8) еңбек нарығына қатысушылардың күш-жігерін біріктіру және халықты
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде
олардың әрекеттерінің келiсілуі;
9) халықты жұмыспен қамту орталықтары және жұмыспен қамтудың жекеше
агенттiктерi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыру;
10) iшкi еңбек нарығын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу
арқылы қорғау;
11) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-
шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн
шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiру мен реттеу және
олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң
Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты
мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
14) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатпен келісілген,
жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы
жұмыс орындарын құруды ынталандыратын қаржы, салық және инвестиция
саясатын жүргізу жолымен іске асырылады.
4-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты ақы үшiн
толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы
төленетiн өзге жұмысы (еңбек функциясы) бар;
2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған;
3) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында және арнаулы мемлекеттік
органдарында қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
5-бап. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары
Мемлекет:
1) жұмыс түрін және жұмысты таңдау еркіндігіне;
2) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс
алуда, жұмыспен қамтылу мен еңбек жағдайларын таңдауда мүмкіндіктер
теңдігіне;
3) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға негізделген халықты жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтамасыз етеді.
2-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамтуды
реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 № 482-
V Заңымен.
2) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібін
бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның
құзыреті
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi
шегiнде:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы
органдарды, еңбек ресурстарын дамыту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады;
2) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асырады;
3) жұмыс күшіне болжамды қажеттіліктерді айқындау әдістемесін әзірлейді
және бекітеді;
4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, еңбек
нарығының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар
етеді;
5) экономиканың кадрларға қажеттігінің болжамын әзірлейді және оны
мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі;
6) мыналарды:
қоғамдық жұмыстарды;
әлеуметтік жұмыс орындарын;
жастар практикасын;
кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және
бекітеді;
7) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және
бекітеді;
8) мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
9) мыналарды:
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
10) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды
ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде
қоныс аудару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын
құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын
әзірлейді және бекітеді;
12-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің
аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және
бекітеді;
12-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің
аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
12-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің
аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне
қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
13) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік
кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін
қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру
парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары нысандарын әзірлейді
және бекітеді;
16) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлейді және
бекітеді;