Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
59
• ақпараттарды ӛңдеу және жинауда процедуралардың кӛшірмелерін жібермеу;
• нақты уақытта оқу-әдістемелік кешенді және басқадай құралдарды
профессорлық- окытушылар құрамына ұсыну мүмкіндіктері;
• халықаралык және ұлттық индикаторлар бойынша білім беру жүйесінің
дамуына мониторинг жасау;
• ақпараттық компьютерлік технологияларды, қашықтықтан оқыту жүйесін
және
электрондық оқыту қызметін қолдана отырып білім алушылар жастар
мен педагогикалық ұжымды жаппай оқыту;
• жоғарғы білімді компьютеризациялау.
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру кезеңдері:
• электрондық оқыту басылымдарын ӛңдеу және қолдау;
• оқу бағдарламаларын басқару;
• қолданушылар
құрамын кұру, ӛзгерту және жою;
• оқыту үрдісін қолдау;
• электронды кітапхананы және тест қорын құру, толықтыру, үздіксіз жаңарту;
• жалпы жүйеге, оқыту бағдарламасына сын пікірлер, ұсыныстар алу және
жұмыс сапасын жақсарту мақсатында барлық қолданушылар үшін кері
байланысты қамту;
Қашықтықтан оқыту жүйесі - уақыт бойынша келісімге және
кеңістікте тағайындалуға бейтарап, оқытушы мен студенттер арасында оқыту
құралдарымен интерактивті (сұхбаттық), асинхронды және синхронды ӛзара
әрекеттесу мақсатына бағытталған үрдіс. Сӛйтіп, қашықтықтан оқыту деп:
• кейстік технологиясын;
• интернет-технологиясын;
• телекоммуникациялық технологиясын (ТВ технологиясын), немесе оқытудың
барлық формаларындағы қолданылатын технологиялардың қосындысын түсінеміз.
Осы оқыту технологияларында қашықтықтан оқытуды үш категорияға
бӛлуге болады:
педагогикалық
технологиялары;
оқытудағы ақпараттардың берілуінің технологиялары (баспалық
технологиядан мультимедианы қолдануға кӛшу);
оқытудағы ақпараттарды еру және оқу үрдісін қолдау технологиялары
(«бетпе-бет» әрекеттесуден Интернет арқылы коммуникацияларға ӛту).
Кӛптеген зерттеушілер /1, 2/ қашықтықтан оқытудың үш моделін
ерекшелейді. Дегенмен, олар барлық мүмкін болатын тәсілдерді кӛрсете алмайды,
бірақ мұғалімнің оқытуды басқаруынан бірлесе басқаруға кӛшуді, ары қарай оқытуды
оқушылардың ӛздері басқаруын ұсынады. Әрбір модель тек пайдаланылатын оқыту
технологияларымен ғана емес, сонымен бірге, басқару әдістерімен, мұғалім мен
оқушылардың ӛзара әрекеттесуімен жалғасады.
Үлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар
тобына дайындалған курсты интерактивті теллекоммуникациялық технологиялар
кеңейткен жағдайда пайдаланылады. Мұның қарапайым мысалына дәстүрлі
әдіспен біліп алатын оқушылар мен қашықтықтан білім алатын оқушыларды
біріктіретін аралас сыныпты алуға болады.
Ӛз бетіндік оқыту моделі оқушыларды анықталған уақыт кестесі бойынша
белгілі бір сынып бӛлмесінде отыру қажеттілігімен сипатталады. Оқушылар
курсты сипаттайтын материалдар жинағымен (электрондық оқулықтар, оқытуға
арналған ақпараттық материалдар) және нақты оқу бағдарламасы мен жұмыс
істеу программасымен қамтамасыз етіледі.
Ашық оқыту моделі қашықтық топтың ішінде оқушылардың қарым - қатынасын
ұйымдастыру үшін оқушыға курсты интерактивті теллекоммуникациялық
технологияларды пайдалана отырып, ӛзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға