Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет38/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
80 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл  мақалада  студенттердің  ӛздік  жұмысы,  оның    ӛздігінен  білім  алудағы  рӛлі 
қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматривается  самостоятельная работа студентов. 
 
                                                                  
 
 
ҦЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК 
ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ  
 
Құлбекова Б.Р.- аға оқытушы (Алматы қ.,  ҚазмемқызПУ) 
 
Жаһандану, еуропалану және американдық үлгіге кӛшу үрдістерінің артуы, білім 
беру,  тәрбие  және  әлеуметтік  жұмыстар  мен  педагогикаға  да  ӛз  әсерін  тигізуде.  Бұл 
процестер  әлеуметтік  жұмыстың  барлық  салаларын  қамтитыны  сӛзсіз.  Бұл  жерде  
ұлттық, әлеуметтік мәселелердің белгілі бір мемлекеттің шеңберінен шығып кетуінде, 
Яғни, нәсілдік қозғалыстардың жаңа түрі, маргиналдық т.б. Бұның барлығы әлеуметтік 
жұмыс пен педагогиканы жаһандану процесінен бӛліп алып қарауға болмайтындығын 
кӛрсетеді. Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде Ұлыбритания, АҚШ, Швеция сияқты 
алдыңғы қатарлы дамыған елдерде ХХ ғасырдың басында – ақ  жақсы жолға қойылса, 
ал Қазақстанда аталған ғасырдың соңында пайда бола бастады.  
Ұлыбританияның  осындай  ежелден  қалыптасқан  жүйелі  білім  беру  құрылымы 
болғандықтан  оны  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу  ХХ  ғасырдың  басынан-ақ  қолға  алына 
бастады.  Соның  ішінде  К.В.  Роббинстің  зерттеулері  барынша  тиянақты,  іргелі 
болғандықтан осы мәліметтерге шолу жасап ӛтпекпіз.  
Елдегі  жоғарғы  білімнің  жағдайын  зерттеу  мақсатында  әйгілі  экономист 
К.В.Роббинстің  басшылығымен  комитет  құрылған.  Комитеттің  білім  беру  жүйесін 
зертей  келе  мынадай  қорытынды  жасаған  (бірінші  және  негізгі  қорытынды)  –  бұл 
уақыт  оздырмай  жоғарғы  білім  реформасын  ӛткізу.  Егер  дер  кезінде  жоғарғы  білімді 
реформаламаса, онда комитет болашақтан үміт жоқ деп есептеді.  
Роббинстің комитеті жоғарғы білімнің ең негізгі деген мақсаттарын анықтады: 
- Жеке адамға қоғамдық еңбек бӛлісіне қатысуға мүмкіндік беретін арнайы білім 
беру жүйесі. Қызмет бабында жоғары лауазымдық орынға ұмтылмайтын   адамды табу 
қиын. Сондықтан сапалы білім қажет; 
- Тек маманды емес, сонымен қатар мәдениетті адам даярлау; 
- Оқу мен зерттеу жұмыстарының арасын ажырата білу; 

Дамыған  қоғамның  жалпы  нормалары  мен  мәдениетті  насихаттау 
Ұлыбританиядағы  сан  ғасырлық  тарихы  бар    жоғарғы  оқу  орындарының  бірі  – 
Оксфорд (1214ж.) пен Кембридж (1318ж.) университеттері жоғарғы білім беру жүйесі 
бойынша  жоғарғы  дәрежеде  болып  келе  жатыр.  Оксбридж  британ  жоғарғы  оқу 
орындарына  бірнеше  салт-дәстүрлер  енгізді:   оқытудағы  ерекше  стиль,  яғни  жоғарғы 
оқу  орындарының  азғана  толықтырылуы  және  студенттермен  жеке  жұмыс  жүргізу; 
білімді бағалаудағы ерекше механизм, яғни мұғалім ӛткізген курсы бойынша емтихан 
қабылдауға құқығы жоқ, оның орнына басқа емтихан алушы қабылдайды; әлеуметтік 
іріктеуді  дайындау  міндетімен  байланысқан  оқытудың  гуманитарлық  бағыттылығы 
мемлекеттік қызметке баруға тиісті. 
  Алайда  британдық  университеттердің  басым  кӛпшілігі  Оксфорд  пен 
Кембриджге сүйенсе де, кӛптеген жоғарғы оқу орындары дамудың ӛз үлгілерін іздеді. 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
81 
Мысалға,  шотландық  университеттер  оқытудағы  қолданбалы  бағыттылықты  қаласа, 
Манчестер  және  Бирмингем  және  тағы  басқа  жаңа  университеттер  жергілікті 
экономиканың қажеттілігіне бейімделді.  
Ұлттық  қарқынның  құбылысы  ретінде  британдық  университет  толықтай  ХІХ 
ғасырдың  соңында  қалыптасты.    Бұл  үрдіске  Дж.Г.Ньюмен  дайындаған 
интеллектуалдық университеттің тұжырымдамасы орасан зор әсерін тигізді. Оның мәні 
–  студенттерге  гуманитарлық  білімді  таныстыру,  логикалық  ойлауды  дамыту, 
мәдениеттің жетістіктеріне жеткізу, ынтасы мен руханилығын дамыту.  
ХХ 
ғасырдың бірінші жартысында заңды жоғарғы білімді тек университеттерде ғана алуға 
болатын  еді.  Колледждердегі  оқыту  университетке  түсу  емтиханын  тапсыру  үшін 
дайындық курсы ретінде есептелді.  
Екінші  дүние  жүзілік  соғыстан  кейін 
ғылыми-техникалық  революцияның  әсерімен  университеттің  білім  беру  жүйесі 
ұлғайды.  
Ағылшын  университеттері  колледж  федерацияларынан  құралып,  әр  колледж 
тәуелсіз штаттарға, студенттерге, мекемелерге, жерге, қаржыға ие. Мәселен, Balliol at 
Oxford  and  King  s  Gollege  at  Gambrige  колледжі.  Әрбір  колледж  мүмкін  болатындай 
осындай  штаттардан,  студенттерден  құралады.  Әр  штатта  ең  басында  профессорлар 
емес,  «жігіт,  жолдас»,  «сабақ  беретін  жетекші»,  «оқытушы,  білгір»  деген  мағынада 
аударылатын  «fellows»,  «tutors»  and  «dons»  тұрды.  Оқыту  кәсіби,  белгілі  бір  тәртіпке 
негізделген  емес,  либералды  сипатта  болып,  студенттердің  мінез-құлқын 
қалыптастыруға үлкен кӛңіл бӛлінді.  
1930 ж. сол кездегі болған 24 университеттердегі студенттердің орташа саны  24 
мыңды, 1980 ж. 47 ЖОО-да 6,4 мыңды құрады. Яғни, жоғары білімнің бұқаралық сипат 
алуына қарамастан Англиядағы  университеттер кішігірім сипатта болды. Тек Лондон 
университеті  ерекше  болып  табылып,  онда  1980  ж.  осы  колледж  федерациясында 
уақытша оқығандарды қосқанда  студенттер саны 50 мыңды құрады. 
Айта  кетерлік  маңызды  жайт,  ХІХ  ғ.  Англия  университеттері  жеке  меншіктік 
сипатта  болды.  Оксфорд  пен  Кембридж  жәрдем  беруден,  сыйлықтар  мен  оқуға 
тӛлемдерден жинақталған жеке меншік қаражаттарға ие еді. Мемлекет пен шіркеуден 
тәуелсіз  олар  осындай  тәуелсіздіктің  табынушылары  ретінде  бүкіл  әлемге 
автономияның  үлгісін  паш  етті.  ХІХ  ғ.  аяғына  қарай  мемлекеттік  қаржыландыру 
ағымы  күшейіп,  кӛптеген    университеттер  елеулі  мемлекеттік  қолдауға  ие  бола 
бастады.  Сӛйтіп,  қоғамда    мемлекеттік  қаржыландыру  күшейген  кезде  оқу 
орындарының автономиясын сақтау қажеттігі жағдайы ӛріс алды. 
Осылайша,  ХІХ  ғ.  аяғында  ағылшын  жоғары  мектебі  шіркеуліктен 
аристократиялық  негіздегі  құрылымға  айналды.  Қоғам  мүшелерінің  арасынан  мұқият 
таңдалған  студенттер  қауымы  барлық  жағынан  да  жетілген  нағыз  элита  еді. 
Студенттер  ӛздерін  еркін  түрде  ұстау  пікірін  қолдады.  Университеттер,  колледждер 
мен  департаменттер  де  кішігірім  құрылымдар  негізінде  жұмыс  істеді.  Студенттер 
оқытушылармен  тығыз  араласып,  бірге  тұрып  жатты.    Студенттерді  жүйелі  түрде 
ғылыми  сипатта  дайындау  жүргізілмеді,  PhD  дәрежесі  де  Англияда  әлі  де  болса 
қабылданбаған  болатын.  Бітірушілердің  негізгі  бӛлігі  бакалавр  дәрежесін  алып,  ең 
бастысы  олардың  қай  университетте  осы    дәрежені  алғаны  зор  маңызға  ие  болды. 
Дегенмен ХІХ ғ. аяғында жоғары білімнің екінші сатысын негіздеу қоры жасақталып, 
«университет» әзірше колледж дегенді білдірді.  
ХХ ғ. бірінші жартысынан университеттерде жүргізілген курстардан  Әлеуметтік 
білім  берудің  негізі  бастау  алады.  Үкімет  1930  ж.  бойына,  кейіннен    1940-50  жж. 
аралығынан  1960  ж.  аяғына  дейін  балаларды  қорғау  мен  қайырымдылық  туралы 
арнайы  курстарды  дамытты.  Бұл    курстар  1971  ж.  кейін  біріктірілді.  Кӛп  ұзамай 
әлеуметтік  жұмыстағы  кәсіби  білім  беруді  дамыту  және  оны  нығайту  мақсатымен 
әлеуметтік  жұмыстың  (CCETSW)  Білім  мен  Оқыту  жӛніндегі  Орталық  Кеңесі 
құрылды.  1972  ж.  Әлеуметтік  жұмыстың  Квалификациясына  Куәлік  (CQSW) 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау