Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет46/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
98 
бұл арада пайымдау логикасы-күрделі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ір қасиетті 
сипаттау  нақты  саласына  жүгіну  қажеттігін  дәлелдейді.Ӛйткені  соның  негізінде 
эмпирикалық  нысанның  нақты  сызбасы  бойынша  оның  мазмұндық  үлгісі  туралы 
талқылау жүргізу қажет.  
Білім  алушы  жадысының  белгіленген  психикалық  ерекшеліктері  ӛлшеу 
нысанын,оның  мазмұны  мен  құрылымын  қарастыруға  мүмкіндік  береді.Білім 
алушының  мнестикалық  әрекеті  туралы  теориялық  ережелеріне  сәйкес,  сол  арқылы 
жұмыста  кӛрсетілгеннен  гӛрі  білімнің  анағұрлым  толықтылығы  деген  педагогикалық 
ұғымның  контекстік  формасын  қолданған  жағдайда  оның  мазмұнын  толығырақ 
түсіндіру  мүмкіндігіне  ие  боламыз.  Эмпирикалық  нысан  қасиеті  білім  алушының 
білімді толық меңгеруде күрделі мнестикалық әрекеттерді жаңғыртады. 
Білім берушінің ұзақ уақыт бойы жадында ұстауы қажет оқу материалын есепке 
алу  және  білім  алушы  әрекетіндегі  мнестикалық  функцияны  ашуға  бағытталған  оқу 
материалдары    мен  бақылау  тапсырмаларының  формалары  біз  қарастырып  отырған 
эмпирикалық нысанның қасиетін толықтай ашуға мүмкіндік  тудырады:‖Эмпирикалық 
нысан- ӛлшеу нысаны- ұғымдық нышандар- эмпирикалық нышандар- бастапқы ӛлшеу 
процедурасы-  ӛлшеу  нәтижелері”.  Сонымен қатар,қарастырып  отырған  эмпирикалық 
нысан  қасиетінің  талдаудың  жалпы  сызбасына  сәйкес  әр  эмпирикалық  нышан 
қарастырылады.  Яғни,  ӛлшем  нысанын  және  оны  сипаттау  деңгейлері  арқылы 
эмпирикалық нышандар жүйесіне  дейін ӛтуге тиісті ұғымдық нышандар сипатталады. 
Ӛлшем  нысанын  сипаттаудың  дәл  осы  әдісі  ұғымдық  нышандар  мен  эмпирикалық 
нышандар  арасындағы  байланысты  анықтауға  кӛмектесумен  қатар,ӛлшем  нысанын 
сипаттауды  анықтайды.  Осы  кезде  ӛлшем  нысаны  құрылымы  мен  мазмұнын  зерттеу 
деңгейінде  деңгейлер  иерархиясы  мен  олардың  ұғымдық  нышандарын  толықтай 
анықтауға болады. 
Эмпирикалық  нышанның  кӛрініс  алу  деңгейін  анықтау  кӛбінесе  тест  
тапсырмаларының    түрімен  байланысты  болады.Оны  таңдау  бірқатар  қиындықтар 
тудырады.Біріншіден,ӛлшем  нысандарын  сипаттау  барысында  қандай    эмпирикалық 
нышандарды  маңызды    деп  қарастыру  керек  екенін  толық  білу.Екіншіден,  тапсырма 
түрін 
таңдау 
кӛбіне 
эмпирикалық 
нышанды 
бағалау 
тәсілімен 
айқындалады.Үшіншіден,  психологтардың  айтуынша,  түрлі  тапсырмаларды  орындау 
барысында,  тест  тапсырмалары  бір  біріне  ұқсас  болғанына  қарамастан  тәлім 
алушының жадысын басқару және бақылау процесі әр алуан болады.       
Ойымызды  қортындылай  келе,  қандай  да  бір  педагогикалық  зерттеу  үшін 
біріншіден  ӛлшем  нысандарының  мазмұндық  талдауын  жүргізу  қажет,  себебі 
зерттеудің осы деңгейінде жұмыс гипотезасы жасалатын ғылыми тіл анықталады, және 
зерттеменің  тәжрибелік  негізін  құрайтын  эмпирикалық  нысан  ӛлшеудің  тиісті 
процедурасы    таңдалады.  Екіншіден,  ӛлшем  нысаны  құрамы  туралы  талқылау 
эмпирикалық  нысан  сипаттаудың  нақты  психологиялық-педагогикалық  саласымен 
байланыссыз  құрылған  болса,  ӛлшеуге  қатысты  арнайы  мәселелерді  талқылаудың 
теориялық та, практикалық та пайдасы болмас еді. Үшіншіден, ӛлшем нысаны сапалық 
сипаттау  тәсілдері  сандық  тәсілдермен  толықтырылуы  тиіс  маңызды  жағдай  шын 
мәнінде  сандық  тәсілдер  педагогикалық  зерттеулерге  ӛлшеу  теорияларын  енгізудің 
әдістемелік негізін құрайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. -М.,Политиздат,1977.-304с 
2.Андриенко 
Е.В. 
Психолого-педагогические 
основы 
формирования 
профессиональной зрелости учителя.Дисс...д.п.н.-Новосибирск,2002 
3.Михеев В.И. Научное методическое пособие для педагогов-исследователей, 
математиков. М., Высшая школа,1987.-200с 
 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
99 
                                                                 ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  педагогикадағы  ӛлшем  теориясын  болашақ  мұғалімдерді  даярлауда 
пайдаланудың жолдары қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
  Данная  статья  рассматривает  проведение  содержательного  анализа  объекта 
измерения необходимо в любом педагогическом исследовании.Методы качественного 
описания  объекта  измерения  составляют  методологическую  основу  приложения 
теории измерений в педагогических исследованиях. 
 
  
 
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА  ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН  
ПАЙДАЛАНУ МҤМКІНШІЛІКТЕРІ 
 
Оразаева Л.І -  аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазіргі  кезде  Республикамызда  сапалы  білім  беру  мәселесіне  үлкен  мән  беріліп 
отыр.  Осыған  орай  заман  талабына  сай  білім  сапасын  анықтау  және  бақылауды 
жетілдіру педагогика саласының іргелі мәселелерінің бірі екені анық.   
Білімді  бақылау  –  оқушының  тұлғалық  оқу  іс-әрекетінің  нәтижесі  бойынша 
бағалауды іске асыратын, оқушының білім деңгейін тексеру болып табылады. Бақылау 
жыл  бойына  жүйелі  түрде  жүргізіліп  тұруы  керек,  сонымен  қатар  ол  бағдарламаның 
барлық  тарауларын  қамтитындай  жан-жақты  болуы  қажет.  Оқушылардың  білімін 
бақылау  барысында  оқыту  үдерісін  жетілдіруге  жаңа  мүмкіндіктер  ашылады,  себебі 
бақылау  оқушылар  білімінің  тереңдігін  бақылап  қана  қоймай  оқушылардың  жеке 
тұлғалық ерекшеліктерін де анықтауға мүмкіндік береді.  
Информатиканың  ӛзіне  тән  пәндік  ерекшелігіне  қарай  оқушылардың  теориялық 
білімі  және  практикалық  жұмыс  істеу  дағдыларын  бӛліп  алуға  болады.  Теориялық 
білімді  тексеру  үшін  ауызша  сұрау,  жазбаша  бақылау,  тестілеу  сияқты    дәстүрлі 
бақылау  түрлерін,  ал  практикалық  дағдыны  бағалау  үшін  практикалық  жұмысты 
қолдануға  болады.  Информатиканы  оқыту  барысында  оқушылардың  білімін  бақылау 
үшін  осы  дәстүрлі  әдістермен  қатар  бақылаудың  дәстүрден  тыс  түрлері  рефераттар, 
конкурстық жобалар, әр түрлі интеллектуальдық ойындар да қолданылады.  
Интеллектуальдық  ойын  – бұл күрделі, кӛпқырлы құбылыс. Ол оқыту  әдісі ғана 
емес, білімді бақылау әдісі болуы мүмкін. 
Информатика  бойынша  білім  бақылауда  интеллектуальдық  ойындарды  қолдану 
оқушылардың  ӛзіндік  тұлғалық  ерекшеліктерін  ашуға,  сабаққа  дайындық  деңгейін 
арттыра түсуге кӛмектессе, ал мұғалімге оқушылардың білімінде кеткен кемшіліктерді 
дер  кезінде  жӛндеуіне  мүмкіндік  береді.  Ойын  барысында  оқушыларда  белгілі  бір 
мәселені  шешу  қабілеті,  ӛз  бетінше  ойлау  қабілеті  мен  білімге  деген  құштарлығы 
оянады.  Оқушылардың  ойынға  қызыққандары  соншалықты  олар  қойылған  мәселені 
шешуге  бар  ынтасымен  тырысып,  ӛз  фантазияларын  одан  әрі  дамыта  түседі. 
Интеллектуальдық ойындар мен ойын кезеңдері дәстүрлі оқытумен де жақсы үйлесіп 
кетеді.   
Бүгінгі  таңдағы    негізгі  мәселенің  бірі  оқушылардың  қабілеті  мен  ынтасын 
дамыту.  Оқушыларды  ӛз  бетімен  ізденіп  жұмыс  істеуге,  ӛз  бетінше  алған  білімдерін 
тәжірибиеде,  ӛмірде  пайдалануға  үйрету.  Сондықтан  оқушылардың  информатика 
пәніне  қызығушылығын  арттыру,  ой  –  ӛрісін    және  танымдық  қабілеттерін  дамыту, 
шығармашылыққа  баулу,  ӛз  ойын  еркін  жеткізу  мақсатында  мұғалім  сабақты 
түрлендіріп  ӛткізуге,  оқушылардың  шығармашылық  белсенділігін  арттыратын  ойын 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау