Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет23/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
50 
Айта  кетерлік  жайт,  оқушылраға  қойылатын  сұрақтар  тақырыптың  мазмұнын 
жан-жақты,  әрі  терең  ашуға  бағытталуы  тиіс.  Бұл  жерде  оқытушы  жауаптардың   
дәйектілігіне назар аударуғаны жӛн. Сұрақтарды ауызша айтудан гӛрі оны алдын ала  
дайындап, оқушыларға таратқан ұтымды. 
Сұрақ-жауап  интерактивті  әдіс  ауқымында  жылдам,  әрі  ӛзара  сабақтастықта 
жүргізілуі  тиіс.  Дұрыс  жауап  бергендерді  ынталандыру  қажет.  Ол  үшін  алдын  ала 
жапырақтар  дайындалып,    тақтаға    ағаштың    суреті  салынады.  Дұрыс  жауап 
бергендерге жапырақтар беріледі. Олар жапырақтарын бұтақтарға ілген  кезде ағаштың  
жайнап    кетуін    ескеру  керек.  Мұндай  тәсілдің  ӛзі  оқушылардың  белсенділігін 
арттырып,  оң  жауап  беруге  ынталандырады.  Осыдан  кейін  қысқаша  қорытынды 
жасалады да, жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. 
ІІ.  Сабақтың  тақырыбы:    Ұжымдастыруды    қалпына    келтіру    бағытындағы    іс-
әрекеттер.жүргізіліп.  Тақтаға  «Бесеудің  хаты»,    шаруалар    кӛтерілістері  жайында, 
ұжымдастырудың  сталиндік    принципіне    қарсылық  туралы  кӛрнекті  құрал    ілініп 
қойылады.  Мәселенің  мәнін  терең  ашу  барысында  мына  тӛмендегідей  кесте  сызып,  
түсіндіруге  болады.  Бұл  тәсіл  бір  жағынан  тарихи  оқиғалар  мен  үдерістерді  жадта 
кӛрнекі түрде сақтауғамүмкіндік береді. 
 
«Бесеудің  хаты» 
Шаруалар  наразылығы 
Ауыл 
шаруашылығын 
нығайтудағы 
Кеңес  
ӛкіметінің кӛмегі 
Авторлар 1932 шілде. 
І.  1.  Ғ. Мүсірепов 
     2.  М.  Ғатаулин 
     3. М. Дәулеткалиев 
     4.  Е.  Алтынбеков 
     5. Қ. Қуанышев 
ІІ. Т. Рысқұловтың 
«Сталинге  хаты» 1933жыл 
наурыз. 
ІІІ. Хат  иелерінің  тағдыры. 
 
І. шаруалар  кӛтерілісі 
  А) Түрлері 
  Ә) Қойған талаптар 
  Б) Қозғалыс болған 
        Жерлер 
ІІ . Шет  елге  кӛптеп жер 
ауған Республика  
аймақтарының  халқы. 
 
І. 1932 жыл  17 қыркүйек  
қаулысы. 
ІІ. Кеңес  ӛкіметінің 
Республика  халқына  
кӛмегі. 
ІІІ. 2 бесжылдықтың  
      Қорытындысы. 
ІV. Депортацияға  ұшыраған  
халықтар. 
Т.Рысқұловтың «Сталинге хатының»  қысқаша  мазмұнын, оның мәтінін оқушылардың 
кӛмегімен талдаған абзал. 
 Шаруалар  кӛтерілісі мәселесін былай кӛрсетуге болады: 
1. Қарсылық  шараларының түрлері:   - қалалар  мен  құрылыстарға  кету;  - басқа  шет 
аймақтарға  кету;  - колхоз белсенділерін  ӛлтіру;  - ӛзін –ӛзі  қорғайтын отрядтар құру;  
- кӛтеріліске  шығу дайындықтары. 
2. Қойылған  талаптар: 
  -  заңсыз  ұсталған  шаруаларды  және    тәкіленген  мал-  мүлкін    толық  қайтару;    дін 
бостандығын  беру;    шаруаларға    табыс    салығын    салу;    ұжымдастыруда    еріктілік  
принципін  ұстану;    мәселелерді    шешкен    кезде  ауыл    жиынының   ӛкілдігін    кӛтеру; 
Қарақұмда халыққа дербес  ауыл ұйымдастыруға  рұқсат  беру. 
3. Қозғалыс  болған  жерлер: Қарулы  қимылдар әсіресе 1929 -1931 жылдары       кӛп 
болды. Мыс:алы,  Қарақұм, Созақ күштеу  әдісімен  жаппай  ұжымдастыру саясатына  
қарсы  Сарысу,  Ырғыз.    Балқаш,  Қастек,    Қордай,    Шұбартау    аудандарында  
кӛтерілістер    болды.    Олар    шын    мәнінде    түгел    қырылып    қалды.  Республика  
аймағында  372  жаппай    шаруалар    мен  бір    жары    жылдың    ішінде    80    мың  адам  
қатысқан  кӛтеріліс    болған.  Патша    ӛкіметінің    1916  жылғы    жазалау    тәжірибесін  
қайталады. 
ІІ. Жергілікті халықтың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы. 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
51 
Ашаршылықтан    құтылуға  тырысқан  халық  республикадан  тыс  жерге  қоныс  
аударды. Олардың  жалпы  саны бір  миллионнан  асты.  Оның  400 мыңдайы  қайтып  
оралғанмен,  қалғандары    қайтып  келмеді..    Босқындар    Ӛзбекстанға,  Түрікменстанға, 
Тәжікстанға,  Қырғызстанға    және    Ресей    жеріне    ӛтті.    Сондай  ақ    Қытайға,  
Монғолияға ,  Ауғанстанға, Иранға,  Түркияға да мыңдаған  қазақтар қоныс  аударып  
барды. 
ІІІ.  Ауыл шаруашылығының кеңес ӛкіметіне кӛмегі. 
1. КСРО-ның 1932 жылғы 17 кыркүйекте  «Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы,  мал  
шаруашылығы  туралы»  қаулы  қабылданды. Онда: - ең  алдымен  жасанды  құрылған 
колхоздар таратылды. 
2. Астықты  аудандарда  артельдер  ұйымдастырылды. 
3. Кеңес  ӛкіметі  отырықшылыққа  кӛшкендерді   орналастыру  үшін 2млн. пұт астық,  
30млн. сом  ақша  берді. 
4.  Екінші  бесжылдықтың  аяғына  қарай Республика колхоз  егістіктерінде 9 мыңдай  
трактор  жұмыс  істеді. 
5.  1935  жылы    ақпанда  екінші    колхоз    сиезі    болды.    Онда:  ауыл    шаруашылығы  
артелінің  жаңа  үлгідегі «Жарғы» -сы  қабылданды. 
6. Екінші  бесжылдықтың  аяғында  Қазақстанда  200 ге  жуық  совхоз құрылды, 7. 24 
мыңнан    астам    трактор,  8  мыңға    жуық    комбайн  берілді.  Мақта,  қызылша    дәнді  
дақылдар  егісі  кӛбейтілді. 
8. Кеңес  ӛкіметі 40 млн  сом  қаржы  бӛлді. 
Сабақты  бекіту  мақсатында  тест  сауалдарын  жүргізіп,  оқушыларды  сұрақтарға 
дәл  жауап  беру  қабілетін  меңгеруге  баулу  нысанаға  алынады.  Осыған  орай  8-10 
сұрақтан  тұратын  тест  арқылы  оқушылардың  білімін  бақылаудың  тиімділігі  айқын 
кӛрінеді.  
 Сабақ  соңында  қорытынды  жасалады.  Қазақстандағы  ауылшаруашылығын  
ұжымдастырунауқанының    қорытындысына    қандай  баға  беруге  болады?  деген  сауал 
түрінде түйіндеген ұтымды. Ол үшін мына кестені толтыру қажет.  Кесте екі бӛліктен 
тұрады.  Бір  бӛлігіне  «  тиімді  жақтары»  деп  жазылады,  екінші  бӛлігіне  «тиімсіз 
жақтары»  деп  жазлады.  Мұндай  әдіс  жай  ғана  ой  қорытқаннан  гӛрі  кӛрнекі,  әрі 
оқушыны логикалық ойлауға жетелейді. 
Жауап беруде мынадай қиындықтардың орын алатындығын ескертеміз. 
1. Бір  жағынан  прогресшіл  технологияны  енгізу,  техниканы  шоғырландыру- еңбек  
ӛнімділігінің    артуы  осының    бәрін    ұжымдық    шаруашылық  кәсіпорындары    атқара  
алатын  еді. 
2.  Екінші    жағынан  теңгермешілік,  қатаң    орталықтандыру,  жеке      адам  мүддесінің  
аяққа  тапталуы. 
3. Еріктілігі   мен бастамашылдығы  үнемі  басып-жаншылды. Осының  бәрі серпінді  
дамуды  шектеп  отырды 
4. Жалпы  алғанда ӛркениетті коопреторлар қоғамы  бай  феодалдарға  кіріптарлық пен  
күйзелістен    құтылудың    прогресшіл    құбылысы    еді.  Бірақ    ол    күштеу    әдісімен  
жүргізілді.  
   Қосымша    деректерді    пайдаланып  қазақтардың    атамекенінен    тыс    аймақтарға  
жаппай    қӛшуі    туралы  мән  жазба    жазып  келуді    тапсырылады.Мына  әдебиеттерді 
қолдану ұсынылады: 
Х. Оралтайдың  «Елім –айлап  ӛткен  ӛмір» деген  кітабы. 
М. Тәтімовтың  «Қазақ әлемі»  деп аталатын  зерттеуі.  
Қ. Қасенов, Ә.Тӛреханов.  «Қызыл қырғын» шығармасын оқу  тапсырылады. 
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мен ой-ӛрісін жетілдіру бағытында 
сӛзжұмбақты  шешу  аса  тартымды.  Жалпы  қысқаша  сӛзжұмбақтарды  шешу  дәстүрін 
сабақтарда енгізу ұтымды деп есептейміз. 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау