«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау, І-нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлаудағдыларыны ңдеңгейі
Орындау уақыты
|
Тыңдалым және айтылым
4.1.2.1** Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша/ толық/ ішінара мазмұндау
Білім алушы
• Шығарманы өз ойынан өрбітіп, толық мазмұндайды
• Мәтіннің мазмұнын І жақта баяндайды
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
20 минут
|
1-тапсырма Мәтінді мұқият оқы. Тапсырмаларды орында.
Ғарыш жайлы қызықты мәліметтер
Ғарышта еш дыбыс естілмейді, өйткені дыбыс толқындарын тарататын ауа жоқ.Жер – әрбір минут сайын, 19,3 мың шақырымға жылжиды.Қарапайым автокөлікпен Күнге жету үшін, 212 жылдан астам уақыт керек.Венерада бір тәулік уақыт 224 күнді құрайды.Біздің планетамызды ғарыштан өз көзімен, тек 24 адам ғана көрді.Плутон – күн жүйесіндегі ең суық планета. Айдын бетінде аяқтын ізін қалдыратын болсаңыз, ол із мәңгілік сақталып қалады.Көлемі бойынша Күн Жерден 1,3 миллион есе үлкен.Күн жүйесінің жасы шамамен 4,6 миллиард жыл. Ғалымдар ол тағы 5 000 миллион жыл өмір сүретінін болжайды.1957 жылы ғарышқа ұшқан алғашқы иттін аты – Лайка. Ит – ауа жетіспегендіктен қайтыс болды.Күн жүйесі массасының 99% – ын Күн құрайды.Жыл сайын біздің Галактикамызда, қырық жаңа жұлдыз пайда болады. Әлемде 100 миллиардтан астам галактика бар, сондықтан ғарыш кеңістігінде адамдар жалғыз емес екендігіне сенімдіміз.Марс планетасының гравитациялық өрісінін төмен болғандығынан, Жер бетінде салмағы 100 кг адам, Марста 38 кг болады.«Астронавт» термині Ежелгі Грекиядан келді, астро – «жұлдыз», «навт» – теңізші дегенді білдіреді.Венерада күн батыстан шығып, шығыста батады.Жердің барлық жағалауларындағы құмынан гөрі, ғаламдағы жұлдыздардын саны көп.
а) Сұрақтарға жауап жаз.
1) Ең бірінші ғарышқа ұшқан иттің аты? _______________________________________
2) Астронавт термині қандай мағынаны білдіреді? ______________________________________________________________
Тыңдалған мәтінді жалғастырып көр. Осы мәтінді толықтырып, оқиғаны
І жақта әңгімеле.
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Шығарманы өз ойынан өрбітіп, толық мазмұндайды Мәтіннің мазмұнын І жақта баяндайды
|
1
|
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
- бірінші сұраққа;
- екінші сұраққа;
|
1
1
|
берілген оқиғамен байланыстыра отырып, мәтінді жүйелі жалғастырады
|
1
|
оқиғаны І жақта баяндайды;
|
1
|
ойын жүйелі, еркін жеткізеді;
|
1
|
сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
|
1
|
сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
|
1
|
Барлығы:
|
|
7
|
Достарыңызбен бөлісу: |