С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ
|
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
|
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ЖҮРГІЗУГЕ
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
ЖОО аты: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Кафедра: «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг»
Пән «Мамандыққа кіріспе»
Мамандық 5В050700 - «Менеджмент»
Оқу сағатының (кредит) көлемі - 45 сағ (1 кредит)
Тәжірбиелік (семинарлық) сабақ - 10 сағ
Студенттердің өзіндік жұмысы
оқытушының басшылығымен (СОӨЖ) - 7 сағ
Барлығы аудиториялық - 17 сағ
Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 28 сағ
Курс - 1 Семестр – 1
Алматы
2012
Тәжірбиелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқауы «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг» кафедрасында қарастырылып, бекітілді. Хаттама № «____»__________2012 ж.
Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. Жаксығұлова Г.К.
Тақырып 1 Мамандыққа кіріспе: кіріспе бөлім – 3 сағат
Сабақ мақсаты: «Менеджмент» мамандығын түсіну, менеджердің квалификациялық мінездемесін ашу, «Менеджмент» мамандығы бойынша негізгі пәндермен танысу
Оқу міндеттері: студенттерге білім беру
- ұйым менеджерін кәсіби дайындау құрылымы жөнінде;
- мамандық бойынша дайындау процесінде меңгеретін пәндер мен сабақтар жөнінде.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
«Менеджмент» мамандығының түсінігі
Маман ретінде менеджердің квалификациялық сипаттамасы
Жалпы білім беру міндетті пәндердің қысқаша сипаттамасы және шолу
Базалық пәндермен танысу және шолу
Профильді пәндерге шолу
Оқу және өндірістік тәжірибе мазмұнының қысқаша сипаттамасы
Білім беру мен оқыту әдістері: Пікір-талас. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша пікір-талас, ауызша жауап.
Бақылау сұрақтары
«Менеджмент» мамандығы:түсінігі мен мазмұны.
«Менеджмент» мамандығы бойынша студент қандай пәндерді оқуы керек?
Ұйым менеджерін кәсіби дайындау үшін оқытылатын пәндердің қысқаша сипаттамасы.
Оқу және өндірістік тәжірибенің арналымы қандай?
Тәжірибеге қалай дайындалған дұрыс?
Тәжірибенің мазмұны неде?
Тәжірибе есебін рәсімдеу талаптары қандай?
Тәжірибе есебін қабылдайтын комиссия неге көңіл аударады?
«Менеджмент пәні және функциялары» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 2 Менеджерді оқыту курсының мазмұны – 1 сағат
Сабақ мақсаты: менеджер-маманының кәсіби мінездемесін ашу, менеджер-маманын дайындаудың маңызды құрама бөліктерімен танысу.
Оқу міндеттері: менеджердің мінездемесі және оны арнайы дайындау жөнінде білім алу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Маманның кәсіби сипаттамасы
Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық
Ғылыми дайындық
Жалпы білім дайындығы
Арнайы дайындық
Білім беру мен оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша конспект жазу, тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау
Бақылау сұрақтары
Менеджер-маманы кім?
Менеджер-маманы қандай білімді меңгеруі қажет?
Менеджерді дайындау қандай болуы керек?
Менеджерді арнайы дайындаудың мазмұны неде?
Командалық жұмыста қарастырылатын тақырыптар:
1. Іскерлік функция: мазмұны, құрылымы және іскер адамдар типологиясы.
2. Басқару және өзін-өзі басқарудың негізгі ресурстары. Оқыту нәтижесін түсіну.
«Денсаулық сақтаудағы менеджер ролі» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 3 «Менеджмент» мамандығының негіздері - 2 сағат
Сабақ мақсаты: менеджмент мәні мен мазмұнын, оның функцияларын, міндеттері мен әдістерін қарастыру.
Оқу міндеттері: менеджмент негіздері жөнінде білім алу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Менеджмент мәні және мазмұны
Менеджмент тарихы
Менеджмент функциялары
Менеджмент міндеттері
Менеджмент әдістері
Білім беру мен оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша конспект жазу, тақырып бойынша сұрақтарды ауызша талқылау, жазбаша тапсырманы орындау
Бақылау сұрақтары
Ұйымдағы менеджменттің ролі қандай?
«Менеджмент» түсінігінің әртүрлі анықтамаларын талдаңыз және олардың өзара байланысын көрсетіңіз.
Менеджмент мектептерін атаңыз.
4. Менеджменттің негізгі міндеттерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
5. Менеджмент функцияларының мазмұнын ашыңыз.
6. Менеджмент функцияларының ішінен бастысын ерекшелеуге бола ма?
7. Басқару әдісінің біреуін таңдауда, басшының әрекеті қандай болады?
8.
Пікір-талас сұрақтары:
Сіз қалай ойлайсыз, менеджмент ғылым ба әлде өнер ме? Сізге белгілі менеджерлер неге сүйенеді: тәжірибеге ме, интуицияға ма немесе теорияға ма?
Менеджмент туралы алған біліміңіз негізінде тиімді менеджерге қажетті қасиеттерді анықтап көріңіз.
Рольдік ойындар:
Денсаулық сақтаудағы және ірі өндірістік компания менеджері. Рольдерді және менеджменттегі табыстың қажетті ресурстарын сипаттаңыз.
Жазбаша тапсырма:
Адам қатынасы және іс-әрекет ғылымы мектептерінің негізгі артықшылықтары тізімін құрыңыз. Оларды талдаңыз және басқарудың рационалды тәсіл мектептерімен салыстырыңыз.
2. Оқулықты, ғылыми әдебиетті және периодты басылымды қолданып медициналық ұйымды басқару объектісі ретінде талдаңыз.
«Менеджердің жеке тұлғалық қасиеттері» тақырыбына реферат жеке қорғау
Тақырып 4 Персоналды менеджмент негіздері – 1 сағат
Сабақ мақсаты: жеке еңбекті тиімді ұйымдастыру үшін персоналды менеджмент негіздерін оқу.
Оқу міндеттері: студенттердің өзін-өзі басқару тәсілдері мен әдістерін, өз еңбегін рационалдау, сендіру техникасы, өз жұмыс қабілеттігін арттыру дағдысын меңгеруі.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Персоналды менеджмент мақсаты
2. Персоналды менеджмент функциялары және техникасы
3. Персоналды менеджмент жүйесі
4. Жоспарлау және мақсатты анықтау
5. Жұмыс уақытын үнемдеудің негізгі ережелері
Білім беру мен оқыту әдістері: шағын топтарда жұмыс: ситуациялық есепті шешу
Бақылау сұрақтары
Персоналды менеджмент дегеніміз не?
Оның негізгі мақсаты қандай?
Өзіңді басқару қабілеті дегеніміз не?
Тиімді басқаруға қажетті адамның қасиетіне не қосар едіңіз?
Ситуациялық тапсырма:
Ситуация 1. Сіздің «достық» ұжымыңызға жаңа адам келді. Ол тамаша маман және оның қасиеттері менеджердің көптеген жақсы қасиеттеріне сай. Уақыт өте бұл жағдай дәлелденді, бірақ жоғары ұйымдастырушылық пен мұқияттылықты талап ететін шұғыл тапсырмаларды орындауда оның жұмыс сапасы төмендейді. Сіз оны сұхбатқа шақырасыз және айтасыз: ..... Ситуация 2. Менеджерді жұмысқа қабылдағанда Сіз тиімдірек жұмысқа сенесіз, бірақ нәтижесінде сеніміңіз ақталмады, өйткені оның менеджер тән маңызды қасиеті – тәртіптілік жоқ. Оның міндеттілік, жинақтылық қасиеті жоқ және бас тарта алмайды. Бірақ өз қызметінде жақсы маман. Сіз бұл жағдайды қалай шешесіз? Ситуация 3. Сізге өзіндік менеджмент артықшылықтарына арналған анкетаны толтыру ұсынылды. Қандай артықшылықтар ең маңызды және қайсысы менеджердің өмірлік мақсатын қоюға көбірек әсер етеді? «Ұйымдастырушылық» графасына қандай анықтама бере аласыз? Өз жауабыңды дәлелдеңіз.
Тест:
Достарыңызбен бөлісу: |