Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учеб



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет1/71
Дата05.01.2018
өлшемі5,02 Kb.
#7041
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 

 
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 
ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ 
 
Қожахметова К.Ж. –п.ғ.д. профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ-нің ғылым және 
халықаралық байланыстар жӛніндегі проректоры) 
 
Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  ғылыми-зерттеу 
жұмысын  басқару  және  жоғары  дәрежелі  ғылыми-педагогикалық  кадрларды  даярлау 
мақсатында  2001жылдың  17  қыркүйегінде  (№119  бұйрық  негізінде)  ғылым  және 
халықаралық байланыстар басқармасы (ҒХББ) құрылған. 
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы 33 кафедра,  Әлеуметтік және гендерлік 
ғылыми-зерттеу  институты  (ӘГҒЗИ),  Іргелі  ғылыми-зерттеу  орталығы  және  3  дербес 
ғылыми-зерттеу  («Қазақ  ұлттық  мектебінің  даму  мәселелері»,  «Зерттеудің 
инновациялық әдістері» және «Ӛзін-ӛзі тану») зертханалары арқылы жүргізіледі.  
 Университетте  2006-2008  жылдары  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  қаржыландыруымен  білім  саласын 
жетілдіруге маңызы зор – 17, (оның ішінде 5 іргелі, 9 қолданбалы және халықаралық 
ЮНИСЕФ, ЮНИФЕМ қорларының демеуімен 3 қолданбалы жоба) жүзеге асырылды.  
Аталған  ғылыми  жобалар  аясында  орындалып,  бүгінгі  таңда  ұлттық  білім 
жүйесін дамытуға қосар үлесі зор біраз оқу құралдары, оқулықтар жарық кӛрді, олар:  

 
«Мәдени  мұра  бағдарламасы  бойынша  «Әлемнің  әйгілі  психологтары»  сериясы 
бойынша 10 том: 

 
«Қазақ халқының тәлімдік ойлар  Антологиясының» 6 томы; 

 
Жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  студенттеріне  арналған  «Педагогика 
тарихы» оқулығы; 

 
«Гендерлік  білім:  теориясы  мен  практикасы»  және  «Гендерлік  саясат»  атты  оқу 
құралдары; 

 
«Тәртібі  қиын  балалармен  әлеуметтік-педагогикалық  жұмыс  ұйымдастыру 
тұжырымдамасы». 
2009-2011  жылдары  аралығында  3  іргелі  ғылыми  зерттеу-жобасы  бойынша 
жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Әлемдік 
педагогикалық  ой-сана  антологиясының»  8,9,10  томдарын  біздің  университеттің 
ғалымдары дайындауда. 
 Университеттің  жаратылыстану  факультетінің  ғалымдары  биотехнологияға 
байланысты  зерттеулерді    Е.А.  Букетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университетімен,  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  химия 
факультетімен, 
Қазақ 
Ұлттық 
академиясының 
биология 
ғылыми-зерттеу 
институтымен, Қазақстан Республикасы ҰҒА Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары 
институтымен,  ҒӚО  «Фитохимия»  институтымен  бірігіп,  ғылыми  жоспар  бойынша 
жұмыс  атқаруда.  Университеттің  физика  және  экология  кафедраларының  ғалымдары 
әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  және  Ұлттық  аграрлық  университетімен  бірігіп 
зерттеулер жүргізуде. 
Университеттің  «Жалпы  педагогика»  кафедрасы  (кафедра  меңгерушісі  пед.ғ.д., 
профессор  А.Құсайынов)  ауқымды  деңгейде  Халықаралық  салыстырмалы  педагогика 
қауымдастығымен,  Мәскеу  мемлекеттік  педагогикалық  университетімен,  Санкт-
Петербург  мемлекеттік  университетімен  байланыстар  орнатып,    іргелі  және 
қолданбалы  ғылыми  жобалар  аясында  табысты  жұмыс  істеп  келеді.  Ал  «Теориялық 
және  практикалық  психология»  (каф.меңгерушісі  –  Х.Т.Шерьязданова)  кафедрасы 
үнемі ізденіс үстінде болуының арқасында бірнеше ірі ғылыми жобаларды абыроймен 
жүзеге асырды. Мысалы, Халықаралық денсаулық сақтау қорының филиалымен бірге 


Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 

«Арал 
аймағының 
экологиялық 
жағдайының 
балалардың 
психологиялық 
денсаулығына әсері», педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған «Ӛзін-ӛзі тану» 
пәнінің  эксперименттік  бағдарламасы,  ал  бүгінгі  таңда  кафедраның  профессорлары 
мен оқытушылары Тӛтенше жағдайлар жӛніндегі комитетпен бірігіп қолданбалы жоба 
аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде. 
Ғалымдардың тынбай ізденулерінің арқасында университет 8 патентке ие болды. 
Сонымен  қатар  университетіміздің  біраз  ғалымдары  (С.  Қалиев,  К.Қожахметова,  А. 
Құсайынов, С. Жайлау, Р. Дәрменова, Қ. Ашекеева) республикалық үздік ғылыми еңбек 
сайысына  қатысып,  М.Әуезов,  А.Байтұрсынов,  Ы.Алтынсарин,  К.Д.Ушинский 
атындағы сыйлықтардың иегерлері атанды.  
Университет кадрлар даярлау жүйесінің екі сатылық жүйесіне кӛшіп, 2002 жылы  
8  мамандық  бойынша,  ал  2009  жылы  19  мамандықтан  магистр  даярланатын  болды. 
Сонымен  қатар,  республикада  шешімін  таба  алмай  келе  жатқан  мәселелердің  бірі  – 
«Хореография», «Кітапханатану және библиография», «Дене шынықтыру және спорт» 
мамандықтары  бойынша  ғылыми  педагогикалық  кадрлардың  тапшылығына 
байланысты  магистратура  ашылмай  келген.  Мәселенің  маңыздылығына  байланысты, 
2009  жылдан  бастап,  аталған  3  мамандық  бойынша  магистратураны  эксперимент 
жүзінде ашуға мүмкіндік жасалды. 
Университетте  магистратура  арқылы  ғылыми-педагогикалық  кадрлар  даярлауға 
ерекше  мән  беріліп,  магистранттарға  дәріс  оқу,  ғылыми  жетекшілік  жасау  негізінен 
ғылым  докторларына  жүктеледі.  Магистранттардың  курстық  жұмыстары  мен 
диссертацияларын  даярлау  үшін  ірі  ғылыми  орталықтар  мен  зертханаларға,  ғылыми-
зерттеу институттары мен кітапханаларға, сол ғылым саласының жетекші ғалымынан  
кеңес  алу  үшін  тәлімнамаға  жіберу  қарастырылған.  Мысалы,  тек  2008-2009  оқу 
жылында  біздің  магистранттар  жақын  шетел  –  Ресейдің  Мәскеу,  Санкт-Петербург, 
Томск, Новосибирск қалаларының ғылыми ошақтарына және алыс шетел – Қытайдың 
Пекин  Орталық  ұлттар  университетіне,  Сингапурға  барып  табысты  оралды.  Ӛз 
мемлекетіміз  аясында  Астана,  Қарағанды,  Семей  қалаларындағы  жоғары  оқу 
орындарына  тәлімнамаға  барып  келді.  Жалпы,  2008-2009  оқу  жылында 
магистранттардың тәлімнамасына қаржы 3.602.485 теңге кӛлемінде жұмсалды. Сапасы 
жоғары маманға сұраныс кӛп болатыны белгілі. Сондықтан, біздің магистранттарымыз 
жоғары  оқу  орындарына,  орта  арнайы  білім  мекемелеріне,  мектептерге  арнайы 
шақырумен орналасуда.  
Университетте  аспирантура  –  15,  докторантура  –  8  мамандық  бойынша  жоғары 
дәрежелі  ғылыми-педагогикалық  кадрлар  даярлауды  дәстүрлі  жүйе  бойынша 
жүргізуде.  
Ғылыми-педагогикалық  кадрлар  даярлауда  университеттің  жанынан  құрылған 
диссертациялық  кеңестердің  маңызы  ӛте  зор.  2009  жылға  дейін  университетте  2 
диссертациялық  кеңес  8  мамандық  бойынша  жұмыс  істеп  келді.  Біріккен 
диссертациялық  кеңес  ОД  145017  2005  жылдың  29  сәуірінде  №  340  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Білім  және  ғылым  саласындағы 
қадағалау  және  аттестаттау  комитетінің  бұйрығымен  қайта  ашылған,  ол  кеңес  2005-
2007  жылдар  аралығында  10.02.01.  –  орыс  тілі,  10.02.02.  –  қазақ  тілі,  10.02.18.  –  тіл 
теориясы, 13.00.02. – оқу мен тәрбиенің теориясы мен әдістемесі (қазақ тілі бастауыш 
және жоғары білім беру жүйесінде) мамандықтары бойынша 7 ғылым докторы мен 45 
ғылым  кандидаттарын  дайындады,  оның  басым  кӛпшілігі  –  осы  университет 
мамандары. 
 Диссертациялық  кеңес  Д  14.61.09.  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Білім 
және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитетінің  01.07.2008  жылғы  бұйрығымен 
ашылған, бұған дейін бұл кеңестің тек кандидаттық диссертация қорғатуға мүмкіндігі 
болған.  Бүгінгі  таңда  Д  14.61.09  диссертациялық  кеңесте  докторлық,  кандидаттық 
ғылыми дәреже алу үшін 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау