Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет34/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
72 
қатынас  т.б.  жатқызылады.  Олар  ӛзін-ӛзі  дамытудың  бағыттылығы  мен  артуын, 
тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға 
ӛзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. 

 
Шығармашылық  қызығушылықты  қалыптастыру  -    субъект-субъектілік 
бағдардың  шығармашылық  әрекетінің  ерекше  түрі,  ол  бір    жағынан    ―ӛзіндік‖ 
процестердің  ―ӛзін-ӛзі  тану,  ӛзін-ӛзі  айқындау,  ӛзін-ӛзі    басқару,  ӛзін-ӛзі    таныту‖ 
қарқынын  күшейту  мен  тиімділігін  арттыруға,  екінші  жағынан,  педагог  олардың 
шешімін  табу  барысында  субъектілік  бағыт  ұстанатындай,  тұрақты  түрде  күрделеніп 
отыратын  проблемалық  шығармашылық  міндеттердегі  қарама-қайшылықтарды 
шешуге бағытталады. 
 Шығармашылық қызығушылық – жеке тұлғаның жаңа жағдайда ӛзекті мәселенің 
шешімін  табуға  танымдық  бағдары  негізінде,  психологиялық  сапаларын  дамыта 
отырып,  білімдік-рухани  құндылықтарға  жетуге  ұмтылысымен  сипаталатын  және 
шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы― 
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын жүйелі 
түрде  ұйымдастыру  және  оны  болашақтағы  кәсіби  бағдарымен  сабақтастыра  зерттеу 
мұғалімнің    педагогикалық  құзіреттілігіне  де  байланысты.  Ӛз  пәнін  жетік  меңгерген 
және  оның  мазмұнын  жаңа  біліммен  үнемі  толықтыра  отырып,  шығармашылықпен 
жұмыс  істеуі,  ӛз  болмысын  терең  зерделей  отырып,  жеке  тұлғаның  дамуы  мен 
қалыптасуына  ӛзінің  қолтаңбасын  қалдыруына,  рухани  тұрғыда  терең  түсінуі 
мұғалімнің ішкі құндылық бағдарына байланысты. 
Оқушының  шығармашыл  тұлғасын  қарастыру  оның  кӛптеген  сапалық 
қасиеттерінен тұрады: 
1)  когнитивтік  (танымдық)  сапалары  –  қоршаған  әлемді  түсінуі, 
құбылыстардың мәнін білуге ұмтылуы, танымдық ынтасының тұрақтылығы т.б. 
2) 
креативтілік 
(шығармашылық) 
сапалары 
 
ойлау 
белсенділігі, 
шығармашылық шабыт, қиял, болжай білу, ой тереңдігі, қарама-қайшылықтарды кӛре 
білу  немесе  сезу;  ӛзекті  мәселені  табу;  шығармашылық  қызығушылығының 
тұрақтылығы т.б.; 
3)  әдіснамалық  (ұйымдастырушылық)  сапалар  –  тапсырманың  мақсаты  мен 
мәнін  түсіну,мақсатқа  жетуде  іс-әрекетті  оңтайлы  ұйымдастыру,  нәтижеге  жетудегі 
табандылық, рефлексиялық ой-санасы, коммуникативтік қабілеттері т.б. 
Сонымен,  білім  берудегі  инновациялық  процестерді  жүзеге  асырып,  дамыту  – 
бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. 
Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген кӛзқарас пен қарым-қатынаста баланы объект 
деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап,  оқу-тәрбие жұмысын осыған лайық 
ӛзгерістерге  сай,  қазіргі  педагогикадағы  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа 
технологияны  енгізудің  қажеттілігі  туындап  отыр.  Ал  жаңа  технологияны 
пайдаланудың  мақсаты  –  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып, 
шығармашылық деңгейге жету. 
Білім  берудің  адамға,  тұлғаға  бағытталуы,  білім  мазмұнының  жариялылығы 
заман  талабына  сай  білім  беру  мен  ұлттық  оқу-тәрбие  процесінің  гуманистік  сипаты 
жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың мазмұнын, 
ӛзіндік  ерекшеліктерін,  одан  туындайтын  ұстанымдары  мен  шарттарын  жүйелеу 
арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және 
әдістемелік  негіздерін  жасауға  болады,  мұны  ескермей  мектептер  мен  білім  беру 
мекемелеріндегі  ұлттық  идеяны  кӛздейтін  тұжырымдамалық  тұтастықты  қамтамасыз 
ету мүмкін емес. 
Бүгінгі білім жүйесінде, Д. Дьюи атап ӛткендей, ―Үлкен ӛзгерістер басталуда. Ол 
маңызы  жағынан  Н.  Коперниктің  жаңалығына  (күн  астрономиялық  орталық,  басқа 
планеталар  оның  айналасына  шоғарланады,  оны  айнала  қозғалады)  тең  болып  отыр, 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
73 
яғни,  оқушы  тұлғасы  орталыққа  айналып,  барлық  педагогикалық  әрекеттер  оның 
айналасына шоғырландыра жүргізіледі‖. 
Шығармашылық  іс-әрекетке  деген  ынта-ықыласты  оятуда  мынадай  оқыту 
қызметтерінің маңызы зор:  оқудағы жетістікті қамтамасыз ету;  оқыту  формаларының 
түрлерін  жетілдіру,  оқу  материалының  мазмұнын  оқушылардың  ерекшеліктеріне 
сәйкес  құру,  білімді  меңгерудің  әдіс-тәсілдерін  оңтайландыру,  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  пайдалану,  мұғалім  мен  оқушының  жағымды  ықпалды  әрекеттерін 
жетілдіру, шығармашылық оқытуды кеңінен пайдалану т.б. 
Мотивациялық-еріктік  компонент  –  білім  берудің  жаңа  парадигмасына  сәйкес, 
оқушының шығармашылық іс-әрекетке құндылық бағдар ретіндегі ынтасы, жаңалыққа 
қызығушылығы,  ӛзекті  мәселенің  шешуін  табуға  құлшынысы,  ерікті  түрде  ӛз  іс-
әрекетін  шығармашылық  сипатта  ұйымдастыруға  талаптануы,  шығармашылық 
дербестікке ұмтылуы және қажетсінуін қамтиды.  
Мазмұндық-операциялық компонент - ӛзін шығармашылық қызметтің субъектісі 
ретінде тануы, жеке тұлғалық  ерекшеліктері мен ӛзін-ӛзі  шығармашылық дамытудың 
тәсілдерін білуі, шығармашылық іс-әрекетті іске асыру біліктілігінің болуы, ұжымдық 
шығармашылық жұмыстарға талаптануы және оны ұйымдастыра білуі, пәндік ғылыми 
білімдерінің және қажетті жағдайда қолдану мүмкіндігінің болуы. 
Рефлексиялық-бағалау  компоненті  –  шығармашылық  іс-әрекетке  талдау  жасай 
білуі, жетістіктері мен сәтсіздіктерін себептерін анықтай білу, жауапкершілік сезімінің 
және  жолдастық  кӛмек,  ізденімпаздық  іс-әрекетке  даярлығының  тұрақтылығы, 
шығармашылық  ой-ӛрісінің  белсенділігі  мен  рефлексиялық  бағытының  қалыптасуы, 
жоғары  танымдық  қызығушылық  негізінде  шығармашылық  бағыттылығының 
тұрақтылығы.   
Жоғары  деңгей:  шығармашылық  іс-әрекетте  танымдық  қажетсінуі  қалыптасқан, 
ізденімпаздықпен дербес жұмыс істеуге, жаңаны табуға талаптанады. Жаңашылдыққа 
жаны құмар, білімді   құндылық   бағдар  ретінде тани алады, білімін қажетті жағдайда 
еркін және оңтайлы пайдалана біледі. Болашақ кәсіби іс-әрекетін жоспарлап, кәсіптік 
бағдары анықталған, инновациялық процестерді ынтасымен қабылдайды. 
Орташа  деңгей:  оқу-танымдық  материал  мазмұнын  тапсырма  мақсатына 
байланысты  шығармашылық  іс-әрекетті  ұйымдастыра  алады,  бірақ  үлгіні  және 
тапсырманың  орындау  жолдарына  нұсқау  беруді  қажетсінеді.  Шығармашылық  іс-
әрекеттің  құндылық  ықпалын  түсінгенімен,  тұрақты  қызығушылығы  қалыптаспаған. 
Ӛзін-ӛзі 
дамытуда 
рефлексиялық 
бағыттың 
толымсыздығы 
байқалады. 
Шығармашылық іс-әрекет нәтижелерін бағалауда ӛз пікірін білдіруге асықпайды. 
Тӛмен  деңгей:  ӛз  шығармашылығын  дамытуға  белгілі  бір  жағдайларда  ғана 
қызығушылық танытқанымен, оны тұрақты қажетсінбейді. 
        
2-кесте – Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру моделі 
 
Компонентт
ер 
 
Ӛлшемдері 
 
Кӛрсеткіштері 
 
 
 
Мотивциялы
қ-еріктік 
компонент 
 
Шығармашылық 
іс-
әрекетке  құндылық  бағдар 
ретіндегі танымдық ынтасы 
мен танымдық қажетсінуі. 
-  ӛзекті  мәселенің  шешімін 
табуға құлшынысы, 
-шығармашылық  іс-әрекетке 
танымдық ынтасы, 
-шығармашылық  іс-әрекеттің 
тұлғалық-құндылық мәнін түсінуі. 
 
 
Мазмұндық-
 
Ӛзін    шығармашылық 
іс-әрекеттің 
субъектісі 
-  шығармашылық  іс-әрекет 
әдістері мен тәсілдерін білуі, 
-жаңаны  табуда  танымдық 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау