№12 технологиялық карта



Дата19.11.2018
өлшемі48 Kb.
#21477

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 29.05.2017

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Арыстан күшігін асырған мысық» (ертегі)

Мақсаты:

Білімділігі: ертегіні тыңдай білуге, оны мазмұндауды үйретуді жалғастыру.

Дамытушылығы: кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің

ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай байланыстыра баяндай

білүге үйретуді дамытуды жалғастыру.

Тәрбиелігі: бір-біріне деген бауырмалдық, жанашырлық сезімдерін ояту, жақсылық

жасауға тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс: арыстан.

Билингвальді компонент: арыстан-лев,мысық-кошка

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің қызметі

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларға бүгін ертегі тыңдайтынын, ертегі аң патшасы арыстанның күшігі мен өздері жақсы білетін мысық туралы екенін айтып, арыстан күшігі мен мысықтың қандай жануарлар екендігі жайлы әңгімелесу.

Ертегі тыңдайтындарына куанап, арыстанның жабайы жануар, ал мысық үй жануары екенін өз сздерімен жеткізіп атсалысады.


Ұйымдаcтырушылық - ізденістік



Демонстрациялық құрал

(Арыстан және оның күшігінің суреті)

Мысық пен арыстан туралы қандай ертегілер білітінін және қандай мультфильмдер көргеннін сұрау.

-Ал енді, балалар, мен сендерге қызықты ертегі оқып беремін, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.

Ертегі оқылады: «Арыстан күшігін асырған мысық»

Бір Мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған Арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырыйды.

Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан Арыстан өзін асырған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағашқа шығып кетеді.

Сонда Арыстан тұрып:

-О, менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бүкіл қылықтарды үйреткенде ағашқа өрмелеуді неге үйретпегесің?- дейді.

-Қысылғанда керек болар дегенім еді, -депті сонда Мысық.

(Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қоя отырып, байланыстыра баяндауға бағыттау)

Дамытушы сұрақтар:

-Мысық ненің күшігін кездестерді?

-Арыстан күшігінің анасы жоқ болғандықтан, Мысық оған қандай көмек көрсетеді?

-Арыстан күшігі үлкен болып өскеннен кейін қандай іс-әрекетін, мінезін көрсетеді.?

- Оны біліп қойған Мысық не істейді?

-Сол кезде Арыстан Мысыққа не дейді?

-Сонда Мысық не деп жауап береді?

Жасылықты жақсылықпен қайтару керектігін балалар санасына құю.

-Арыстанның жасаған іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

-Сендер арыстан кушігінің орнына болғанда не істеуші едіңдер?

Арыстан мен мысықтың қандай дауыс шығаратынын сұрай отырып, мысық туралы сергіту жаттығуын жасату.

Сергіту жаттығу

«Мысығым»

Құйрығым қуып ойнайды,

Кума десем қоймайды.

Шыр көбелек айналсам,

Жетемін деп ойлайды.

Піш-піш десем келе ғой,

Айтқаныма көне ғой,

Шақырғанда «піш-піш» деп,

«Мияу» деп дыбыс бере ғой.

Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Бүгінгі ертегі кейіпкерлерін қорша» тапсырмасын орындау.

Сөздік жұмыс: арыстан.

Билингвальді компонент:арыстан-лев,мысық-кошка

Суретте нені көріп отырғандарын айтып өтеді. Балалар өздері білетін ертегілерді айтады: «Мақта қыз бен мысық», «Жалқау мысық», «Том мен Джерри» т.б.

Балалар мұқият тыңдап отырады.

-Мысық келе жатып арыстанның күшігін кездестіреді. Мысық арыстан күшігін үйіне апарып анасы секілді тамақтандырып, жуындырып, оны асырайды.

-Қарны ашып кеткен арыстан күшігі өзін бағып өсірген анасы сияқты болған мысықты жемекші болады. Мысық дереу ағашқа шығып кетеді.

-О, мені асырған, ақ сүтін беріп өсірген асыраушым мен сені анам сияқты жақсы көремін. Сен неге маған барлық нәрсені үйретіп, ағашқа шығып өрмелеуді неге үйретпедің?-дейді. Қажет кезде керек болар деп едім- деп жауап береді.

Жоқ, өзін асырған анасына олай қиындық жасауға болмайды.
Өз ойларын жеткізуге тырысады.

Арыстаның ақыратынын, мысықтың мияулайтынын айтады.

Балалар қайталайды.

Қайталайды:арыстан-лев,мысық-кошка



Рефлекциялық-түзетушілік

Балалардан қандай ертегі тыңдағандарын, ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнағанын, несімен ұнағанын және жағымсыз кейіпкердің қай қылығы ұнамағанын сұрап, «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» мақал - мәтелді нақыл сөзбен қорытындылау.

Қимылын келтіріп жасауға талпынады.
Ұнағаг кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерін өз ойымен баяндайды.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: ертегі желісін бұзбай баяндауды;

Түсінеді:өз ойын ашып жеткізуды;

Қолданады: жақсы нәрсені үйреніп, жамандыққа жақындамау керектігін біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау