Баяндама тақырыбы



жүктеу 34,76 Kb.
бет1/3
Дата02.02.2023
өлшемі34,76 Kb.
#41129
  1   2   3
Мониторинг



ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
БАЯНДАМА 
Тақырыбы: «Биологиялық мониторингті ұйымдастыру қағидаттары. Биологиялық мониторинг сияқты қоршаған орта жағдайын биологиялық бақылау компоненті. Оның экологиялық мониторингтегі рөлі»  

Орындаған: Аманжол Ә.Б.


Тексерген: Кедельбаев Б.Ш.
 
Шымкент, 2022 ж
Жоспар

  1. Экологиялық мониторингке түсінік және оның міндеттері.

  2. Мониторинг жүйесін топтастыру.

  3. Қоршаған орта мониторингінің негізгі бағыттары



Қоршаған ортаның мониторингі - бағалау, бақылау және әр түрлі антропогенді факторлардың әсерінен болатын алдын-ала болжап, табиғатта болатын өзгерістерді ескерту. «Мониторинг» - деген термин «монитор» сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында 1972 жыл, маусымда бақылау ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. ТМД елдерінде мониторинг теориясын бірінші болып жасап шығарған ғалым Ю.А.Израэль болды.
Экологиялық мониторингке түсінік жөне оның міндеттері
Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» термині «монитор» – сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған, «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Термин 1972 жылы қоршаған орта бойынша БҰҰ Стокгольм конференциясында ресми ғылымға енгізілді. Екі жылдан кейін Кения астанасы Найроби қаласында үкімет арасындағы мониторинг бойынша бірінші кеңес өткізілді. Кеңесте қоршаған ортаның ластануының мониторингіне үш деңгейде – локалды, регионалды және глобалды тұрғыда басты көңіл бөлуге шешім қабылданды.
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіші болып экологиялық шекті рұқсатты саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық әрекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның тозуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.
Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылык шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.
Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосферлық және басқалар) жүйелер жүргізеді.
Биосфераның абиоталық құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар антропогендік әсердің арқасында кезектегі экожүйелерде болатып өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық мониторингтің информациялық жүйесі жасалды.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:
- антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау; - антропогендік әсер факторларын бақылау;
- антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау;
- табиғи ортаның физикалык жағдайын бағалау;

  • антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.

Мониторинг жүйесін топтастыру
Экологиялық мониторинг үш сатыдан түрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатьн өзгерістерді болжау.
Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық, климаттық мониторинг, сейсмикалық, роносфералық, Күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т. б.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсер факторларының мониторингі – әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), әртүрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.
Ластағыш көздердің мониторингі – нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер, өндірілетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.
Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:
а) базалық (фондық) – жалпы биосфералық табиғи құбылыстарды бақылау;
б) ғаламдық (биосфералық) - халықаралық ынтымақтастық негізінде.
Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;
в) ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетің мониторинг;
г) аймақтық - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;
д) жергілікті (локалды) – елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;
е) импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдык жүйесі 1970 ж. құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:
- қоршаған ортаның жай-күйінің халықаралық мониторинг пен бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
- мониторингтің жаңа бекеттерін құруда көмек көрсету;
- атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату.
Ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараттық жүйелердің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәліметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.
Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық құрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық бекеттер жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан.
Локалды мониторингті жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбінде Қазақстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы қаласында атмосфералық ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.
Мониторинг жүйесін қолданылатын тәсілдерге (физика-химиялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.
Химиялық мониторинг - атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпкі тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау.
Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп-кеседі).
Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.
Дистанциялық (қашықтық) мониторинг - зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық космостық мониторинг.
Топтастыру принципіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар. Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның құрама (кешенді) экологиялық мониторингі. Қоршаған ортаның кұрама экологиялық мониторингі – бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.
Қазақстанда бірнеше ведомстволық мониторинг жүйелері қызмет атқарады, мысалы қоршаған ортанының ластануын анықтайтын гидрометеорологиялық торап, яғни гидрометеорология жөніндегі мемлекеттік комитет жүйесіне енетін барлық обсерваториялар, бекеттер, құрылыстағы, көліктегі бақылау пунктері мен тұрақтар жиынтығы, жылжымалы және тұрақты лабораториялар, инспекциялық қызмет орындары және басқалар.
Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы алынған мәліметтер дұрыс қолданылса, табиғатты тиімді пайдаланатын жолдарды тауып іске асыруға болады. Қазіргі кезде Қазақстанда экомониторингтің бірлестірілген жүйесінің жоқтығы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты әртүрлі басқару органдардың қызметін біраз қиындатып отыр. Адам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеруге су объектілерінің, топырақтың, атмосфералық ауаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, т. б. объектілердің мониторинг жүйесін дамытуға және жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
Мониторинг зерттеулерінің негізгі бағытына қоршаған орта сапасына баға беру жатады. Қоршаған орта сапасы – адам ағзасының физиологиялық қажеттілігіне табиғи жағдайдың сәйкестілігі. Ол өмір сүру ұзақтығымен, денсаулық өлшемімен және белгіленген тұрғындар тобы үшін қалыпты аурулардың деңгейімен сипатталатын адам өмірінің қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі. Көптеген ағзалардың таралу аймағы қатаң белгіленген табиғи жағдайлармен шектеледі. Адам кез келген табиғи жағдайда өмір сүруге қабілетті. Ол табиғи жағдайларға тек қана физикалық жағынан ғана емес, сондай-ақ сол табиғат жағдайларына ыңғайлы тұрмыстық заттектер көмегімен де бейімделеді.

жүктеу 34,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау