Ақтөбе қаласы əкімдігінің 2010 жылғы 16 сəуірдегі № 968 "Ақтөбе қаласы мүгедектері
үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық əкімдігінің 2011 жылғы 25 сəуірдегі № 966 қаулысы.
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Əділет басқармасында 2011 жылғы 19 мамырда № 3-1-155
тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан
Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы»
Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына сəйкес қала əкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы əкімдігінің 2010 жылғы 16 сəуірдегі № 968 «Ақтөбе қаласы мүгедектері
үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдердің
мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 27 сəуірде № 3-1-132 болып тіркелген, 2010
жылғы 6 мамырдағы № 57-58 «Ақтөбе» жəне «Актюбинский вестник» газеттерінде
жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының атауындағы «мүгедектері» сөзі «белгіленген санаттағы тұлғалары» сөзімен
ауыстырылсын,
қаулының кіріспесіндегі:
«мүгедектерді» сөзі «белгіленген санаттағы тұлғаларды» сөзімен ауыстырылсын;
«5-2) тармақшасына» саны мен сөзі «5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына» сандары мен сөзіне
ауыстырылсын;
«жəне Ақтөбе облыстық əкімдігінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 326 «Халықты
жұмыспен қамтуды көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысына сəйкес»
сөзі алынып тасталсын;
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Ақтөбе қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орнының жалпы санынан жұмыс
орындарының квотасы белгіленсін:
мүгедектер үшін 3 % көлемінде;
бас бостандығынан айыру жерінен босап шыққан тұлғалар жəне интернат мекемелерінің
кəмелетке толмаған түлектері үшін 0,3% көлемінде».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала əкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға
жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енеді.
Қала əкімі А.Мұхамбетов
© 2012. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы" ШЖҚ РМК