бөлім. Дыбыстарың айтылу аппараты.
5.1-тақырып. Дұрыс әдеби тіл.
Дұрыс әдеби сөйлеу (орфоэпия). Тілдегі сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес сөздер. Сөздерді дұрыс айту нормалары. Дыбыс үндестігі. Тілдің ауызша сөйлеу нормалары. Әр тілдің басты фонетикалық заңдылықтары. Сөздің айтылуының фонологиялық мәні. Қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормалары.
5.2-тақырып. Дауысты дыбыстардың айтылуындағы тілдік аппараттың жағдайы
Дауысты дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері. Айтылу мен жазылу заңдылықтары.
Өкпеден қайтқан ауа дауыс шымылдығына соғылғанда, дауыс шымылдығы керіліп тұрады, діріл пайда болып үн шығуы. Үн қуыс мүшелерінің кедергілеріне ұшырамай еркін шығуы.
5.3-тақырып. Дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы тілдік аппараттың жағдайы.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуі (ассимиляция). Біріккен сөздер, сөз тіркесі, қос сөздердің арасындағы дауыссыз дыбыстардың үндесу заңдылықтар. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесі. Дауыс шымылдығы, діріл, сылдыр дауыссыздарының айтылу заңдылықтары мен ерекшеліктері. Дауысыз дыбыстардың оқылу үрдісіндегі өзгеріске ұшырауы.
бөлім. Әдеби жанр түрлері.
6.1-тақырып. Поэзияны оқу нақыштары.
Поэзияны оқу ерекшеліктері. Лирикалық өлеңдер. Өлең мен көркем қара сөздің ара жігі. Өлең сөздің ерекшелігі, құрылысы. Өлең оқуға қойылатын талаптар. Өлең жолдарындағы дыбыстардың анық шығуын қатаң сақтауға мұқият болу. Өлеңнің логикалық мағынасына зейін қою. Логикалық екпін мен паузаға әсер етуі. Өлең жолдарында кездесетін паузаны өзі дұрыс таңдай білуі. Өлеңнің техникалық дайындықты талап етуі. Ақындардың түрлі тақырыптарда жазған өлеңдерін мәнерлеп оқу. Мысалы, «Туған жер», «Қазақстан», «Ауылым - алтын бесігім», «Тәуелсіздік - бақытым», т.б.
6.2-тақырып. Ертегілерді саусақ театры арқылы жеткізу.
Шағын фольклорлық шығарма түрлерін оқу, мазмұны мен құрылысын сараптау. Мәнерлеп оқуға дайындау. Фольклорлық ертегілерді оқу ерекшеліктері және мәнерлеп оқу кезінде қолданатын әдістерді қолдана білу. Саусақ театры арқылы ертегі сомдаудың ерекшелігі.
6.3-тақырып. Қуыршақ театрымен ертегі сомдау.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын-театр түріндегі әрекетінің маңызы. Театрланған ойындардың түрлері. Театрланған үстел ойындары, қуыршақ ойындары, бибабо қуыршақтарының драмалық ойындары. Берілген тапсырма бойынша балаларды жылдам құрастырылған ойындарға қатыстыру. Образ жасаудағы пантомиманың ролі. Тәрбиеші мен баланың бірлесе отырып көрініске қажетті заттар мен декорацияларды жасауы. Ертегі мазмұны «Құстар - біздің досымыз», «Табиғат - екінші үйіміз», «Ормандағы достар», «Сиқырлы қыс» атты тақырыптарды қамтуы тиіс.
6.4-тақырып. Ертегі түрлері бойынша сахналық қойылым.
Әдеби ертегілердің жанрлық ерекшеліктеріне қарай баяндау. Сюжеті мен қомпозициялық құрылысын талдауда орындаушылық әрекеттерді таңдай білу. Кейіпкер сөзін әрекетке айналдыру. Іштей сөйлеу, үзіліс жасау, ым, қимыл, ишара. Ертегілердің тәрбиелік ролі. Ертегілердің түрлері мен тақырыбы. Аударма ертегілер. Ертегілерді тандай білу. Сахналық қойылымға сай үзінді алу. Әрбір образдармен жеке жұмыс жасау. Дауыс реңімен, интонациямен әзірлік жұмыстарын жүргізу.
6.5-тақырып. Мысалдардың оқылу ерекшелігі.
Көркем шығармалар жанры. Өзіндік ерекшелігі. Мысал өлеңдер. Мысал өлеңдердегі аллегория. Негізгі кейіпкерлері. Дауыс күші, әуені, сазы, логикалық, психологиялық кідіріс. Мысал жанрының ерекшелігі мен орындаушылық қисындары. Поэзиялық жанрдағы шығармаларды өлең ырғағы, тармағы мен көлемінің арасындағы кідірісті сақтай білу. Тақырыптық-идеялық мазмұны, оны орындаушы тандауындағы ықпалы, көркем образбен айтушының бейнесін сомдауы және сюжеті. Композициялық құрылымдардың ажырату амалдары
6.6-тақырып. Поэма арқылы образ сомдау.
Поэманың жанрлық ерекшелігі. Нақышына келтіріп оқуға дайындық жұмыстары. Оның дикциялық, интонациялық әсері. Образдарға жеке талдау жасау. Образ психологиясына ене білу. Мамандықтың қыр-сырын ашатын поэма балладаларға тоқталу. Мысалы, М.Шахановтың «Арман» балладасы.
6.7-тақырып. Көркем шығармаларды сахналау
Көркем шығарманың әзірлемесін құрастыру принциптері. Фольклорлық және әдеби шығармалардың әзірлемесін құру ерекшеліктері. Әдеби-музыкалық композициялар. Мектепке дейінгі мекемелер мен отбасында түрлі мерекелік және туған күн кештерінің әзірлемелерін құрастыру. Мысалы, «Салт дәстүрі халқымның сарқылмайтын кенімен тең», «Ертегілер әлемінде», «Көктем көріністері», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |