Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
5
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Қожахметова К.Ж. –п.ғ.д. профессор (Алматы қ.,
ҚазмемқызПУ-нің ғылым және
халықаралық байланыстар жӛніндегі проректоры)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу
жұмысын басқару және жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
мақсатында 2001жылдың 17 қыркүйегінде (№119 бұйрық негізінде) ғылым және
халықаралық байланыстар басқармасы (ҒХББ) құрылған.
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы 33 кафедра, Әлеуметтік және гендерлік
ғылыми-зерттеу институты (ӘГҒЗИ), Іргелі ғылыми-зерттеу орталығы және 3 дербес
ғылыми-зерттеу («Қазақ ұлттық мектебінің даму мәселелері», «Зерттеудің
инновациялық әдістері» және «Ӛзін-ӛзі тану») зертханалары арқылы жүргізіледі.
Университетте 2006-2008 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен білім саласын
жетілдіруге маңызы зор – 17, (оның ішінде 5 іргелі, 9 қолданбалы және халықаралық
ЮНИСЕФ, ЮНИФЕМ қорларының демеуімен 3 қолданбалы жоба) жүзеге асырылды.
Аталған ғылыми жобалар аясында орындалып, бүгінгі таңда ұлттық білім
жүйесін дамытуға қосар үлесі
зор біраз оқу құралдары, оқулықтар жарық кӛрді, олар:
«Мәдени мұра бағдарламасы бойынша «Әлемнің әйгілі психологтары» сериясы
бойынша 10 том:
«Қазақ халқының тәлімдік ойлар Антологиясының» 6 томы;
Жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Педагогика
тарихы» оқулығы;
«Гендерлік білім: теориясы мен практикасы» және «Гендерлік саясат» атты оқу
құралдары;
«Тәртібі қиын балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ұйымдастыру
тұжырымдамасы».
2009-2011 жылдары аралығында 3 іргелі ғылыми зерттеу-жобасы бойынша
жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Әлемдік
педагогикалық ой-сана антологиясының» 8,9,10 томдарын біздің университеттің
ғалымдары дайындауда.
Университеттің жаратылыстану факультетінің ғалымдары биотехнологияға
байланысты зерттеулерді Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия
факультетімен,
Қазақ
Ұлттық
академиясының
биология
ғылыми-зерттеу
институтымен, Қазақстан Республикасы ҰҒА Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары
институтымен, ҒӚО «Фитохимия» институтымен бірігіп, ғылыми жоспар бойынша
жұмыс атқаруда. Университеттің физика және экология кафедраларының ғалымдары
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық және Ұлттық аграрлық университетімен бірігіп
зерттеулер жүргізуде.
Университеттің «Жалпы педагогика» кафедрасы (кафедра меңгерушісі пед.ғ.д.,
профессор А.Құсайынов) ауқымды деңгейде Халықаралық салыстырмалы педагогика
қауымдастығымен, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен, Санкт-
Петербург мемлекеттік университетімен байланыстар орнатып, іргелі және
қолданбалы ғылыми жобалар аясында табысты жұмыс істеп келеді. Ал «Теориялық
және практикалық психология» (каф.меңгерушісі – Х.Т.Шерьязданова) кафедрасы
үнемі ізденіс үстінде болуының арқасында бірнеше ірі ғылыми жобаларды абыроймен
жүзеге асырды. Мысалы, Халықаралық денсаулық сақтау қорының филиалымен бірге