Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
60
мүмкіндік беретін курстың баспа түріндегі және басқа да құралдарды (мысалы,
бейне жазулар немесе электрондық оқулықтар) пайдаланылуын қамтиды.
Қашықтықтан оқытудың жағдайында оқыту процесін басқару үлгісі /3/ тӛменгі
кестеде берілген
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары.
Зерттеушілердің /4/ айтуынша, қашықтықтан оқытудың артықшылықтары
мыналар:
1. Білім беру қызметінің арзандығына қарамай, кешкі немесе сырттай оқу
түріне қарағанда әлдеқайда жоғары кәсіби дайындық ;
2. Оқу мерзімін қысқарту;
3. Қазақстан мен шет елдерде жоғарғы оқу орындарында катар оқу мүмкіндігі;
4. Студенттің жоғарғы оқу орындарынның географиялық орнына тәуелсіздігі.
Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту формасы туралы айтқанда, құрамына
барынша мүмкін болатын ақпараттың электрондық кӛздері (желілікті қоса алағанда)
виртуальды кітапханалар, деректер базасы, консултациялық қызметтер, электрондық
оқу құралдар, киберсыныптар т.б. кіретін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін
жасау. Қашықтықтан оқыту мағынасында оқушы және оқулық бар деп түсіну
керек.
Бұл оқушы мен оқытушының ӛзара әсері. Осыдан шығатыны, қашықтықтан
оқыту формасын ұйымдастыруда ең бастысы электрондық курстар, қашықтықтан
оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып
табылады. Қашықтықтан оқытуды сырттай оқытумен ұқсатудың қажеті жоқ, себебі,
бұл жерде мұғаліммен және киберсыныптағы басқа студенттермен тұрақты байланыс
бар, күндізгі оқудың барлық параметрлері, оқудың еркеше формасы ескеріле
отырып қамтылған. Бұдан шығатыны, теориялық талдаулар, эксперименттік тексеру,
жауапты ғылыми-зерттеу жұмыстары талап етіледі. Ӛкіншіке орай, біздің инетернетте
кӛріп жүргендеріміз, компакт-дисклердегі электрондық оқулықтар педагогикалық
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
61
және дидактикалық талаптарға толық жауап бере алмауында. Осыдан барып,
кашықтықтан оқыту курстарын жасақтау және оны әртүрлі базалық, тереңдетілген,
қосымша білім беру мақсаттарындағы әдістемелік құралдармен жабдықтау
қажеттілігі туады.
Жоғарыда келтірілген фактілер мен мысалдар, Қазақстанда қашықтықтан
окыту жүйесін құруды және оны аймақтарда кеңейту қажеттігін кӛрсетеді. Бұл
квалификациясы жоғары, интеллектуалдық сапасы күшті, кәсіби деңгейі дамыған,
халықаралық деңгейдегі конкуренцияға тӛзімді қоғам құруға зор кӛмегін тигізеді.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеттері:
білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар
мен студенттердің білім деңгейін кӛтеру.
бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік
(республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
кұру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;
Қашықтықтан оқытудын жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген
қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу
орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай
жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын,
компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру
принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу
орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық
жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістемелік тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің
нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент -
сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык
оқулықтарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің
технологиясымен үйлесімді болатын бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының
атқарар рӛлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүктеледі: ол курстың
бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен
байланыстырады. Оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау
барысында, ӛз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жӛнінде
ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде
кӛрсетілгеніндей, кӛңіл-күй, психологиялық қарым-қатынастар қалыптасады.
Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа
технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп,
олармен іс-жүргізу кезеңдерін орындауы шарт.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі
адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
• Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
• Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта
ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы
білуі қажет.
• Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы
қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
• Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы
қажет.
• Окытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын
қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру
және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы
қажет.
• Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі
Достарыңызбен бөлісу: |