Султангазина Жанат Жангабуловна



жүктеу 448 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.11.2018
өлшемі448 Kb.
#18764


Султангазина Жанат Жангабуловна 

№17 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Қостанай қаласы 

Әдебиет сабағында жаңартылған білім мазмұны 

бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру 

 

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімдерінің  ең  басты  міндеті  –  өз 



оқушыларын  кәусар  әдебиетімізбен  сусындатып,  Абайдың  дана  ойларына, 

Сәкеннің  сырлы  лирикасына,  Мағжанның  жауһар  жырларына  ғашық  етіп, 

жасампаз  рухтың  мәңгілік  екендігін  паш  ету.  Сондықтан  да  жаңартылған 

білім беру бағдарламасы тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, 

оқу,  жазу)  аса  назар  аударып  отыр.  Оқу  кезеңінен  жазба  тілге  дейінгі 

оқытудың  бірізділігін  жүзеге  асыруды  көздейді.  Жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасындағы  қарым-қатынас  құрудың  маңызын  түсіну  және  сабаққа 

арналған  тілдік  мақсаттарды  белгілеу  көзделген.  Тілдік  мақсат  үш  тілде 

оқытудың  коммуникативті  дағдыларын  дамытуды  қолдау  болып  табылады. 

Әсіресе,  орыс  тілінде  оқытатын  мектептерде  оқушыларға  қазақ  тілін  оқыту 

барысында  оқылым,  жазылым,  айтылым,  тыңдалым  дағдыларын  дамыту 

арқылы алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген ортада бәсекеге 

қабілетті болуға, қарым-қатынас жасауда тиімді қолдануға мүмкіндік беретін 

білім алады. Оқушылар қоғамда орын алатын әр алуан жағдайларда табысты 

ынтымақтастық  пен  өзара  түсіністік  тудырып,  қарым-қатынасқа  түсіп, 

сонымен қатар, тілдік дағдыларын жетілдіре алады. Жаңартылған білім беру 

мазмұнындағы  бағдарлама  негізі  тілдік  бірліктерді  және  олардың 

тіркесімділігі  мен  қолданылу  ерекшеліктері  туралы  білімді  меңгеруде  үлкен 

қолдау  көрсетеді.  Осының  нәтижесінде  мектеп  оқушыларының  сөздік 

қорлары  толығып,  тілдік  дағдылары  жетіледі,  ұлттық  құндылықтарды 

құрметтеуді, оны бағалауды үйренеді. 

Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  бағалаудың  критериалдық 

жүйесі  пайдаланылады.  Бағалау  -  одан  арғы  оқу  туралы  шешімді  қабылдау 



мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған 

қызметті  белгілеу  үшін  қолданылатын  термин.  Критериалды  бағалау 

жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі 

бағалауды  үйреніп,  өз  білімінің  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  көріп, 

әрі  қарай  қалай  даму  керектігін  түсінеді,  яғни  бұл  жүйеде  оқушының  қалай 

жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критериалды бағалаудың екі 

түрі бар - қалыптастырушы және жиынтық. 

Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі 

кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, 

дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау 

тоқсан  барысында  (бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау), 

тоқсан  соңында  (тоқсандық  жиынтық  бағалау)  және  білім  беру  деңгейін 

аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.  

Жиынтық бағалау - оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және 

тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Тоқсандық жиынтық 

бағалау  тапсырмалары  балл  қою  кестесімен  сәйкестендіріле  жасалады. 

Жиынтық  бағалау  өткізілген  соң  мұғалім  балл  қою  кестесін  қолданып  балл 

қояды.  Мұғалім  барлық  жауап  үшін  балл  қойылып,  нәтижелердің  дұрыс 

жазылғанына көз жеткізеді. Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін 

оқу 

барысындағы 



оқу 

жетістіктеріне 

жетуде 

қаншалықты 



алға 

ілгерілегендігін  анықтау  үшін  қолдана  алады.  Оқу  нәтижелері  мен  кері 

байланыс  әрекетінің  оқушыны  үнемі  оқуға  ынталандырып,  алға  жетелеп 

отыруы  маңызды,  сондықтан  ол  оқушыға  түсінікті  тілде,  оның  дұрыс 

қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей болуы қажет. 

Жиынтық 


бағалау 

оқу 


бағдарламасының 

бөлімдерін, 

ортақ 

тақырыптарын  және  белгілі  бір  оқу  кезеңін  (тоқсан,  оқу  жылы,  орта  білім 



деңгейі)  аяқтаған  кезде  оқушының  үлгерімі  туралы  ақпарат  алу  мақсатында 

балл және баға қою арқылы өткізіледі. 




Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі 

кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, 

дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау 

тоқсан  барысында  (бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау), 

тоқсан  соңында  (тоқсандық  жиынтық  бағалау)  және  білім  беру  деңгейін 

аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  бақылау  жұмысы  ретінде  берілген, 

сондықтан  бақылау  жұмысы  өтерге  дейін  материалдар  оқушылардан  қатаң 

құпия  түрінде  сақталғаны  жөн.  Олар  жабық  шкафта,  оқушылар  көре 

алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге 

ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады. 

Жиынтық  бағадауды  негізінен  мұғалімдер  өткізеді,  оқушылар 

жұмыстарын  жазғанда,  кабинетте  тек  бір  мұғалім  болуы  мүмкін. 

Мүмкіндігінше,  кез  келген  бос  мұғалім  жиынтық  бағалауды  өткізуде 

мұғалімге  көмектесуі  қажет,  яғни көмекші  бақылаушы  рөлін  атқарады  және 

ол  бас  -  бақылаушы  мұғалімнен  нұсқаулық  алады.  Жиынтық  бағалау  өткізу 

кезінде  мұғалімдер  және  басқа  бақылаушылар  бағалауды  тиісті  деңгейде 

және  тәртіппен  өткізуді  мұқият  бақылаулары  қажет,  басқа  іс-әрекет 

жасамаулары  өте  маңызды  (мысалы,  дәптер  тексеру,  ноутбукте  жұмыс 

жасау).  

Жаңа  бағалау  жүйесі  білім  алушыда  өз  әрекетін  бақылау  мен  бағалау, 

туындаған  қиындықтардың  себептерін  анықтау  мен  қалпына  келтіру 

қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Жиынтық бағалау жұмыстарын әрбір білім алушы тапсыруға міндетті. 

Бірақ  қайта  тапсыру  рұқсат  етілмейді.  Мұғалім  жиынтық  бағалау 

тапсырмаларын  өзі  құрастырады  немесе  әдістемелік  ұсыныста  берілген 

жиынтық  бағалау  тапсырмаларын  қолдануға  болады.  Жиынтық  бағалау 

тапсырмаларын  дәптерге,  параққа  жазғызуға,  сондай-ақ  қолдан  жасалған 

бұйым, жаттығу түрінде орындатуына болады.  



жүктеу 448 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау