12.3.3 Тазарту құрылыстары
12.3.3.1 Су бұру желілерінің құрылыстарын әдетте қатты және құрамдас конструкциялық схемалар бойынша жобалау керек. Жоспардағы қатты блоктардың, бөліктердің көлемдері жер беті деформациясының шамасына және іс жүзінде жүзеге асырылатын конструкциялық қорғаныс шараларының, соның ішінде қажетті өтемдегіш қабілеттің деформациялық тігістерінің бар болуына байланысты есептеумен анықталуы керек.
12.3.3.2 Көнгіш конструкциялық схемаларға тек тұрақты жабдықтары жоқ ашық ыдыстар түріндегі су бұру құрылыстарына ғана рұқсат беріледі.
12.3.3.3 Тұрақты жабдықтары бар су бұру құрылыстарын тек қатаң конструкциялық схемалар бойынша ғана жобалау керек.
12.3.3.4 Әртүрлі функционалдық мақсаттағы су бұрудың бұғатталған құрылыстары өздерінің арасында деформациялық тігістермен бөлінуі керек.
12.3.3.5 Қалдықтарды тоқтату үшін еңкею бұрышы реттелінетін жылжымалы торларды және ұсақтағыш-торларды қолдану керек.
12.3.3.6 Биосүзгілердің суарғыштары ретінде бүріккіштерді (спринклерлерді) және жылжымалы суарғыштарды қолдану ұсынылады.
Реактивтік суарғыштарды қолдану кезінде іргетас-діңгектерді су кірмейтін деформациялық тігістермен құрылыстардан ажырату керек.
12.3.3.7 Коммуникациялық жүйелер құрылыстармен қатты байланысқа ие болмаулары керек.
Науалар мен арналардың еңістіктерін жер бетінің есептік деформациясын есепке алумен тағайындау керек.
12.3.3.8 Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын ҚР ҚНжәнеЕ 4.01- 02 сәйкес қолдану керек.
12.3.3.9 Тоспа суларды су объектілеріне ағызу шарттары «Қазақстан Республикасының жер бетіндегі суларын қорғау ережелері», «Халықтың суды қолдану жерлерінде теңіздің жағалауға жақын суларын қорғаудың санитарлық ережелері мен нормалары» және СанЕжН 3.01.054.97 талаптарын қанағаттандыруы керек, бұл кезде су объектілерінің өздігінен тазару қабілетінің деңгейін, олардың жайылмалы қатуын немесе қысқы кезеңде шығындардың күрт қысқаруын есепке алу қажет.
12.3.3.10 Тоспа суларды тазарту үшін биологиялық, биология-химиялық, физика-химиялық әдістер қолданылуы мүмкін. Тазалау әдісін таңдау оның техника-экономикалық көрсеткіштерімен, тоспа суларды су объектілеріне ағызу шарттарымен, көліктік байланыстың бар болуымен және ауданды игеру деңгейімен, елді мекеннің түрімен (тұрақты, уақытша), реагенттердің бар болуымен және т.с.с. анықталуы керек.
12.3.3.11 Тазарту әдісін және деңгейін таңдау кезінде тоспа сулардың температурасын, су құбыры суларын бос ағызуларды, сұйылту есебінен ластаушы заттардың концентрациясын өзгертуді есепке алу керек.
Су бұру желісін жер астымен тарту кезінде тоспа сулардың орташа айлық температурасын Tw, °С, келесі формула бойынша анықтау керек:
(12.9)
мұндағы Twot — су көзіндегі судың орташа айлық температурасы, ºС;
y1 — елді мекеннің көріктендірілу деңгейіне тәуелді эмпириялық сан.
y1 мәндерін келесі аудандар үшін қабылдайды:
- 4-тен 5-ке дейін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілмеген құрылыстар;
- ғимараттардың жекелеген топтарында 7-ден 9-ға дейін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі барлар;
- 10-нан 12-ге дейін орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етумен жабдықталған ғимараттар үшін.
12.3.3.12 Тоспа сулардың ағызу орындарындағы есептік температурасын жылутехникалық есептеумен анықтау керек.
12.3.3.13 Тоспа суларды биологиялық тазартуды тек жасанды құрылыстарда ғана қарастыру керек.
12.3.3.14 Әдетте шөгіндіні өңдеуді жасанды құрылыстарда жүзеге асырады.
12.3.3.15 Шөгіндіні ары қарай ерітумен қатыруды тазарту құрылыстарының 3 м3/тәуліктен 5 мың м3/тәулікке дейінгі өнімділік кезінде арнайы жинақтағыштарда қарастыру керек. Шөгіндіні қатыру қабатының биіктігі маусымдық еру тереңдігінен аспауы керек.
12.3.3.16 Тазарту құрылыстарын орналастыруды әдетте өнімділігі 3 мың м3/тәуліктен 5 мың м3/тәулікке дейінгі жабық жылытылатын ғимараттарда қарастырылады. Өнімділігі жоғары және сәйкес келетін жылу техникалық есептеулер кезінде тазарту құрылыстары олардың үстіне міндетті түрде шатырларды, өту галереяларын және т.с.с. салумен ашық жерде орналасуы мүмкін. Бұл кезде құрылыстарды, механикалық тораптарды және құрылғыларды мұзбен қатудан қорғау жөніндегі іс-шараларды қарастыру керек.
12.3.3.17 Қарапайым басқару кезінде өте аз адам еңбегін тартуды қамтамасыз ететін, жоғары индустриалды жинақтауды немесе зауыттық дайындықты тазарту құрылыстарын қолдану керек: жұқа қабатты тұндырғылар, көп камералы аэротенктер, флототенктер, балшықтың жоғары дозасы бар аэротенктер, флотациялық балшық бөлгіштер, шөгіндінің аэробты тұрақтандырғыштары және т.с.с.
12.3.3.18 Тоспа суларды көп емес мөлшерлерін тазарту үшін келесі қондырғыларды қолдану керек:
- толды қышқылдандыру әдісі бойынша жұмыс істейтін аэрациялық (3 мың м3/тәулік дейін);
- артық белсенді балшықты аэробты тұрақтандыру бар аэрациялық (0,2 мың м3/тәуліктен 5,0 мың м3/тәулік дейін);
- физика-химиялық тазарту (0,1 м3/тәуліктен 5,0 мың м3/тәулік дейін).
12.3.3.19 Физика-химиялық тазарту қондырғылары тоспа сулардың біркелкі емес берілуімен, төмен температурамен және ластаушы заттардың үлкен концентрациясымен ерекшеленетін вахталық және уақытша ауылдар, профилакторийлер және елді мекендер үшін қолайлы болып табылады.
12.3.3.20 Тоспа суларды физика-химиялық тазарту үшін келесі схемаларды пайдалануға болады:
- I — орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгіден өткізу, зарарсыздандыру;
- II — орташаландыру, коагуляция, тұндыру, сүзгіден өткізу, озондау.
I-схема ОБТтол 180 мг/л-дан 15 мг/л дейін төмендетуді, ал ІІ-схема бір уақытта тоспа суларды зарарсыздандырумен қалған ерітілген органикалық заттарды озонмен қышқылдандыру есебінен – 335 мг/л-дан 15 мг/л дейін төмендетуді қамтамасыз етеді.
12.3.3.21 Реагенттер ретінде 15% төмен емес белсенді бөлігі бар күкіртқышқылды алюминийді, белсенді кремнеқышқылды (БК), кальцийленген соданы, натрий гипохлоритін, озонды қолдану керек.
I-схемада сода мен озон алынып тасталады.
12.3.3.22 Реагенттер дозасын келесідей қабылдау керек:
- сусыз күкіртқышқылды алюминийдің 100 мг/л-дан 110 мг/л дейін;
- БК 10 мг/л-дан 15 мг/л дейін;
- хлор 5 мг/л (тұндырғыға беру кезінде) немесе 3 мг/л (сүзгінің алдында);
- озон 50 мг/л-дан 55 мг/л дейін;
- сода 6 мг/л-дан 7 мг/л дейін.
Библиография
[1] Федоров Н.Ф., Волков Л.Е. Кәрiз желiлердi гидравликалық есептеу (есеп айыратын кестелерi).
[2] BS EN 752:2008 Drain and sewer systems outside buildings.
[3] TIA-942(2005). Telecommunications Infrastructure Standard for Data Centers.
[4] TIA/EIA-568-B. 1(2001). Commercial Building Telecommunications Cabling Standard Part 1: General Requirements.
[5] ANSI/TIA/EIA-569-A(1998). Коммерциялық ғимараттарға арналған телекоммуникациялық трассаларды және бөлмелердi стандарты.
[6] EN 50173 часть 5. Information technology - Generic Cabling systems Part5: Data centers.
[7] ANSI/NECA/BICSI 568-2001. «Электронды есептеуiш машиналарға арналған ғимараттарды және бөлмелердi жобалау бойынша ңұсқау».
[8] ГОСТ Р 50571.1-93 (МЭК 364-1-72, МЭК 364-2-70) Ғимараттардың электр қондырғылары. Жалпы ережелерi.
[9] IEEE-518-1982 Guide for the Installation of Electrical Equipment to Minimize Electrical Noise Inputs to Controllers from External Sources.
______________________________________________________________________________
УДК МКС
Негізгі сөздер: шоғырландырушы ыдыс (беткі ағынды жинақтағыш), аэротенк, су жинау бассейні, биологиялық сүзгілер, сумен қамтамасыз ету, су объектісі, су құбыры, суағар, тоспа суларды ағызу, бас коллектор, гидроциклон, су бұрудың жауындық (нөсерлік) желісі, дюкер, су объектілерінің ластануы, суды ластайтын заттар, санитарлық қорғаныс аймағы, ластану көздері, су бұрулар, судың сапасы, судың сапасын бақылау, бақылау жармасының бақылау құдығы, жергілікті тазарту құрылыстары, жергілікті су құбыры, сорғылық станция, су сапасының нормалары, су бұрудың жалпы қорытпалық жүйесі, суландыру, тұндырғы, тоспа суларды тазарту, ағын (су жинау) алаңы, беттік тоспа сулар (беткі ағын).
Достарыңызбен бөлісу: |