Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2012 жылдың



жүктеу 72,03 Kb.
Дата02.03.2018
өлшемі72,03 Kb.
#10974

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2012 жылдың
1 шілдесіне арналған жұмыс қорытындылары туралы ақпарат  

Экономиканың барлық салаларының және әлеуметтік саланың дамуына байланысты іс-шаралар кешендерін жүзеге асыру нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі айтарлықтай жақсартылды. 2011 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 1657 адамнан 1355 адамға дейін қысқартылып, 18,2 %-ды құрады. Ауданда аз қамтылған азаматтардың санын азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.  


«Қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданның демеушілерімен тұрақты қайырымдылық көмегі көрсетілуде. 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданның 2010 азаматына 3943,2 мың теңге сомада демеушілік көмек көрсетілді.
Ардагерлердің және жалғыз басты қарт зейнеткерлердің қысқы кезеңге отындарын дайындап, аулаларын жинау үшін ауданның мектептерінде 31 Тимуршылар отряды құрылды. Ауданда ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне шаштараз қызметі тегін  көрсетілуде.  
Бесқарағай ауылында белгіленген төмен баға бойынша өнімдерді босата отырып, аз қамтылған азаматтар, ҰОС ардагерлері және көп балалы отбасылар санатындағы адамдардан күніне 529 адамға қызмет көрсететін 1 «Ардагер» әлеуметтік дүкені жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауданның елді-мекендеріндегі дүкендерде 60 әлеуметтік бұрыш ашылды. Аудан орталығы Бесқарағай ауылында жоғарыда көрсетілген санаттарға «Ромат» дәріханасы 10 % жеңілдікті бағамен дәрі-дәрмектер босатады.  
Қазіргі күнге ауданның 22 зейнеткері «Уба» санаториясында денсаулықтарын жақсартты.
Семей қаласының протез зауыты ауданның мұқтаж ететін 10 мүгедегіне протездік-ортопедиялық көмек көрсетті.
2012 жылдың наурыз айында аудан әкімінің қабылдауы өтті:
8 Наурызды мерекелеуге орай көп балалы аналар және мүгедек балалары бар тұлғалардың санынан 30 әйел шақырылды, оларға 2,0 мың теңгеден жалпы 60,0 мың теңге сомада ақшалай өтемақылар табыс етілді;
Наурыз мерекесін мерекелеуге орай көп балалы аналар және аз қамтылған отбасылардан шыққан аналар санатынан 30 әйел шақырылды, оларға да осыған ұқсас материалдық көмек көрсетілді.
ҰОС-ндағы Жеңістің 67 жылдығын мерекелеуге орай ҰОС 18 қатысушысы мен мүгедегіне 10,0 мың теңгеден 180,0 мың теңге сомада материалдық көмек көрсетілді. 
2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соғыс жылдарында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссиямен 6 іс, оның ішінен 3 іс аудан ардагерлері Кеңесінің өтініші бойынша қаралды. Қазіргі уақытта арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуда.       
2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 Қаулысымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандарттарының енгізілуі басталды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандартын жүзеге асыру үшін Бесқарағай ауданында маңызды жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2012 жылғы 7 ақпанда тіркелді. 
«Семей ядролық полигонынан зардап шеккен мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі Бесқарағай аумақтық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2012 жылғы 1 сәуірден бастап өз бетімен жұмыс істей бастады.  
Мүгедектер мен қарттарға арналған аумақтық орталықта 1 директор, 1 бас есепші, әлеуметтік жұмыс жөніндегі 2 консультант және 267 азаматқа үйде әлеуметтік қызметтер көрсететін күту жөніндегі 45 әлеуметтік жұмысшы жұмыс істейді. Оның ішінен мүмкіндіктері шектеулі 57 бала, психоневрологиялық патологиясы бар 1,2 топтағы 96 мүгедек және жалғыз басты мүгедектер мен қарттар 114 адам. Барлық қызмет көрсетілетін тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдікті көлемі көрсетілуде. 
Жартылай стационардың арнаулы әлеуметтік қызметтерін алатын 30 адам үшін күндізгі келу бөлімшесінің ашылуы жоспарлануда.
Мүгедектерді оңалту, қызмет көрсетілетін тұлғалардың және олардың отбасы мүшелерінің тіршілікке қажетті тонусын көтеру үшін келесі іс-шаралар өткізілді:
- Наурыз мейрамы мерекесіне арналған «Төрлет наурыз» балалар шығармашылығының көрмесі.
- Халықаралық отбасы күніне орай «Менің отбасым» конкурсы  өткізілді, онда мүмкіндіктері шектеулі балалар ата-аналарымен бірге әр-түрлі викториналар мен ойындарға қатысты.
- Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай  «Біз Қазақстанның балаларымыз, біз осы әлемде өмір сүреміз» фестивалі өткізілді, онда ата-аналарымен бірге 19 бала шақырылды.
- Балалар үшін Семей қаласына экскурсия ұйымдастырылды, онда балалар Невзоровтар атындағы бейнелеу өнерінің өлкетану мұражайына, Биологиялық орталыққа, қарулар және Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери техникасы мұражайына барып қайтты.
- 2012 жылғы 29 маусымда Ертіс жағасында Нептун күніне арналған «Қазыналар аралы» атты мереке өткізілді. Ата-аналары және қамқоршыларымен бірге мүмкіндіктері шектеулі балалар, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектер іс-шараға қатысты.
Іс-шараны өткізу үшін демеушілік көмек есебінен 170000 теңге жұмсалды.

Қазіргі кезде Семей қаласындағы ҚРДМ Радиациялық медицина және экологияның ғылыми зерттеу институтымен бірге екі бағытта  ынтымақтастық жүргізілуде:


1. Семей ядролық полигонындағы ядролық қару сынағының салдарынан радиациалық әсерге ұшыраған Қазақстан халқының мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған медициналық тіркелімі. Оның мақсаты тікелей радиациалық әсерге ұшыраған тұлғаларды және олардың одан арғы ұрпақтарын ұзақ уақыт жеке есепке алуды қамтамасыз ету.
2. Ақпараттық құқықтық база.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін 2012 жылға Республикалық бюджеттен 11625,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 20902,0 мың теңге қарастырылды.
2012 жылғы 1 шілдеге Республикалық бюджеттен 5408,2 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10967,3 мың теңге игерілді.
Қазіргі кезде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жұмыс жалғастырылуда. 
      
Өңірдің 2020 жылға дейінгі даму жоспары бойынша:
2012 жылдың басынан бастап 482 адам ақылы-қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жылдық жоспар 185,3 %-ға орындалды. 2012 жылғы 1 шілдеге тіркелген жұмыссыздардың саны 78 адамды құрады. Экономикалық белсенді халық санағындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,8 %-ды құрайды. Жыл басынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстар бойынша игеру 8290,0 мың теңгені құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 6,0 мың теңгеге (2012 жылға барлық шығындар – 16130,0 мың теңге) артық. 15 жұмыссыз (оқыту бойынша жоспар 30 адам) «шаштараз» мамандығы бойынша 3 адам, «аспаз» мамандығы бойынша 4 адам «Болашақ» кәсіптік лицейінде кәсіптік дайындықты, «газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 7 адам, «ұста» мамандығы бойынша 1 адам Семей қаласының құрылыс колледжін аяқтады. Жұмыссыздарды жіберу бойынша 2012 жылдың жоспары 50 %-ға орындалды. Оқу үшін 483,0 мың теңге төленді, өткен жылмен салыстырғанда 12,3 мың теңгеге артық. Кәсіптік оқыту бойынша жеке тұлғаларға трансферттер 15 жұмыссызға 436,9 мың теңгеге төленді, өткен жылмен салыстырғанда 20,9 мың теңгеге артық.
2012 жылғы 1 шілдеге 90 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар (жоспар 260 адам) 64,6 %-ға орындалды. 39 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспар (жоспар 81 жұмыс орны) 48,1 %-ға орындалды.     
6 жұмыссыз жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, бұл жылдық жоспардан        100 %-ды құрайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне 21 жұмыссыз жіберілді. Жастар іс-тәжірибесінің игерілуі 281,6 мың теңгені құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 116,4 мың теңгеге артық.
330 адам жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірді, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 44 адамға артық.  
     
2012 жылғы 1 шілдеге Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы:
2012 жылғы 1 шілдеге Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеп, есепке алу бойынша арнаулы комиссияның 3 отырысы өткізілді, онда 5 іс макеті қарастырылды.
Біржолғы ақшалай өтемақыны іске асыру үшін іс макеттері уақытында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа тапсырылды.
2012 жылғы 1 шілдеге халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіліп, толық көлемде келесі әлеуметтік төлеулер төленді:
- жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлеулер
135 адамға 835,0 мың теңге сомада.
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына коммуналдық қызметтер.
338 алушыға 5350,0 мың теңге сомада.
     
материалдық көмек көрсетілді:
Ауғанстанда қаза болған жауынгердің отбасына  
1 алушыға 30,0 мың теңге сомада.
- Қазақстан Республикасы алдында еңбегі сіңген жеке зейнеткерге   
1 зейнеткерге 12,0 мың теңге сомада.
- облыс алдында еңбегі сіңген жеке зейнеткерлерге
2 зейнеткерге 24,0 мың теңге сомада.
мүгедектер гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді
29 адамға 472,0 мың теңге сомада.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»
84 отбасыға, оның ішінде 375 алушыға 3901,0 мың теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 2011 жылдың ұқсас кезеңіне 163 отбасыға, оның ішінде 683 алушыға 9111,2 мың теңге сомада тағайындалып, төленді, төлеу 42,8 %-ды құрады;

«18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар»
271 отбасыға, оның ішінен 680 балаға 5661,0 мың теңге сомада 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалып, төленді. 2011 жылдың ұқсас кезеңіне 321 отбасыға, оның ішінде 776 балаға 6159,5 мың теңге сомада тағайындалып, төленді, төлеу 91,9 %-дан артық.  

«Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі»
75 отбасыға, оның ішінде 98 адамға 1313,1 мың теңге сомада тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді. 2011 жылдың ұқсас кезеңіне 87 отбасыға, оның ішінде 125 адамға 1288,1 мың теңге сомада тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді, төлеу 100 %-дан артық.

«Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету»  
27 отбасыға, оның ішінде 27 балаға 2325,6 мың теңге сомада үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету тағайындалып, төленді. 2011 жылдың ұқсас кезеңіне 30 отбасыға, оның ішінде 30 балаға 2592,4 мың теңге сомада тағайындалып, төленді, төлеу 89,7 %-ды құрады.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, 1,2 дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған және бұрында «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек (8 наурыз және балаларды қорғау күні 5000 теңге мөлшерінде)  
704 алушыға 7040,0 мың теңге сомада.
4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен бірге тұратын көп балалы аналарға (8 наурыз 5000 теңге мөлшерінде)
159 алушыға 795,0 мың теңге сомада.
     
Халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, еңбекке қабілетсіз және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көмек есебінен халықтың әлсіз топтарын атаулы әлеуметтік қолдау қамтамасыз етілетін болады. Халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қолдау жалғастырылып, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын тұлғалардың саны азаяды. Шағын несие берілген отбасылар аз қамтылған отбасылар және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан шықты. Аз қамтылған азаматтарды қолдау бойынша өңірлік қорынан шағын несиелер беру жалғастырылады.
Әлеуметтік қорғалмаған топтарды жұмыссыздықтан қорғау мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, кәсіптік дайындыққа, қайта дайындыққа және жастар іс-тәжірибесіне жіберу арқылы жұмыс жалғастырылатын болады. 
Бұл шаралар жұмыссыздық деңгейін ұстауға және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдіргендердің санынан жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесі жаңа немесе аралас мамандықтар алу, бос орындарға сәйкес келешекте жұмысқа орналасу үшін біліктілікті арттыру, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша халыққа кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру, кәсіптік бағдарда азаматтар мен жұмыссыздарға қызмет көрсету есебінен артады.
Жұмыссыздықтың жалпы деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

 

Бесқарағай ауданындық жұмыспен қамту және


әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Туктыбаев
жүктеу 72,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау