Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
54
Жапон отбасында барлық қамқорлық балаға кӛрсетіледі. Тәрбие – мәжбүрлеу не
тыйым салу арқылы емес, қамқорлық кӛрсету негізінде жүргізіледі. Жапондықтар
балаға тыйым салудың орнына оның іс-әрекетіне басқалар қалай қарайтындығын
ойлауға үйретеді. Жапон отбасындағы балаларды тәрбиелеу қоғам талаптарына (топ,
ұжым т.б.) сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбиенің негізгі
міндеті – баланы басқаның ұстанымын түсініп, бӛлектенбеуге үйрету. Балаларды нақ
император алдында тұрғандай әкесін пір тұтуға тәбиелейді.
Жапондықтардың тәрбие жүйесінің жұмсақ әрі мейірімділікке толы екендігі
сондай, ол баланың жан дүниесіне қатты қысым жасамайды. Балаларды бӛтен адамдар
алдында ұрып-соғу, ұрып-сӛгу деген мүлдем жоқ. Балалар ӛздерін емін-еркін сезінеді.
Олар үшін ешбір тыйым, шектеу жоқтың қасы. Жапондықтар балаларға қатысты
ешқашан жаман деген сӛзді пайдаланбайды. Олардың сӛздік қорында мұндай сӛз
мүлдем жоқ.
Әке-шешесі сәбиге шыдамдылық пен тӛзімділік танытады. Олар бірде-бір реніш
белгісін кӛрсетпейді, тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Ата-баба дәстүрін қандай заманда ӛмір сүрсе де, бұлжытпай сақтауға тырасады.
Баланың ержеткенге дейінгі рухани толысуы үшін жасалатын ғұрыптар Күншығыс
храмдарында күні бүгінге дейін бұлжытпай орындалады деуге болады. Ер бала беске,
қыз бала жетіге толғанда ата-анасы оған арнайы кимоно кигізіп, храмға апрарып,
баланың амандық-саулығы үшін рәсімдер жасалады. Осы шараға арнайы ұлттық
тағамдар пісіріледі. Бала ержетіп, жиырма бірге келгенде арнайы кимоно киіп, храмға
барады. Үлкен ӛмірге қадам басу кезеңі осы уақытта басталады. Бұл ең алдымен ата-
баба дінін бала жүрегіне ұялатып, бойына сіңіру қағидасы мен байланысты.
Оларда ер баланың да, қыз баланың да ойнайтын ойыншығына дейін ұлттық
нақышта жасалған. Ойын арқылы жапон баласы ер бабасының ерлігін түйсініп, дана
әжесінің шеберлігін ұғынады. Мысалы, «Карута тори» деген ойынды кішкене баладан
бастап, ересек адамдар да ойнайды. Әр ойын жай ғана уақытты ӛткізу үшін емес,
елінің кешегісін санасына сіңіруге арналған. «Карута ториді» ойнау үшін байырғы
әдебиеттен жүз жыр білу керек. Бұл жүз ақынның ӛлеңін жатқа айту деген сӛз.
Феноменді ми қабілеті осылай дамиды. Жапондар бала тәрбиелеуде «ұл», «қыз» деп
бӛлмейді. Күншығыс елі мен қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі бір ұқсастық – ер
баланы ел қорғаны, қыз баланы келешек отбасы ұйытқысы болуға баулу.
Демек, жапон халқының ұлттық ерекшелігі олардың ӛз дәстүріне деген беріктігі
болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Құсайыноа А.Қ. Білім реформасы. Дамыған елдер тәжірибесі // Егемен
Қазақстан, 23 маусым, 2005.
2. Национальные системы образования: общая характеристика, структура. Под
редакцией А.К.Кусаинова. Алматы: РОНД, 2004.
3. Асқар Бәйтеліұлы. Кім қалай тәрбиелейді? // Қазақстан тарихы. Әдістемелік
журнал. №2. 2007.
4. Нысанова К. Жапонияның білім жүйесінің кереметтігі неде? // Ана тілі, 25
тамыз, 2005.
5. Джуринский А. Чему и как учат в Япони? // Народное образование. 2001, №5.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жапон халқының бала тәрбиелеудегі ұлттық құндылық ретінде салт-
дәстүр мен әдет-ғұрыпты пайдалануындың ӛзіндік ерекшеліктері сипатталған.
