ҚҰрылыс нормалары және ережелер


 Екінші тұндырғылар. Тұнба бөлгіштер



жүктеу 8,54 Mb.
бет30/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
9.3.8 Екінші тұндырғылар. Тұнба бөлгіштер
9.3.8.1 Тазартылған суды белсенді тұнбадан (биоүлдірден) бөлу үшін тұнба бөлуге арналған құрылғыны қолдану қажет:

- екінші тұндырғылар;

- қалдықтың өлшенген қабаты бар мөлдіреткіштер;

- флотациялық қондырғылар;

- мембраналық модульдер және т.б.

9.3.8.2 Екінші тұндырғының типін (тік, радиальды, көлденең) станция өнімділігін, құрылыстар тұтастығын, пайдаланатын бірліктер санын, алаң конфигурациясы мен рельефін, геологиялық шарттарды, тоспа сулар деңгейін және т.б. ескере отырып таңдау қажет.



9.3.8.3 Биоүлдір мен тұнбаны бөлуге арналған екінші тұндырғыларды құрылыс көлемін пайдалану коэффициентін, тұнба индексін және тұнба концентрациясын (биоүлдірді) ескере отырып, жер бетіне гидравликалық ауырлық м/(м·сағ) бойынша есептеу қажет. Тұндырғылар алаңын анықтау кезінде биосүзгілерден соң рециркуляциялық шығынды есепке алу қажет.

9.3.8.4 Барлық түрлі биосүзгілерден соң екінші тұндырғылардың бетіне түсетін ауырлықты qssb, м3/(м2сағ) мына формула бойынша есептеу қажет:
(9.50)
мұндағы u0 – биоүлдірдің гидравликалық ірілігі; толық биологиялық тазарту кезінде u0 = 1,4 мм/сек;

Kset, коэффициентінің мәнін 9.2.4.7. бойынша қабылдау қажет.
Тұндырғылар ауданын анықтау кезінде қайта циркуляциялау шығынын ескеру қажет.

9.3.8.5 Барлық типті екінші тұндырғыларды аэротенктерден соң аэротенктегі белсенді тұнба концентрациясын ai, г/л, оның Ji, см3/г индексін және мөлдіретілген судағы тұнба концентрациясын at, мг/л ескере отырып, гидравликалық ауыртпалығы qssa, м3/(м2сағ) бойынша мына формуламен есептеу қажет:
(9.51)
мұндағы Kss – тұндыру аймағының көлемін пайдалану коэффициенті, ол:

- радиальды тұндырғылар үшін 0,4 тең болып;

- тік типтері үшін 0,35 тең болып;

- перифериялық шығарылымды тік типтері үшін 0,5 тең болып;

- көлденең типтері үшін 0,45 тең болып қабылданады.

at – мәнін 10 мг/л кем етіп,

ai – мәнін 15 г/л артық етіп қабылдауға болмайды.
9.3.8.6 Тұндырғылардың конструктивті параметрлерін 9.2.4.7 - 9.2.4.9 сәйкес тиісті түрде қабылдау қажет және бұл ретте:

- тұнба қоспасы шығысы мен тазартылған суды жинауды енгізу және жинау құрылғысының периметрі бойынша;

- бейтарап қабат биіктігін шығысындағы түбінен 0,3 м жоғары, тұнба қабатының тереңдігін 0,3 м-ден 0,5 м дейін;

- тұнбалық шұңқырлардың еңіс бұрышын 50-тан 55 дейін;

- мөлдіретілген суды жинақтаушы суағардың 1,0 м ауыртпалықты 8 л/с-тан 10 л/с дейін қабылдау қажет.

9.3.8.7 Шөгіндіні гидростатикалық әдіспен жойған кезде биосүзгілерден соң екінші тұндырғылардың сыйымдылығын оның екі тәуліктік көлемінен аспайтындай, аэротенктерден соң екінші тұндырғыларды белсенді тұнбаның екі сағаттан аспайтындай етіп қабылдау қажет.



9.3.8.8 су бетінен екінші тұндырғы ернеуінен биіктікті 0,3 м кем емес етіп алу қажет. Су қабылдайтын (жинайтын) астаулардағы су ағызғыш жиегін биіктігі бойынша реттелетіндей етіп қарастыру қажет.

Екінші тұндырмалардағы 1,0 м су ағызғыштың ауыртпалығы 10 л/с аспауы тиіс. Тазартылған суды жинау үшін жүктелген перфорацияланған құбырларды қолдануға жол беріледі.



9.3.8.9 aiJi, параметріне тәуелді өлшенген шөгінділері бар мөлдірету режимінде жұмыс жасайтын, аэротенктер-тұндырғылар немесе окситенктерге арналған тұнба бөлгіштерге гидравликалық ауырпалықты 9.21-кесте бойынша қабылдау қажет.
жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау