды қарастыру қажет:

- батсапқыдағы тұндырғылар алдында бөлек орналасқан немесе кіріктірілген құрылыстар түріндегі преаэраторлар;

- биокоагуляторлар – тік тұндырғылармен біріктірілген құрылыстар түрінде.

9.3.2.3 Преаэраторларды тазалау станцияларында аэротенктермен, биокоагуляторларды – тазалау станцияларында аэротенктермен де, биологиялық сүзгілермен де қолдану қажет.

9.3.2.4  Преаэраторлар мен биокоагуляторларды жобалаған уақытта:

- бөлек тұрған преаэраторлар секцияларының санын – кемінде екі және барлығы жұмыс күйінде;

- артық белсенді тұнбасы бар тоспа суларды аэрациялау ұзақтығы – кем дегенде 20 мин;

- әперілетін тұнбаның мөлшері артық тұнбаның 50% бастап, 100% дейінгі мөлшері;

- биологиялық үлбір100%;

- ауаның меншікті шығымы – тоспа судың 1,0 м3 кем дегенде 5,0 м3;

- бастапқыдағы тұндырғыларда ластаушы заттардың ұсталу тиімділігінің артуы (ОБТтол және қалқымалы заттар бойынша) - 20% бастап, 25% дейін;

- биокоагуляторлардың тұндыру аймағына түсетін гидравликалық жүктеме – 3,0 м3/(м2сағ) асырмай алу қажет.


1-ЕСКЕРТУ  Преаэраторға тұнбаны регенераторлардан кейін әперу қажет. Регенераторлар болмаған жағдайда преаэраторларда белсенді тұнбаның регенерациялану мүміншілігін қарастыру қажет; регенерацияға арналған бөлек орындардың сыйымдылығын жалпы көлемнің 0,25 бастап, 0,30 дейін алу қажет.

2-ЕСКЕРТУ   Биокоагуляторларға әперілетін биологиялық үлбір үшін аэрациялану уақыты 24 сағатты құрайтын арнайы регенераторларды қарастыру қажет.


9.3.3 Биологиялық сүзгілер
9.3.3.1 Биологиялық сүзгілерді бір сатылы тазалау тәсілі кезінде органикалық ластанудан биологиялық қорғайтын негізгі құрылыстар ретінде немесе көп сатылы тазалау кезінде органикалық ластанудан және/немесе аммоний азоттан тазалау үшін бір не бірнеше саты ретінде қолдануға болады.

9.3.3.2 Биологиялық сүзгілерді (тамшылы және көп жүктелетін) егер тоспа сулардың құрамында жоғары концентрациялы органикалық заттар болатын болса, тоспа суларды биологиялық тазалау үшін қолдану қажет. Мұндайда ағындарды тазалаудағы анағұрлым нәтижелі әдіс болып, анаэробты әдіс табылады. Бұл тазалау әдісінің артықшылығы –пайдалану шығыстарының аздығында.

9.3.3.3 Биологиялық сүзгілерді қабырғасы тұтас және қос табаны бар резервуарлар түрінде жобалау қажет:

- төменгі – тұтас;

- жоғары – берік болу үшін торлы (өрілген тор).

Бұл ретте:

- табандардың арасындағы бос орынның биіктігін кем дегенде 0,6 м;

- астыңғы табанның жинақтама лотоктарға қарай еңкеюін кем дегенде 0,01;

- жинақтама лотоктардың ұзыннан көлбеуін – конструктивтік тұрғыдан, бірақ 0,005 кем болмайтындай алу қажет.

9.3.3.4 Тамшылы сүзгілерді табиғи жолмен аэрацияланатындай, көп жүктелетінді – табиғи жолмен де, қолдан да аэрацияланатындай (аэросүзгілер) жасау қажет.

Биосүзгілердің табандардың арасындағы бос орынның шегінде олардың периметрі бойынша бір сызықтың бойымен орналастырылатын және тұмшалап жабылатындай жабдықталатын терезелерден табиғи жолмен аэрациялануын қарастыру қажет. Терезелердің ауданы биосүзгілердің ауданының 1% бастап, 5% дейінгі ауданын алып тұру қажет.

Аэросүзгілерде ауаның енгізудегі қысымы 980 Па желдеткіштермен табандардың арасындағы бос орынға әперілуін қарастыратыру қажет. Аэросүзгілердің бұрылма құбырларында биіктігі 200 мм гидравликалық бекітпелердің орналастырылуын қарастыру қажет.

9.3.3.5 Биосүзгілер үшін жүктелетін материал ретінде ұсақталған тас немесе нығыз тау жыныстарының ұсақ жұмыр тастарын, керамзит, сонымен қоса беріктілігі жоғалмай, 6С бастап, 30С дейінгі температураға шыдайтын пластмасса пайдалану қажет.

Пластмассаманы қоспағанда, жүктелетін табиғи және жасанды материалдардың барлығы:

- топырақ тығыздығы 1000 кг/м3 дейін жеткенде кем дегенде 0,1 МПа қысымға;

- күкірт қышқылды натрий ерітіндісіне қаныққан кем дегенде бес еселік сындірмеге;

- аязға төзімділікке жүргізілген сынақтардың кем дегенде 10 циклына;

- массасы сыналып отырған материалдың массасынан 3 есеге артуы тиіс 5% тұз қышқылы ерітіндесінде 1 сағат аралығында қайнатуға төзуі тиіс.

Сынақтар жүргізіліп болғаннан кейін жүктелетін материалдың көзге байқалатын зақымдануы болмауы тиіс және оның массасы бастапқы кездегі массасынан 10% артық азаймауы тиіс. Биосүзгілердің пластмассалық жүктелуіне қойылатын талаптарды 9.3.6.2 сәйкес қабылдау қажет.

9.3.3.6 Сүзгілердің биіктік бойынша жүктелуі астыңғы ұстап тұратын қабатының биіктігін 0,2 м, ірілігін 70,0 мм бастап, 100,0 мм дейін алып, ірілігі бірдей материалдан жасалуы тиіс. Биосүзгілерге арналған жүктелетін материалдың ірілігін 9.12-кесте бойынша алу қажет.
9.12-кесте - Биосүзгілерге арналған жүктелетін материалдың ірілігінң мәні


Биосүзгілер (жүктелетін материал)

Жүктелетін материалдың ірілігі, мм

Саңылауларының диаметрі, мм төмендегідей бақылау сүзгіштерінде қалып қоятын материалдың көлемі, % (салмағы бойынша)

70

55

40

30

25

20

Көп жүктелетін (ұсақталған тас)

40 бастап, 70 дейін

5 дейін

40 бастап,

70 дейін


95 бастап,

100 дейін



-

-

-

Тамшылы (ұсақталған тас)

25 бастап, 40 дейін

-

-

5 дейін

40 бастап, 70 дейін

90 бастап, 100 дейін

-

Тамшылы (керамзит)

20 бастап, 40 дейін

--

-

8 дейін

нормаланбайды

-

90 бастап,

100 дейін



ЕСКЕРТУ  Жүктемедегі пластиналы пішіндегі кесектердің мөлшері 5% аспауы тиіс.


9.3.3.7 Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жүктелетін материалдарды өндіруші компаниялардың ұсыныстары бойынша сүзгілерде тазартылған тоспа сулардың қайта циркуляциянуын қарастыру қажет. Қайта циркуляциялау коэффициентін көрсетілген шектеулердің шегінде сүзгіге әперілетін қоспа концентрациясының алынуына байланысты анықтау қажет. Тоспа су ағысының биосүзгіге келуін тоқтату мүмкін болмаған жағдайда жүктеменің үсті құрғап кетпеу үшін қайта циркуляциялануды қарастыру қажет.

Тоспа суларды биосүзгілердің бетіне түрлі конструкциядағы құрылғылардың, соның ішінде шайқалып тұратын науалардың, шашыратқыштардың, реактивтік шашқыштардың және т.с.с. көмегімен тарату қажет. Тазартылатын тоспа суларды белглі бір мерзімді әперетін бак-дозаторлар пайдаланылуы мүмкін.

Биосүзгілердің тарататын және бұратын желілері 9.3.5.1 сәйкес анықталатын қайта циркуляцияланатын шығымның ескерілуімен ең көп шығым бойынша есептелуі тиіс.

9.3.3.8 Биосүзгілердің есептелетін параметрлерін тоспа сулардың құрамы мен есептелген шығымына, талап етілетін тазалану дәрежесіне байланысты анықтау қажет.

Есептеген уақытта жүктелетін материалдың қажетті санын, қайта циркуляциялаудың, берілетін ауаның (аэросүзгілер үшін) шығымын, артық биосүзгінің өсімін анықтау қажет.



9.3.3.9 Шашыратқыштарды жобалаған уақытта:

- бастапқы бос арын 1,5 м жуық;

- соңы бос арын кем дегенде 0,5 м;

- саңылаулардың диаметрі 13 мм бастап, 40 мм дейін;

- бастың жүктелетін материалдың үстінде орналасу биіктігін 0,15 м бастап, 0,2 м дейін;

- судың ең күшті ағысы болған уақытта тамшылы биосүзгілерде суармалану ұзақтығын 5 мин бастап, 6 мин дейін алу қажет.

Реактивтік суарғыштарды жобалаған уақытта:

- тарату құбырларының саны мен диаметрін – құбырдың басында сұйықтықтың қозғалыс жылдамдығы 0,5 м/с бастап, 1,0 м/с дейін болғанда есептеу жүргізу арқылы;

- тарату құбырларындағы саңылаулардың санын – сұйықтық саңылаулардан кем дегенде 0,5 м/с жылдамдықпен ағатын болса, есептеу жүргізу арқылы;

- саңылаулардың диаметрін – кем дегенде 10,0 мм;

- суарғыштың арыны – есептеліп, бірақ кем дегенде 0,5 м;

- тарату құбырларының орналасуы – жүктелетін материалдың бетінен 0,2 м жоғары алу қажет.



9.3.3.10 Биосүзгілердің немесе секциялардың саны екіден кем болмауы және сегізден артық болмауы тиіс және олардың барлық жұмыс істейтін болуы қажет.

9.3.3.11 Сүзгілердің жабдықтарындағы конструкциясында қыс мезгілінде тоспа судың жеткізілуі біраз уақытқа кідіру жағдайларына арналған босататын құрылғылар, сонымен қатар биосүзгілердің түбін жууға арналған құрылғылар қарастырылуы тиіс.

9.3.3.12 Құрылыс жүретін ауданның климат жағдайларына, тазалау құрылыстарының жұмыс өнімділігіне, тоспа сулардың құйылу режиміне, температурасына байланысты биосүзгілерді бөлмелердің ішіне (жылытылатын немесе жылытылмайтын), я болмаса далаға орналастыру қажет. Биосүзгілерді далаға немесе жылытылмайтын бөлмеге орналастыру мүмкіндігі жылутехникалық есептеулермен негізделген болуы тиіс және мұндайда осы сияқты жағдайда жұмыс істейтін құрылыстарды пайдаланудағы тәжірибені ескеру қажет.
9.3.4 Тамшылы биологиялық сүзгілер
9.3.4.1 Тамшылы биосүзгілерге әперілетін тоспа сулар Len ОБТтол 220,0 мг/л артық болған уақытта тазартылған тоспа сулардың қайта циркуляциялануын қарастыру қажет; ОБТтол 220,0 мг/л және одан кем болған уақытта қайта циркуляциялау қажеттілігі есептеу жүргізіліп анықталады.

9.3.4.2 Тамшылы биосүзгілер үшін:

- жұмыс биіктігін Hbf 1,5 м бастап, 2,0 м дейін;

- гидравликалық жүктемені qbf 1,0 м3/(м2тәул) бастап, 3,0 м3/(м2тәул) дейін;

-  тазартылған судың Lex ОБТтол 15,0 мг/л алу қажет.



9.3.4.3 Тамшылы биосүзгілердің есебін жүргізген уақытта Len және Lex, мг/л, судың температурасы Tw белгіленген жағдайда qbf шамасын 9.13-кесте бойынша анықтау қажет. Мұнда, .

жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау