10-Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау
Жұмыстың мақсаты: жылу балансының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
Құрал-жабдықтар: таразы, термометр, калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз, шәйнек (сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
калориметрдің ішкі ыдысын таразыға тартып өлшеңдер; mк;
оған су құйыңдар, содан кейін суы бар калориметрді өлшеңдер: ;
суы бар калориметрдің ішкі ыдысын сыртқысының ішіне орналастырып, судың температурасын өлшеңдер;
мұз кесегін сорғыш қағазбен алдын ала құрғатып алып, содан кейін оны суға салыңдар;
суды мұз толық ерігенге дейін термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төмен температураны белгілеңдер;
калориметрді қайтадан өлшеңдер және суға салынған мұздың массасын анықтаңдар;
өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңдар:
mк, кг
|
mсу, кг
|
t су, 0C
|
t , 0C
|
m мұз, кг
|
|
|
|
|
|
8) жылу балансының теңдеуінен мұздың меншікті балқу жылуын анықтаңдар, мұндағы - калориметр стақанының берген жылуы, - судың берген жылуы, - мұз ерігенде калориметрге берген жылу мөлшері, - мұздың суға берген жылу мөлшері;
9) қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |