Дарынды балаларды анықтау, олардың қабілеттерін жетілдіру және қолдау көрсету



жүктеу 36,5 Kb.
Дата16.04.2020
өлшемі36,5 Kb.
#29793

Дарынды балаларды анықтау, олардың қабілеттерін жетілдіру және қолдау көрсету

Адам баласы есін білгелі өзінің жағдайын жасап, өзі өмір сүріп жатқан ортада ерекшеленгенді жақсы көреді. Адам баласы алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін аянбай еңбек етеді. Сол еңбектену жолында ол өзінің туа біткен және жүре пайда болған қабілеттерін пайдаланады. Адам бойындағы осындай бір даралықты, дарындылықты анықтау үшін олардың анықтамаларына жеке тоқталып, түсініктеме беру керек.

Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балаларды қалай анықтау керек және олармен қалай жұмыс жасау керек? Білім беру ордаларында дарынды балаларға қандай қолдау көрсету керек  деген сұрақтар мені және менің әріптестерім, яғни жас ұстаздарды толғандыратын мәселелердің бірі болып табылады.

Әрқайсысына анықтама беріп, осы сұрақтарға жауап беру үшін педагогикалық энциклопедияға жүгінгім келеді. «Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалык энциклопедияда төмендегіше анықтама берілген: «Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі»

Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.

Бойында дарындылық қасиеті бар бала мектеп қабырғасында өзінің ерекше қасиетін көрсете білуі керек. Кейбір балалар осындай қасиеттерінің арқасында қатарластарынан оза шабады.

Дарынды балалар оздерінің ерекше екендігін жастайынан білдіреді. Ерте сөйлеп, кітап оқып және есептер шығара бастайды. Дарынды бала екенін білгеннен кейін, осы оқушымен қалай жұмыстану керек? Дарынды бала ересектерге қарағанда, әлі адам ретінде қалыптаспағанын, болашағы алдында, қабілеттерін ашуды қажетсінетінін естен шығармаған жөн. Бала қабілеті — арнайы құбылыс, дарынды балалар жаңа жағдаяттарда аса сезімтал болады. Сондықтан да, дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің де арнайы даярлығы болуы тиіс деп ойлаймын.

Біздің Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының № 26 жалпы орта білім беретін мектебіміз де заман талабына сай — өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін атқарып жатыр. Ұстаздар дарынды балалармен олардың икемдеріне қарай жұмыстанып жатыр. Оқушыларымыз қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлделі орын иегерлері. Әр ұстаз өзінің еңбегінің жемісін көріп жатыр. Дарынды балалардың дер кезінде ерекше қасиеттерін анықтаған жағдайда олар биік шыңдарды бағындырады.



Қорыта келгенде, әріптестеріме айтарым: дарынды баламен мұғалімнің өзара әрекет етуіндегі өте тиімді бір әдіс — баланың материалмен өзіндік жұмыс істеуіне басты мән бере отырып, жеке-дара сабақтар ұйымдастыру; баланың өзінің білім дәрежесіне орай, бейімділігіне орай және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру, қиын әрі шатасқан сұрақтар бойынша кеңес беру тақырыптарын анықтау, белгілі бір уақыт аралығында берілген білімнің нәтижесін тест тапсырмалары арқылы тексеріп отыру, алдындағы оқушыға немқұрайлылық танытпай, оның жан-дүниесіне үңіле білу.
жүктеу 36,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау