Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
52
Осылайша, сабақты қорытындылау нәтижесінде және оның ӛз мақсатына қол
жеткізе алғандығын қысқа да нұсқа сауалнама-кесте арқылы білу тиімді. Кесте үш
бағанадан тұрады. Біріншісіне «Сен не білуші едің?» деп жазылады, екіншісіне «Сен
сабақ барысында не білдің?Қандай әсер алдың?», ал үшіншісіне «Қандай нәрсеге таң
қалдың?» деген сұрақтар енгізіледі. Оқушылар бұл кестені толтырғанда, олардың
тақырыпты қаншалықты игергендігін кӛруге болады. Сонымен қорытындылғанда
тарих пәнінің әрбір сабағын осылайша жаңа технологиялық әдістерді пайдаланып
жоғары деңгейде, заман талабына сай қызықты ӛткізуге болады. Бұл әдістер
оқушылардың білімін кӛтеруге , логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, тарих пәніне
деген танымдық қызығушылықты ӛсіруге мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. - А, 1997.
2. Омарбеков Т. Зобалаң (күштеп ұжымдастырудағы қарсылық. 1929-31 жылдары
болған халық наразылығы) - А, 1994.
3. Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., Әбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы күшпен
ұжымдастыру: қорлық пен зорлық. - А., 1992.
4. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане
(1917-1980гг). - А., 1991.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада оқытудың жаңа технологияларын тарих пәнінің сабақтарында қолдану
мәселелері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотривается некоторые вопросы применение новых технологии на
уроках истории.
ЖАПОНДЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ҦЛТТЫҚ ҚҦНДЫЛЫҚТАРДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Есеева М.Т. - п.ғ.к.,
аға оқытушы; Кӛнеева Қ.Х. – оқытушы
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Әр елдің, әр ұлттың ӛздеріне тән тәрбиесі бар. Жапония – нағыз ӛркениетті
елдердің бірі. Жапондықтар ең алдымен ӛздерінің ұлттық құндылықтарын жоғары
бағалайды. Олар – қашанда да білімге құштарлықпен танылған ұлт. Ондағы білім
жүйесі оқушылар бойында да тиісті адамгершілік ережесін қалыптастырып, ұлттық
сипаттағы қасиеттерді дамытады.
Жапон елінде ұлттың сенімді болашағына қол жеткізуде оқушыларды мектеп
қабырғасында әдептілік, имандылық пен ӛнегелілікке үйрету ӛте маңызды қадам
болып саналады.
Табиғатты аялау, әділдік пен шындықты қастерлеу, адам ӛмірін бағалау, адам
құқықтарын құрметтеу, келесі ұрпақ үшін жауапкершілікті ала алатын және қоғамның
дамуына үлес қосатын балаларды ӛсіріп тәрбиелеу мектептердің маңызды жұмысына
айналған.
Жапонияның білім беру жүйесінің компоненттері (мектепке дейінгі дайындық,
мектеп, жоғары білім) бір-бірімен тығыз байланысты. Барлығының негізгі мақсаты –
жапон елінің ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтау, ұлттық дәстүрдің ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отыруын қамтамасыз ету.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
53
Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты – ӛз ұрпағының бойында адамдық қасиет,
ұлттық рух пен мәдениеттің күш-қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның ӛмір
сүру тәсілі мен тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын кең түсіндіре білу.
Жапон ұлтының білім берудегі басты ұстанымы – ұлттық құндылықтарын сақтау
және оны дамыту. Жапондықтар үш басты қасиетті қадір тұтады: ұлт мүддесін жеке
бас мүддесінен жоғары қою, білімге құштарлық және еңбексүйгіштік.
Демек, жапондықтар ұлттық құндылықтарын сақтау арқылы елінің білім беру
саясатының ұлттық-рухани дамуына, білім жүйесінің жетілуіне, қоғамда ӛзінің
лайықты орын алатын білімді болашақ тәрбиелеуге, озық қоғам құруға қол жеткізуге
болатындығын кӛрсетеді.
Жапондықтар тәрбие беруде бірін-бірі ренжітпеуді, сәл нәрсеге ашу
шақырмауды, айқай шу шығармауды басты мақсат тұтады. Ӛзінің әлсіздігін басқа
біреуге аудармау бұл халықта асыл қасиеттердің бірінен саналады. Балалар ерінбей
еңбек етуге және сол еңбегінің жемісіне ӛзі риза болуға дағдыланады. Қай салада да
жапондықтардың жұмысты жан-тәнімен беріле істейтіні сондықтан. Соның
нәтижесінде жоғары сапалы ӛнім шығаруды қамтамасыз етеді. Ешуақытта ешкім де
еңбек етуге күштеп жегілмейді. Қайта адамдар жұмысты соншалықты құлшыныспен
атқарады. Жапондықтар уәдеге ӛте берік халық, мұның ӛзі ол елде әлдеқашан қалыпты
дағдыға айналған.
Отбасы – бала тәрбиелеудің бірден-бір ұйытқысы болып табылады. Бала
анасымен бірге иіліп сәлем ету арқылы әдептілік пен ізгілікке дағдыланады. Анасы
баласымен әңгімелескенде, тек қана қарапайым сыпайылылық қатынастарға баулиды.
Үй тұрмысындағы дағдылануды да (қалай отыруды, тамақ ішетін таяқшаларды қалай
ұстауды, үйге қалай кіруді) бірнеше рет қайталап үйретеді. Ал, оларда иероглифтің
күрделі екені белгілі. Жапон балалары 5-7 жасқа дейін еркін ӛседі. Ешқандай тыйым
салуға, ұрсуға, ұруға болмайды. Олардың ӛз бетінше істеген әрекеттеріне шек
қойылмайды. Демек, балалық шақтың қызығына батуына толық жағдай жасалады.
Ата-ана баласын ешқашан қатаң жазаламайды. Ӛйткені, қатал аза кӛрген баланың
жүйке жүйесі зақымдалып, ызақор, ашушаң, қырсық-қыңыр болып ӛседі деп
есептеледі. Оның орнына кӛндіру, сендіру, мадақтау сияқты тәсілдерді қолданады.
Бала кішкентай кезінен-ақ ӛз ісіне жауап беруге баулынады. Ұят-ардың мағынасы
ерте түсіндіріледі. Егер, бала мектепте, басқа да қоғамдық орындарда бӛтен мінез
кӛрсетсе, онда ол отбасының беделін, абройын түсіреді деп есептеледі. Осы дәстүр
сонау Токугаво кезінен басталады. Бұл жүйені «Тэракоя» деп атайды. «Тэракоя»
мектебінде оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас ӛте жұмсақ,
мейрімділік сипатта болады. Егер, балалар қатты шуылдаса, онда мұғалім тыныш
деген жазуы бар таяқшаны кӛтере қояды. Бұл елде оқушылардың шәкірттік кезеңі ер
балалар үшін – 25, қыз балалар үшін – 18 жасқа дейін созылады. Отбасында жапон
балалары қажетті ӛнерлерге, шаруашылық жұмыстарына үйренеді. Мектеп
қабырғасында бұл дәстүр одан әрі жалғасып, әр баланың ӛзіндік қабілеті мен
қызығушылығының еркін дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Ұлттық дәстүр мұнда қасиетті де қастелі. Ұлт мүддесі, мемлекет мүддесі бәрінен
де жоғары. Ұрпағын ұлттық рухта тәрбиелейді.
Жапония – демократиялық сипаттағы ел. Ең жоғарғы лауазым иесіне құрмет –
бұл да ел дәстүрі болып саналады.. Билік тізгінін ұстап отырған адам мемлекеттің
мәртебесін білдіретіндіктен де оның туған күні де жапондардың ұлттық мерекесі
саналады.
Жапонияда отбасының берекесі әрбір ұрпақ алдынғы ӛткен ата-бабаларынан
қалған «үлкенді құрмет тұту туралы ӛсиетті» қаншалықты орындауына байланысты
деп есептейді. Олар: «Ең ауыр кінә немесе қылмыс – балаларының ата-анасына құрмет
кӛрсетпеуі» – деп санайды.