23-зертханалық жұмыс.
Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау.
Жұмыстың мақсаты – күш моменттері ерекшеліктерінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар:штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, масштабты сызғыш, динамометр (сурет)
1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы. 1) оқулықтағы «Иіндік»; «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі»; «Күш моменттері» туралы матнриалды қайталаңдар; 2) иіндіктің екі ұшындағы бұрандамаларды бұрап, оны горизонталь орналастыратындай етіп теңгеріңдер; 3) иіндктің сол жағына айналу білігінен қашықтыққа массаларының қосындысы болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе-теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:
Біліктің сол жағы
|
Біліктің оң жағы
|
Масса
(г)
|
Иін
(см)
|
Күш
(H)
|
Күш моменті
(Hм)
|
Масса
(г)
|
Иін
(см)
|
Күш
(H)
|
Күш моменті (Hм)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4) және күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншалықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін моменттерінің айырымын (-) олардың орташа мәніне
бөлу керек:
Ауытқу =(-): * 100%
2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмысты, барысы: 1) біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер; 2) иіндікті сағат тілінің бағытында (шартты түрде оң бағытта) айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:
;
3)иіндікті сағат тіліне кері бағытта (шартты түрде сол бағытта) айналдыратын күшьердің күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар:
;
4)оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, эксперименте алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Под ред. А.Н. Покровского. Учебное оборудование по физике в средней школе. М. Просвещение, 1979.
2. Демонстрационный эксперимент по физике в средней школе. 1, 2.
Под ред. А.Н. Покровского.
3. Демонстрационные опыты по физике в 6-7 классе. / Под ред. А.Н. Покровского.М.: Дрофа, 2000г.
4. Практикум по физике в средней школе. Под ред. В.А. Бурова, Ю.И. Дина. М.: Дрофа, 2001г.
5. Фронтальные лабораторные занятия по физике в средней школе./под ред. А.Н. Покровского, М.: Прометей, 1998г.
Қосымша әдебиеттер
6. Занимательные опыты по физике. Л.А. Горев, М.: Просвещение, 1997г.
Экспериментальные задачи по физике. И.Т. Антипин, М.: Прометей, 2001г.
Практикум по методике и технике школьного эксперимента. Анциферев Л.И., Пишеков И.М., М.: Дрофа, 2002г.
Достарыңызбен бөлісу: |