РЕЗЮМЕ
В статье излагается особенности использования национальных ценностей в
виде традиций и обычаев японского народа в воспитании детей.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
55
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Исембаева Л.А. -аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Еліміздегі жаңа ғасырдың жаңаша талаптары-қоғамның қажеттілігі мен
мүдделерін қанағаттандыру. Білім беруді жаңарту-білім берудің мақсатын,
құрылымын, мазмұнын, әдістер мен құралдарын, оқу үрдісін ұйымдастырудың
формасын жаңартуды кӛздейтін үдеріс.
Ӛзге тілді үйрену, оның әр түрлі тілдік аспектілерін меңгеру, қарым-қатынас
құралы ретінде қолдана білуге дағдылану-оқыту процесіндегі күрделі мәселе. Тілді
жүйелі түрде үйрену мектеп курсынан басталатындықтан, оны оқыту қазіргі
ғалымдардың, атап айтқанда лингвистиканың, психологияның, педагогиканың соңғы
жетістіктеріне сүйенетіні сӛзсіз. Осы тұрғыда елімізде шет тілін және орыс тілін ӛзге
тіл ретінде оқытудың ғылыми негізі жан-жақты қарастырылып, түбегейлі мәселелері
ашылған. Ӛзге тілді оқытудың ғылыми негіздерінің бірі психологиялық жағы И.А.
Зимняя, Б.Б. Беляев, А.Н. Леонтьев, К. Оразбекова, Е. Суфиев т. б. еңбектерінде
айтылған. Олардың еңбектерінде шет тілі мен орыс тілін оқытуда психология
ғылымының атқаратын ролі, ӛзге тілді үйренудің психологиялық заңдылықтары,
ерекшеліктері, сабақ тиімділігінің психологиялық аспектілері баяндалған. Бұл
зерттеулер А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский сияқты кӛрнекті
психологтардың адам әрекеті, сӛйлеу механизмі жӛніндегі ғылыми еңбектеріне
негізделген.
Психология-бүгінгі таңда жан-жақты дамыған ғылым саласы. Бүгінде оның дами
түсуі пәндерді оқыту, соның бірі тілді оқыту әдістемесі үшін маңызы зор.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны
жаңарып, әдістері жетілдіріп келеді. Оқыту процесінде кездесетін себептілікті,
байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырату үшін таным
заңдылықтарын жете білудің маңызы зор. Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір
ғылымына: тарихты оқыту тарих ғылымына, ал қазақ тілін оқыту әдістемесі шет тіл
мен тығыз байланысты қаралады. Тілде дамымай, ӛзгеріске ұшырамай, бір қалыпта
қалып қоятын мәңгілік еш нәрсе жоқ, бәрі де ӛзгереді, дамиды. Сондай ӛзгеру мен
дамуды тілдің синтаксистік жүйесінен кӛруге болады.
Тілдің синтаксистік жүйесіндегі ӛзгеріс, даму, ең алдымен, сӛздердің, яғни сӛз
таптарының бір-бірімен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстардан, синтаксистік
элементтерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін амал тәсілдердегі, формалардағы
құбылыстардың, грамматикалық формалардың мағыналары мен функцияларындағы
құбылыстардан байқалады. Мұндай құбылыстардың нәтижесінде сӛздердің бір кездегі
грамматикалық топтарының басқа бір топтағы сӛздермен немесе ӛзді-ӛзімен
синтаксистік байланысында кездеспейтін жаңа тіркестер туып қалыптасады.
Тіл біліміндегі осындай ӛзгерістер шет тілін оқыту әдістемесінің дамуына әсерін
тигізеді. Осының нәтижесінде шет тілі бағдарламасы мен оқулығына «сӛз тіркесі»,
«лексика» бӛлімдері енгізіледі. Мысалы, шет тілі бағдарламасы мен оқулығындағы
фонетика, грамматика жӛніндегі материалдар, қазір лексика, стилистика, орфография
мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Шет тілі курсындағы сӛз таптары
жӛніндегі ережелер де нақтыланып, сӛз тудыру мәселесіне арнайы бағдарлама мен
оқулықтан орын беріліп отыр.
Бастауыш мектепте шет тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша
тіліне кӛп кӛңіл бӛлінеді. Мұның ӛзі тілдің фонетика, орфография және орфоэпия
бӛлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс меңгерген оқушы
жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады. Бұлардың бәрі де оқыту
Достарыңызбен бөлісу: |