ҚР әкімшілік құқығы Санасыров Н. Т. 2016 ж


Мемлекеттің қызметкерлердің құқ-тық жағдайы



жүктеу 0,76 Mb.
бет17/30
Дата04.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#31518
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Лекции АДМ ПРАВО КАЗ

3. Мемлекеттің қызметкерлердің құқ-тық жағдайы

  • «А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемл-тік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;

  • «А» корпусының мемл-тік әкімш. қызметінің кадр резерві – «А» корпусының бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер ҚР азаматтарының ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылып, жүйеленген тізімі;

  • «Б» корпусы – «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;

Мемл-тік қызметшінің мәртебесі ҚР заңдарында белгіленген, мемл-тiк қызметте болуына байланысты шектеулері бар ҚР азаматы ретінде мемл-тiк қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемл-тiк қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.

Мемл-тiк қызметшiлердiң негізгі құқықтары

1) ҚР азаматтарына ҚР Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемл-тiк орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;

3) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына;

4) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

5) өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

6) лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;

7) басшыдан мемл-тiк қызметшi атқарып отырған мемл-тiк лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге;

8) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;

9) өзi атқаратын мемл-тiк лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;

10) тиiстi бюджет қаражаты және ҚР Ұлт. Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;

11) мемл-тiк орган оны ҚР заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемл-тiк тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ ҚР заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемл-тiк лауазымының) сақталуына;

12) өзiнiң мемл-тiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;

13) бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемл-тiк қызмет бабында ілгерілетілуге;

14) мемл-тiк қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге;

15) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемл-тiк қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемл-тiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;

16) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

17) лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

18) жоғары тұрған мемл-тiк органдар мен лауазымды адамдарға мемл-тiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi

1) ҚР Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

2) ҚР Президентi бекiткен тәртiппен мемл-тiк қызметшiнiң антын қабылдауға;

3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;

4) функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;

5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;

6) қызметтік тәртiпті сақтауға;

7) ҚР заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;

8) қызметтік әдепті сақтауға;

9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;

10) мемл-тiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемл-тiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге;

11) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

12) мемл-тiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемл-тiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;

13) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемл-тiк орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;

14) лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;

15) өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемл-тiк тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемл-тiк органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ҚР Үкіметі ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемл-тiк қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемл-тiк қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пропорционалды өтеуіне әкеп соғады;

16) ҚР заңнамасына сәйкес мемл-тiк органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.

Мемл-тік қызметшілердің өзге де міндеттері ҚР заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.



Мемл-тік органдардың басшылары болып табылатын мемл-тiк саяси қызметшілердің және облыс, республ-лық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары

1. Мемл-тік саяси қызметшілердің функционалдық міндеттері ҚР заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде, тиісті мемл-тiк орган туралы ережеде және міндеттердің бөлінуінде айқындалады.

2. Мемл-тік органдардың бірінші басшылары болып табылатын мемл-тiк саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:

1) мемл-тiк органның мақсаттарын, тиісті аумақты дамыту мақсаттарын айқындау;

2) мемл-тiк саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді қабылдау;

3) сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау;

4) ҚР Парламентінде және басқа да мемл-тiк органдар мен ұйымдарда мемл-тiк орган атынан өкілдік ету;

5) мемл-тiк, үкіметтік бағдарламалардың және өзге де жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау;

6) ҚР Конституциясында, заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар.

Орталық мемл-тiк органдардың жауапты хатшыларының, аппарат басшыларының және облыс, респ-лық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері

Министрліктердің жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттігін ҚР Президенті белгілейді.



Орталық мемл-тiк органдардың аппарат басшыларының өкілеттіктеріне:

1) мемл-тiк органға жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастыру;

2) өз құзыреті шегінде мемл-тiк органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

3) мемл-тiк органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;

4) егер ҚР заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемл-тiк органның «Б» корпусының мемл-тiк әкімшілік қызметшілерін мемл-тiк лауазымдарға тағайындау және мемл-тiк лауазымдардан босату;

5) мемл-тiк органның тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемл-тiк органның мемл-тiк қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;

8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемл-тiк органның мемл-тiк қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;

9) өз құзыреті шегінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

10) мемл-тiк органның мемл-тiк саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;

11) ҚР заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.



Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер

Мемлекеттiк қызметшi:

1) өкiлдi органның депутаты болуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;

3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу ҚР заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемл-тiк органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемл-тiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

6) ереуiлдi қоса алғанда, мемл-тiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

Мемл-тік қызметші мемл-тiк лауазымға кіргеннен кейін 1 ай ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерц-лық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемл-тiк қызметті өткеру уақытында ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн мемл-тiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап 10 күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады.

ҚР Үкіметінің мүшелерін, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемл-тiк қызметшілердің өздеріне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады.

Мемл-тік қызметшінің сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.

ҚР Үкіметінің мүшелерін, ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерін қоспағанда, мемл-тiк қызметшілер тұрғын-жайларын мүліктік жалдауға беруге құқылы. Мемл-тік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын ҚР Үкіметі бекітеді.

ҚР Ұлт. Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған мемл-тiк лауазымдарға тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ҚР Ұлт. Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті.

ҚР Ұлт. Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерц-қ ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.

ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемл-тiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемл-тiк лауазымды атқара алмайды.



Мемл-тік саяси қызметке кіру

Азаматтардың мемл-тiк саяси қызметке кiруi тағайындалу не сайлану негiзiнде, сондай-ақ басқа да жағдайларда ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады. Мемл-тік саяси лауазымға орналасу ҚР заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда осы лауазымға орналасу үшін қажетті келісуден өткен және арнайы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда жүзеге асырылады. Мемл-тік саяси қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптарды ҚР Президенті айқындауы мүмкін. Мемл-тік саяси қызметшілердің мемл-тiк әкімшілік лауазымдарды қоса атқаруына жол берілмейді.



Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру

Жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемл-тiк әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемл-тік қызметке алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемл-тiк әкімшілік лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, қызметтегі судьялар, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде 6 ай орындаған Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемл-тiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшілер, судьялар «А» және «Б» корпусының мемл-тiк әкiмш. лауазымдарына ҚР мемл-тiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алады. ҚР Президенті жоғарыда аталған адамдарды кадр резервіне іріктеу жүргізбестен және уәкілетті комиссияның шешімінсіз, оларға тағайындау өзімен жүзеге асырылатын «А» корпусының мемл-тiк әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы. Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемл-тiк әкімшілік қызметшілері «Б» корпусының мемл-тiк әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.




жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау