Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
78
-
пәннің логикалық жүйесімен игеру деңгейіне қарай тапсырманың бірізді
берілуі;
-
тапсырманың кӛлемі студенттің оқу мүмкіндігіне сай болуы;
Ӛздік жұмысты орындаудың басты мақсаты – студенттердің ғылыми кӛзқарасын
қалыптастырып, ӛз бетімен әрекет жасауға үйрету болса, нақты мақсаты –
репродуктивті, шығармашылыққа баулу. Мақсат анықталғаннан кейін, оны
ұйымдастыру жұмысы жүргізіледі.
1. Әдістемелік іс-шаралар:
- жоспарлау;
- график жасау;
- кететін уақытты анықтау;
- оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;
- тексеру формасын, мерзімін анықтау.
2. Ғылыми-әдістемелік іс-шаралар:
- оқу материалымен жұмыс істеудің жолдарымен таныстыру;
- әдістемелік басшылық жасау;
- қажетті
құжаттардың нұсқауын дайындау;
- нәтижеге талдау жасау.
Студенттерге ӛздік жұмыс беруде оның типін, деңгейін анықтау да маңызды.
Ӛйткені ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде ӛздік жұмыстың типтері туралы әр түрлі
пікірлер бар. Н.И. Пидкасистый ӛздік жұмыста мақсатқа жетудегі әрекетті
ұйымдастырудың және оны орындаудың құралы ретіндегі анықтай отырып 4 типін
атап кӛрсеткен:
1. Үлгі бойынша орындалатын ӛздік жұмыс;
2. Реконструктивтік ӛздік жұмыс;
3. Вариативті ӛздік жұмыс;
4. Іздену-шығармашылық ӛздік жұмыс;
Ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша ӛздік жұмысқа берілетін тапсырмалар
студенттердің орындау әрекетіне қарай 3 деңгейге бӛлінеді:
1. Репродуктивтік деңгей;
2. Іздену деңгейі;
3. Зерттеушілік деңгейі;
Осыған байланысты ӛздік жұмыстарды:
1. Білімді бекітуге арналған ӛздік жұмыс;
2. Білімді толықтыруға арналған ӛздік жұмыс;
3. Білімді жаңғырту мәніндегі ӛздік жұмыс;
Орындалу сипатына қарай:
1. Дәрісханада орындалатын ӛздік жұмыс;
2. Дәрісханадан тыс орындалатын ӛздік жұмыс;
Дәрісханалық ӛздік жұмыс лекцияда:
- лекцияны кӛңіл қойып тыңдау;
- ой елегінен ӛткізу;
- қажет жерлерін жазып алу;
Практикалық сабақта:
- теориялық
материалды оқу;
- қажетті әдебиетпен жұмыс;
- жекеленген мәселелерге байланысты
материалдар жинау;
Зертханалық сабақта:
- зерттеушілік дағды қалыптастыру;
- тілдік құбылыстың заңдылығын тәжірибе арқылы
дәлелдеу;
- техникалық құралмен жұмыс істеу.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
79
Дәрісханалық жұмысқа білімді бекіту, кейде білімді толықтыру жұмыстары
енеді. Мұнда жазбаша жаттығулар ӛте тиімді. Оның ұғымдылығы: уақытты үнемдейді;
студенттен нақты жауапты талап етеді; білімін дәлкӛрсетеді; оқытушы тексеруге кӛп
уақыт жұмсамайды; бағалауға қолайлы. Атап айтқанда: жазбаша жұмыстың
топтастырылуын, жіктелуін, құрылымын, түрлерін студенттің білуін анықтауда,
студенттермен жеке жұмыс жасауда, бекітуде тиімді.
Дәрісханадан тыс орындалатын ӛздік жұмыстар – жұмыстың ең күрделі түрі.
Дәрісханадан тыс орындалатын ӛздік жұмыстар – іздену, зерттеушілік деңгейдегі ӛздік
жұмыстар.
Негізінде білімді толықтыру , жаңғырту мақсатын кӛздейді.
Білімді толықтыру ӛздік жұмысы – студенттердің ӛз мамандығын жан-жақты
толық меңгеруіне апаратын негізгі жол. Ӛздік жұмыстың бұл түрі жеңілден ауырға,
белгіліден белгісізге ұстанымын басшылыққа алады (әдебиеттермен жұмыс істеу,
библиография жасау).
Кейін күрделі жұмыстар жасалынады:
- қосымша әдебиеттермен жұмыс;
- конспект жасау;
- тезис жасау;
- рецензия дайындау.
Тезис, реферат арқылы студенттің білімі толықтырылады, берілген әдебиеттердің
негізгі мәселелерін анықтауға үйренеді, жоспар жасауға дағдыланады, жоспар
бойынша материалды ӛз сӛзімен айтуға қалыптасады, негізгі идеяны еске сақтауға
дағдыланады, ғылыми әдебиеттермен танысады.
Ағылшын тілін оқыту әдістемесінен орындалатын ӛздік жұмыстарды бірнеше
кезеңге бӛліп жоспарлауға болады:
I кезең.
Жоспары жасалып, тақырыптары мен тапсырмалары, оқу материалдары,
әдебиеттері таңдалып, іріктелген соң, кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.
Технологиялық карта жасалып, онда барлық жұмыс мазмұны айқындалады.
II кезең.
Тақырып, тапсырмалар бойынша кеңестер ұйымдастырылып, СӚЖ-дің мақсат-
міндеттері, жұмыс кӛлемі, мерзімі, бақылау формалары анықталады.
III кезең.
Ӛздік жұмыстарын орындау,
тапсыру мен тексеру, бағалау кезеңі.
Алғашқы курс студенттерінің аудиториядағы және одан тыс уақыттағы білім
алуы, оның психологиялық, теориялық және прпктикалық жағынан ӛз бетімен
мағыналы жұмыс істей алатын дәрежесіне байланысты екендігі белгілі. Студенттердің
ӛз бетінше жұмыс істей алуға дайындығы педагогикалық-психологиялық проблема.
ӛзіндік жұмыс жасауы, оның абитуриент кезінен оқу мотивінің түріне, интеллектуалды
дәрежесіне және оқу жұмысының мәдениетіне де тікелей байланысты.
Дидактикалық аспект тұрғыдан оқу еңбегінің мәдениеті деп, оның ӛз бетімен
жұмыс істеп, білім алуына қажет жалпы оқулық дағдыларының жүйесін түсіну керек.
Ӛйткені, студент ептілікпен және епсіздікпен оқитын дәрістерін түсіне алатын болуы
керек, оны конспектілеп жаза білуі, практика, семинар сабақтарына ӛз бетінше
дайындала алатындай болуы тиіс.
Студенттердің ой еңбегі мен практикалық іс-әрекетін талдай келіп, олардың ӛз
бетінше жұмыс істеуін образ бойынша қайталау, вариативті қайта функциялау, дербес
ізденушілік, зерттеушілік деп қарастырған.