17-Зертханалық жұмыс
Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу және магнит өрістерінің кескінін алу
Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әртүрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзетінін көрсету.
Құрал-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.
Жұмыс барысы:
1) темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішіне магнитті енгізіңдер;
2) магнитті шығарып алып, магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар;
3) темір ұнтағының көп жабысқан орындарын белгілеп, суретін салыңдар;
4) екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарымен апарыңдар.Бақылағандарыңды айтып беріңдер;
5) үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер;
6) пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
18-зертханалық жұмыс
Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: зертханалық жұмыстарға арналған ұзындығы 0,5-1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, пластилин, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер, сызғыш.
Жұмысты орындау:
Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.
Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.
Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.
Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.
Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.
Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.
Тәжірибе
реті
|
Уақыт,
t, с
|
Уақыттың орташа мәні, tорт, с
|
Қашықтық,
l, м
|
Толқын жылдамдығы, v, м/с
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
|
|
|
|
19-зертханалық жұмыс
Толқынның суда таралу жылдамдығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: толқынның таралу жылдамдығын анықтау әдісімен танысу
Құралдар мен жабдықтар: 1) суы бар стақан; 2) диаметрі 20см-ден кем емес табақша; 3) шырпы қорабындағы бір уыс құм; 4) секундтық тілі бар сағат; 5) сызғыш.
1-тапсырма. Толқынның таралу жылдамдығын анықтау
Орындалу тәртібі:
Табақшадағы судың беті тынышталып, бір тегіс болғанын күтіңдер.
Табақшаның шетіне қарай құмның бір түйіршігін тастаңдар да, бірден секундтық сағатты қосыңдар.
Толқын таақшаның қарама-қарсы жағындағы шетіне жеткенде секундомерді өшіріңдер.
Алынған уақыттың мәнін кестеге жазыңдар.
Құм түйірінің түскен жері мен табақшаның шетін диаметрі бойынша қосатындай етіп, сызғышты табақшаға қойыңдар.
Толқын өткен аралықты өлшеңдер. Нәтижесін кестеге жазыңдар.
1-6-тармақтарды екі рет қайталаңдар.
Белгілі формула бойынша толқынның таралу жыламдығын анықтаңдар:
1-тармақты орындап, құмның түсу биіктігін өзгертіңдер.
Не шығатынын бақылаңдар.
Табақшадағы суды стақанға құйып, 7 және 8-сыныптардағы физика курсына сүйеніп, жасаған эксперименттің қай бөлігін түсіндіре алатындарыңды ойланыңдар.
№
|
Өлшенетін параметрлер
|
Есептелінетін параметрлер
|
Эксперимент нәтижелері
|
|
s
|
t,с
|
|
|
<
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
Орташа мәндері
|
|
<
|
|
v=
|
Достарыңызбен бөлісу: |