Рабочая учебная программа Оқу пәні / Учебная дисциплина: Мәнерлеп оқу/ Выразительное чтение



жүктеу 76,43 Kb.
бет7/10
Дата14.03.2023
өлшемі76,43 Kb.
#41756
түріРабочая учебная программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
РУП манерлеп оку МТ 191-1г

бөлім. Жаттығу жұмыстары.

7.1-тақырып. Кешендік жаттығу жұмыстары.
Мәнерлеп оқу кезінде, қалыпты оқуға қойылатын талаптар. Сөйлеу әуені. Сөйлеу әуенін түзейтін дыбыс зандылығы. Дауыс ырғағының жоғары-төмен болуы. Дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, жылысуы. Мәнерлеп оқуға дайындық барысында орындау, тыңдау мен сараптау жұмыстарын жүргізу. Мәнерлеп оқу жұмыстарын ұйымдастыруда жаттығулардың түрлері мен ерекшеліктері. Кешендік жаттығуларды жасаудың пайдасы.
7.2-тақырып. Қыз балаларға арналған жатгығулар жұмыстары.
Қыз балаларға арналған жаттығуларға толық тоқталу. Жаттығу жұмыстарымен жүйелі жұмыс түрлерін жасау. Қыз балалардың тыныс мүшелерінің кейбір ерекшеліктеріне байланысты жаттығулар.
7.3-тақырып. Жаттығулар жұмыстары арқылы әртүрлі жұмыстар тұрлері.
Мәнерлеп оқу материалы бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар. Білім алушының құмарлығын арттыруға бағытталған жұмыс түрлері. Кітаппен жұмыс жасау. Табиғат көрінісін өз бетінше суреттеу.

  1. бөлім. Мультимедиалық жұмыс түрлері.

8.1-тақырып. Мультимедиамен тиімді жұмыс түрлері.
Мультимедиа арқылы жұмыс жүргізудің тиімді жолдары. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды таңдай білу. Сюжетіне басты мән беру. Мәнерлеп сөйлеу тәсілдерін сақтау. Мультимедиа арқылы дайындаған жұмыстарды түрлі әдістермен жинақтау. Әрбір жұмыстарға талдау жасау. Сюжетін ойдан құрастырып, мәнерлеп оқу.
8.2-тақырып. Мультимедиа арқылы дайындалған ертегілермен жұмыс (топшамен, жұппен)
Образ сомдаудың өзіндік ерекшеліктері. Оқығанын, көргенін, естігенін жүйелі әңгімелеп беру, оған қойылатын талаптар. Кез келген образға талдау жасай отырып, ішкі жан дүниесін ұғыну. Ертегілерді оқу барысында шығарманың мазмұны мен мағынасын талдау. Мәнерлеп оқуда дауыс сазын дұрыс қолдану зандылықтары. Ертегі идеясы: «Еңбек түбі - береке», «Табиғатты аялайық», «Көмек көрсету - парыз», т.б.
Ингерактивті тақтадан мультихикая немесе ертегі көрсетіледі. Көрсетілетін мультихикаялар мен ертегілердің даусын өшіріп, сол дауыстарды өздері салып үйренеді. Мұндағы негізгі мақсат - әртүрлі тіршілік иесінің даусын салуға жаттығу және балалардың қызығушылығын арттыру. Топшамен жұмыс. Мұнда әрқайсысы бір ғана кейіпкерді сомдайды (15-20 минут көлемінде), Жұппен жұмыс. Мұнда әр студент 2-3 кейіпкердің даусын салады (10-12; минут көлемінде). Ескерту: Кейіпкерлердің аузының ашылып, жабылғанын: басты назарда ұстау қажет.
8.3-тақырып. Мультимедиа арқылы дайындалған мультихикаямен жұмыс (жеке).
Ертегілерді мультимедиаға сай дайындау. Ең негізгі әрі қызықты жерін нақышына келтіріп оқу. Мультихикаяны баланың психологиясына сай етіп алу. Жас ерекшеліктерін назарда ұстау. Нормалы дауыс ырғағымен жеткізу. Ертегілерді мультимедиаға сай дайындау. Ең негізгі әрі қызықты жерін нақышына келтіріп оқу.
Жеке жұмыс. Мұнда бір өзі бір мультихикаяны немесе ертегіні толық: алып шығады (7-8 минут көлемінде). Ескерту: Кейіпкерлердің аузының ашылып, жабылғанын басты назарда ұстау қажет.
8.4-тақырып. Сюжетін түбегейлі өзгертіп, өз ойынан құрау арқылы жүргізілетін мультимедиалық жұмыстар.
Интерактивті тақтадан мультихикая немесе ертегі көрсетіледі. Мұнда мультихикая немесе ертегінің сюжеті түбегейлі өзгертіледі. Оқиға желісін өздері ойдан басқаша құрайды. Мысалы, түлкіні қу емес, керісінше, аңғал әрі жомарт бейнесінде суреттейді. Мұнда да ертегінің даусы өшіріліп, өздері дайындаған ертегі арқылы бейнелейді. Басты мақсат - өз ойынан әңгіме құрауға жаттығу және соны мәнерлеп жеткізуге дағдылану, яғни, шығармашылық қабілетін арттыру. Топшамен жұмыс. Мұнда әрқайсысы бір ғана кейіпкерді сомдайды. Жұппен жұмыс. Мұнда әр студент 2-3 кейіпкердің даусын салады.
Жеке жұмыс. Мұнда бір өзі бір мультихикаяны немесе ертегіні толық алып шығады.


  1. жүктеу 76,43 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау