ҚҰрылыс нормалары және ережелер



жүктеу 8,54 Mb.
бет21/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
9.11-кесте  - Циклон диаметрлерінің мәндері


Dhc, мм

25

40

60

80

100

125

160

200

250

320

400

500

, мм

8 бастап,

25 дейін


10 бастап,

30 дейін


15 бастап,

35 дейін


18 бастап,

40 дейін


20 бастап,

50 дейін


25 бастап,

60 дейін


30 бастап,

70 дейін


35 бастап,

85 дейін


40 бастап,

110 дейін



45 бастап,

150 дейін



50 бастап,

170 дейін



55 бастап,

200 дейін




9.2.8.7 Арын гидроциклонның негізгі көлемдерін дайындаушы зауыттардың деректеріне қарай таңдау қажет.

Арын гидроциклонға кірудегі қысымды келесідей алу қажет:

- бір сатылы ашықтандыру және шөгінділерді қоюландыру тәсілдері кезінде және ағыстың үзілуімен жұмыс істейтін көп сатылы қондырғыларда 0,15 МПа бастап, 0,4 МПа дейін;

- ағыстың үзілуісіз жұмыс істейтін көп сатылы тәсіл кезінде 0,35 МПа бастап, 0,6 МПа дейін.

Тоспа суларды тазалаған уақытта және шөгіндіні тығыздаған уақытта қатты фазасының жеміргіш қасиеттері жоқ резервтік аппараттардың санын төмендегідей алу қажет:

- бір - жұмыс аппараттарының саны 10 дейін болғанда;

- екі - саны 15 дейін болғанда;

- жұмыс аппараттарының саны 15 артық болған жағдайда әр онына бір-бірден;



- тоспа сулар мен шөгіндіні тазалаған уақытта жұмыс аппараттарының санынан абразивті қатты фазасы 25%.

9.2.8.8 Көлемі белгіленген арын гидроциклонның жұмыс өнімділігін Qhc, м3/сағ, мына формула бойынша анықтау қажет:
(9.26)
мұнда, g – тартылыс күшінің үдеуі, м/с2;

P - гидроциклондағыжоғалатын қысым, МПа;



den, dex – қоректендіргіш және төгілетін келтеқұбырлардың диаметрлері, мм.

9.2.8.9 Тоспа сулардың талап етілетін тазалану тиімділігі мен шөгінділердің қоюлану дәрежесіне байланысты өңдеу бір арын гидроциклонда жүргізілуі мүмкін. Ағыстың үзілуімен немесе үзілуісіз аппараттарды кезек-кезек біріктіру жолымен екі немесе үш саты.

Алынатын шөгіндімен судың жоғалуын азайту үшін бірінші сатыдағы гидроциклонның шламды келтеқұбырын шламды резервуарға герметиктеп біріктіру қажет.



9.2.8.10 Қондырғының кейінгі сатыларында пайдаланылатын көлемі шағын гидроциклондарды ластауы мүмкін қалқымалы заттар мен ірі жүзінділердің негізгі көлемін ұстап қалу үшін бірінші сатыда көлемі үлкен гидроциклондарды пайдалану қажет.
9.2.9 Центрифугалар
9.2.9.1 Үздіксіз немесе белгілі бір мерзім сайын жұмыс істейтін тұндыру центрифугаларын бөліп шығару үшін реагенттер қолданыла алмағанда тоспа сулардан ұсақ дисперстік қалқымалы заттарды бөліп шығару үшін, сонымен қатар шөгіндіден бағалы өнімдерді шығару және оларды кәдеге жарату қажет болған жағдайда қолдану қажет.

9.2.9.2 Үздіксіз жұмыс істейтін центрифугаларды гидравликалық ірілік бөлшектерді ажырату қажет болған уақытта шығымы 100 м3/сағ дейінгі тоспа суларды тазалау үшін қолдану қажет:

-  0,2 мм/с дейін (кері ағатын);

-  0,05 мм/с дейін (бағытпен ағатын);

- шығымы 20 м3/сағ аспайтын тоспа суларды тазалау үшін белгілі бір мерзім сайын жұмыс істейтін центрифугалар гидравликалық ірілігі 0,05 мм/с бастап, 0,01 мм/с дейін бөлшектерді бөліп алу қажет болған жағдайда.

Мұндайда механикалық ластаушы заттардың концентрациясы 2 г/л бастап, 3 г/л дейінгі мәндерден аспауы тиіс.

9.2.9.3 Тұндыру центрифугасының қажетті типтік көлемін жоғары дәрежелі тазалану қамтамасыз етілетін талап етілетін бөлу факторының Fr шамасы бойынша таңдау қажет.

Бөлу факторы Fr мен центрифугалау ұзақтығын tcf, с зертханада алынған тәжірибе қорытындылары бойынша анықтау қажет.



9.2.9.4 Центрифуганың көлемдік жұмыс өнімділігін Qcf, м3/сағ мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.27)
мұнда, Wcf - центрифуга роторы ваннасының көлемі, м3;

Kcf – 0,4 бастап, 0,6 дейін тең деп алынатын центрифуга көлемін пайдалану коэффициенті.

9.2.10 Флотациялық қондырғылар
9.2.10.1 Флотациялық қондырғыларды судан қалқымалы заттарды, ББЗ, мұнай өнімдерін, майларды, қатты майларды, шайырды және тұнбаға түсуінің тиімі аз басқа да заттарды кетіру үшін қолдану қажет.

9.2.10.2 Мұнымен қоса флотациялық қондырғыларды:

- биологиялық тазалау алдында тоспа сулардан ластаушы заттарды кетіру үшін;

- екіншіліктегі тұндырғыларда белсенді тұнбаны бөліп алу үшін;

- биологиялық тазаланған тоспа суларды терең тазалу үшін;

- коагулянттар мен флокулянттардың қолданылуымен физика-химиялық тазалау кезінде;

- тазартылған суларды қайта пайдалану сызбаларында қолдануға болады.



9.2.10.3 Арын, вакуумды, арынсыз, электрофлотациялық қондырғыларды құрамындағы қалқымалы заттардың мөлшері 100 мг/л артық 150 мг/л дейін (коагулянттар қосылған уақытта түзілетін қатты фазаның ескерілуімен) тоспа суларды тазалаған уақытта қолдану қажет. ББЗ, мұнай өнімдерін және т.б. көбікке фракциялау үшін және көбікті сеперациялау үшін жүзінділердің мөлшері аз болғанда және ауаның кеуек материалдар арқылы дисперсиялануымен импеллерлік, пневматикалық қондырғылар қолданылуы мүмкін.

9.2.10.4 Фазаларды бөлу процессін жүргізу үшін тікбұрыш (судың көлденең және тігінен қозғалуымен) және дөңгелек (судың радиалды және тігінен қозғалуымен) флотокамераларды қолдануға жол беріледі.

Флотокамералардың көлемі:

- жұмыс аймағынының көлемінен (тереңдігі 1,0м бастап, 3,0 м дейін);

- көбік қалыптасатын және жиналатын аймақтан (тереңдігі 0,2 м бастап, 1,0 м дейін);

- тұнба түсетін аймақтан (тереңдігі 0,5 м бастап, 1,0 м дейін) жинақталады.

Гидравликалық жүктеме 3 м3/(м2сағ) бастап, 6 м3/(м2сағ) дейін болуы тиіс. Флотокамералардың саны екіден кем болмауы тиіс, барлық камералар жұмыс істеп тұруы тиіс.



9.2.10.5 Қалқымалы заттардың ұсталу дәрежесін арттыру үшін коагулянттар мен флокулянттарды пайдалануға жол беріледі. Реагенттің түрі мен оның мөлшерлемесі өңделетін судың физика-химиялық қасиеттері мен тазалану сапасына қойылатын талаптарға байланысты болады.

9.2.10.6 Көбіктің (шламның) ылғалдылығы мен көлемі қалқымалы және басқа да ластаушы заттардың бастапқы концентрациясына және оның су бетіне жиналу уақытының ұзақтығына (мерзімдік немесе үзілмейтін) байланысты болады.

Мерзімдік іріктеуді арын, арынсыз және электрфлотациялық қондырғыларда қолдану қажет. Көбіктің есептелген ылғалдылығын төмендегідей қабылдау қажет;

- үзілмей іріктеу кезінде 96% бастап, 98% дейін;

- тасымалдаушылардың қырғыштардың немесе айналатын қырғыштардың көмегімен мерзімдік іріктеу кезінде 94% бастап, 95% дейін;

- шнектермен және қырғыш арбалармен алған кезде 92% бастап, 93% дейін.

Тұнбаға ылғалдылық 95% бастап, 98% дейін болғанда ұсталған заттардың 7% бастап, 10% дейінгі мөлшері түседі. Ылғалдылық 94% бастап, 95% дейін болғанда көбіктің (шламның) Wmud көлемі мына формула бойынша анықтала алады (өңделетін су көлемінің %):


(9.28)
мұнда, Cen – ерімеген қоспалардың бастапқы концентрациясы, г/л.
9.2.10.7 Ауаның кеуек материалдар арқылы дисперсиялануымен импеллерлік, пневматикалық қондырғылар жобаланған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

- флотацияның ұзақтығы 20 мин бастап, 30 мин дейін;

- флотация режимінде жұмыс істеген уақытта ауаның шығымы 0,1 м33 бастап, 0,5 м33 дейін;

- көбікті сепарация режимінде жұмыс істеген уақытта ауа шығымы 3 м33 бастап, 4 м33 дейін (50 л бастап, 500 л дейін болғанда шығарылатын ББЗ 1,0 г) немесе 30 м3/(м2сағ) бастап, 50 м3/(м2сағ) дейін;

-  флотация камерасындағы судың тереңдігі 1,5 м бастап, 3,0 м дейін;

-  импеллердың айналасындағы жылдамдық 10 м/с бастап, 15 м/с дейін;

- жан-жағы төртбұрыш импеллерлік флотацияға арналған камера - 6D тең (D – импеллердің 200 мм бастап, 750 мм дейінгі диаметрі);

- пневматикалық флотация 100 м/с бастап, 200 м/с дейін болғанда ауаның арналардан шығу жылдамдығы;

- арналардың диаметрі 1,0 мм бастап, 1,2 мм дейін;

- кеуек пластиналар саңылауларының диаметрі 4 мкм бастап, 20 мкм дейін;

- пластиналардың астындағы ауа қысымы 0,1 МПа бастап, 0,2 МПа дейін.

9.2.10.8 Арын флотациялық қондырғыларды жобалаған уақытта төмендегілерді қабылдау қажет:

а) флотацияның ұзақтығы 20 мин бастап, 30 мин дейін;

б) әперілетін ауаның, шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері:

-  бастапқы концентрациясы Cen 200 мг/л кем болғанда 40 л/кг;

Cen 500 мг/л тең болғанда 28 л/кг;

Cen 1000 мг/л тең болғанда 20 л/кг;

Cen 3 г/л бастап, 4 г/л дейін тең болғанда15 л/кг;

в) егер тік флотация қажетті мөлшердегі ауаның әперілуін қамтамасыз етпесе, жұмыс сұйықтығы бар флотация сызбасын;

г) флотокамералар:

- жұмыс өнімділігі 100 м3/сағ дейін болғанда судың көлденең қозғалысымен,

- тік 200 м3/сағ дейін;

- радиалды 1000 м3/сағ дейін;

д) тікбұрыш және радиалды флотокамералардағы судың көлденең қозғалысының жылдамдығын 5 мм/с артық емес;

е)  сору биіктігі үлкен бомағанда (2 м дейін) және қабылдау резервуарындағы су деңгейінің тербелісі үлкен болмағанда (0,5 м бастап, 1,0 м дейін) ауаның эжектор арқылы сорғының соратын келтеқұбырына компрессормен бакқа әперілуін – қалған жағдайларда.


жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау